Балабақша: Әуенді – қимылды ойын Қызыл орамал балабақша ойындары

0

Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»
(Әділқазылар алқасына  сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі  қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады.
3- кезең: «Көркем сөз үлгілері»  
Шувакиндер отбасы:  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі — ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын.
2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
    Қазақ тілім — ана тілім, ардағым.
    Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
    Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Юренковтар отбасы:  1.Біздің Отанымыз — ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау — бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар — тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз.
2. Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
   Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
   Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,
   Болашағым, бақытым, дара тілім!
Воробьевтар отбасы:                                                    
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен , асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…
2.Ана тілін бағаласақ қалай біз,
  Өзіміздің сондай болмақ бағымыз
  Ана тілін кім аялай білмесе,
  Анасынан безген ұл!- деп қараңыз.
Өмірғалиевтер отбасы:
  1.Ұлттық бейнең тіл болар,               2. Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
     Ұлттық байлық тіл болар.                   Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
     Тілін ұмыт қалдырған,                         Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,      
      Басқа тілге құл болар                          Болашағым, бақытым, дара тілім!
      Ана тілің біліп қой,
      Бостандығың, теңдігің,
      Ана тілің біліп қой,
      Мақтанышың, елдігің
Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 3- кезеңін бағалағанша, біз ойын ойнаймыз. 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!