Бала тәрбиесіндегі халық ойындары және ойыншықтар слайд балабақшаға

0

Бала тәрбиесіндегі халық ойындары және ойыншықтар

 

 

Тақырыбы:

Бала тәрбиесіндегі халық ойындары және ойыншықтар.

Орындаған:
Бекин Нұрсұлтан Серікұлы

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді,  дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді: 1. Жалпы ойындар; 2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; 3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 5. Демалыс ойындары; 6. Ат үстіндегі ойындар; 7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады  
 Шарт бойынша ойнаушылар  ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын  көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады: — Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады). — Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды). — Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады). — Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
Дүкен сөрелеріндегі көздің жауын алатын алуан түрлі ойыншықтар балалар түгілі ересектерді де баурап алатыны сөзсіз. Оның бағасына да, сапасына да қарамастан бірден бүлдіршіндерімізге сатып алып береміз. Бұл дұрыс емес дейді психологтар. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрал ретінде қарау керек.
Ойыншық баланың көңілін көтеріп қана қоймайды. Сондай-ақ оның сана-сезімін сергітуге көмектеседі. Алайда үлкендер ойыншыққа ойыншық қой деп немқұрайлылық танытады. Тіпті көп жағдайда немен ойнау керектігіне де мән бермейді. Сонымен бірге ойыншықты баланы алдау мен көңілін жұбату үшін ғана пайдаланады.

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!