Бала тілі — бал балабақшадағы ашық сабақтар

0

Сайыстың тақырыбы: «Бала тілі-бал»
Сайыстың мақсаты:      Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылықтарын            арттыру,сөздік қорын,ой-өрісін дамыту.
Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа үйрету,ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу,топтық жұмыс
Көрнекілігі: Суреттер,гүл макеті
Сайыстың барысы: 1.Ұйымдастыру
Тәрбиеші: -Армысыздар,құрметті ұстаздар мен балалар! Бүгінгі «Еркемай»шағын орталық тобы балаларының арасындағы өткізгелі отырған «Бала тілі-бал»сайысына қош келіпсіздер! Ортада ең ақылды,ең алғыр 3 жасар бүлдіршіндер және мен жүргізуші Бақтыбаева Гүлмира.
-Балалар,жеңіске деген құлшыныстарың мықты ғой?!
-Ия
-Бәрекелді! Олай болса,сайысты біз бастаймыз!Алдымен бүгінгі сайсыта әділ баға берер әділ қазыларды сайлап алайық!
-Енді ортаға ең мықты,ең алғыр балалардан құралған «Балдырған»тобын және «Айгөлек»тобын ортаға ду қол шапалақпен ортаға шақырайық!
-Енді сайыс шарттарымен танысайық:
1-кезең: «Ойлан,тап!» Ертегіні анықтау
2-кезең: «Байқап көр!» жыл мезгілдерінің  табиғат құбылыстарын дұрыс анықтау.
3-кезең: «Кім жылдам?!» Жұмбақтар шешу
4-кезең: «Тапқыр болсаң,тауып көр!» видеожұмбақ шешу
5-кезең: «Ұшқыр ой» геометриялық пішіндерден бейне құрастыру
Тәрбиеші:-Ал енді балалар,қай топ бірінші  ойынды бастайтынын анықтап алайық.Ол үшін менің қолымдағы сақинаны тауып алуымыз керек.
-Балалар,осы уақытқа дейін алған білімдерімізді ортаға салып,саралап,ақылымыздың толғанын,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.Бұл сайыстың бір ерекшелігі екі топта гүл берілген сол гүлге дұрыс жауап берген бала араларды гүлге қондырады. 
Әр баланы суретін көрсете отырып,таныстыру
Топ басшысы таныстырады
1-топ: «Айгөлек»тобы Сайыскерлер:Нұрдана –сурет салганды ұнатады болашақта суретші болсам деп армандайды,Айназ-ән айтқанды жақсы көреді,әнші болсам деп те армандап қояды,Нұрдәулет- үнемі достарына көмектескенді жақсы көреді,2-топ: «Балдырған»тобы Сайыскерлер: Данияр-мүсіндеу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жақсы көреді,өскенде мүсінші болсам деген арманы бар,Аяулым-би билегенде дүние дөңгеленіп кете береді,Шұғыла апасындай биші болғысы келеді,Кенжеғали- Ермахан ағасындай әлемді дүр сілкіндірер былғары қолғап жеңімпазы болуды армандайды
1-кезең: «Ойлан,тап!»тақтада көрсетілген ертегіні анықтау    2-топқа 
2 ертегі жасыру  «Мақта қыз бен мысық» және «Бауырсақ» 
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар! Өз гүлдеріңе араларыңды қондыра қойыңдар!
2-кезең: «Байқап көр!»жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын дұрыс орналастыру   Қыс-қар,көктем-қар еруі,,жаз-күн,күз-жаңбыр
3-кезең: «Кім жылдам?!» Жұмбақтар шешу
1.Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады      (Қар)
2.Өзі сондай нәзік
  Су құйсаң кетеді
 Алақанын жазып    (Гүл)
3.Өзі бір қу
 Жүрген жері айғай-шу     (Түлкі)
4.Асты тас
  Үсті тас
Ортасында піскен ас        (таба нан)
5.Ақ сандығым ашылды
  Ішінен жібек шашылды    (Күн)
Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар! Қане,әр топ өздерінің араларын гүлдеріне қондырсын!
IY кезең: «Тапқыр болсаң,тауып көр!» (видеожұмбақ)
-Балалар,біз осы уақытқа дейін қандай пішіндермен таныстық?
Балалар:-Төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек т.б.
-Ендеше осы пішіндерден екі топ ойласа отырып,белгілі бір бейне құрастыруы қажет.Сонымен қатар,санамақтар айту
1-топқа: Балапан
2-топқа: Шырша
Жүргізуші:-Жарайсыңдар,балалар! Қане,енді гүлдеріңе араны қондыра қойыңдар!
Жүргізуші: -Қазылар орнықтырар әділдікті
                     Кімдердің жауаптары әділ шықты
                     Білім мен тапқырлықтың сайысында
                     Жеңіске жер дейміз нағыз мықты!   
-Сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Қорытындылау

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!