Бәйтерек табыстау салтанаты — Сценарилер — Bilim

0

Бәйтерек табыстау салтанаты

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауыл

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Абенова Сауле Ергабыловна 

 

«Үздіктер шеруі- 2016»

«Бәйтерек — үздіктер символы»

Музыка

1- жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сіздер біраз минуттан кейін «Бәйтерек — үздіктер символы» атты үздіктерді марапаттау рәсімінің куәсі боласыздар.

2- жүргізуші: Уважаемые зрители! Через несколько минут вы станете свидетелями церемонии награждения отличников знаком «Бәйтерек- символ отличников».

1- жүргізуші: Сіздердің қошеметтеріңізбен, үздіктеріміз қызыл кілем үстінде бүгінгі марапаттауға әбден лайық!

2- жүргізуші: Так давайте же поприветсвуем и окажем честь бурными аплодисментами наших оличников учебы которые пройдут  по красной дорожке!

2- жүргізуші: Ең алғашқы оқыған әдеби кітабыңды атасаңдар?

1-жүргізуші: Ең алғашқы марапатытарың естеріңде ме? Насколько важна помощь родителей в подготовке домашних заданий?

2-жүргізуші: Болашақ мақсаттарың қандай?

1-жүргізуші: Нешенші жыл «Үздіктер шеруінің қатысушысыңдар?»

2-жүргізуші: Қандай мамандық иесі болғанды армандайсыңдар?

1-жүргізуші: Алысқа жетелейтін армандарың не?

2-жүргізуші: Үздік болу қиын ба?

1-жүргізуші: Мінекей қадірменді көрермендер, барлық үздіктеріміз қызыл кілем үстімен жүріп орындарына жайғасты.

2-жүргізуші: Үздіктерімізді құттықтап және оларға сыйлықтарымызды табыс ету үшін марапаттау рәсімін сахна төрінде жалғастырсақ.

«Үздіктер шеруі- 2016»

«Бәйтерек — үздіктер символы»

Сахнада 10 «А» сынып оқушыларыңын орындауында «Батырлар» биі

1- жүргізуші: Хас жүйріктер, нар жүректілер, біліктілер!

2- жүргізуші: Тегеурінді қайсарлар, ел намысын ту қылар, нағыз білімділер ғана лайықты дүбірлі мәре- ол «Бәйтерек- үздіктер символы». Ол бүгін ,біз үшін- үздіктердің  тұғыры.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті әлеумет! Дәстүрлі мереке Үздіктерді марапаттау рәсіміне қош келдіңіздер!!!

2- жүргізуші: Дорогие гости, свидетели нашего торжества! Среди нас сидят почетные учащиеся, которые заслуживают всех наград и почестей.

1- жүргізуші: Бүгін сахнамыздың төрінде мектебіміздің мақтаныштары, еліміздің үкілеген үміттеріне «Бәйтерек- үздіктер символы» мүсіні табыс етіледі.

1- жүргізуші: «Бәйтерек» болашақтың гүлденуіне жол ашатын мықты тұғыр. Бұл теректің басы  аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Бәйтерек мазмұны бірде зәулім ағашты көзге елестетсе, екіншісінде мықты , зор күшті, үшіншісінде ғарыш пен жер арасындағы байланысты бейнелейді. Сондай ақ, ол тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды да білдіреді. Бүгінгі біздің үздіктеріміз үшін,  бәйтеректі үздіктердің символы ретінде  алдық.

 2- жүргізуші: «Байтерек» означает молодое, крепкое, растущее дерево, символизирует собой государство, сохранившее свои исторические корни, имеющее прочную опору и устремленность к будущему процветанию. Байтерек— монумент в столице нашей страны, одна из основных достопримечательностей города. По этой причине мы награждаем наших отличников знаком «Бәйтерек».

2- жүргізуші: Сахна төріне үздіктерді құттықтау үшін мектеп директоры Тулегенова Гульжан Тулегеновнаны шақырамыз.

(мектеп директоры)

1- жүргізуші: Міне, көптен күткен сәт!  «Бәйтерек — үздіктер символымен» мектеп үздіктерін марапаттау және  ата- аналарға  алғыс хатты табыс ету уақыты да келіп жетті.

2- жүргізуші: Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын дамытады, қоғамды ілгері бастырады. Олай болса, бүгінгі дарынды бала, ертеңгі тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын білімді де, білікті азамат. Бүгінгі дарын иесі — ертеңгі егеменді еліміздің тірегі .

1- жүргізуші:   Қазір «Жас дарын» номинациясының үміткерлерімен танысайық, олар: Есенбайқызы Алтынай, Нұрмағамбетова Ақбота, Жиенханова Айым, Бейғанова Үміт, Кәдірханова Зарина, Рамильқызы Нелли.

2- жүргізуші: Ендеше, «Жас дарын» номинациясының иегерлерін анықтау үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тобулова Шәрбат Макмановнаға беріледі.

(Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шығады)

1-жүргізуші:  Нұрмағамбетова Ақбота, Жиенханова Айым, Кәдірханова Зарина сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып, оқушылардың бірі сөз сөйлейді, Ш.М.Тобулова номинация иегерлерін мадақтап сөз сөйлейді)

2-жүргізуші: «Жас дарын» номинациясы иегерлерінің ата- аналарын сахнаға шақырамыз.

(ата- аналар сахынаға шығады, ата- аналарға алғыс хат беріледі).

1- жүргізуші: «Жас дарын»  номинациясы  иегерлеріне тағы бір рет ду қол шапалақтап, қошеметтеп қояйық.

2- жүргізуші: «Талапты жұлдыз» номинациясының үміткерлеріне назар аударайық, олар: Советова Тахмина, Нұрмағамбетова Ақбота, Кәдірханова Зарина, Есенбайқызы Алтынай, Муратова Индира, Арқабекова Жарқын, Рамазанов Әділет.

1- жүргізуші: Талапты оқушының алдында айқын мақсаты бар, болашақты жоспарлай білетін , қойған мақсатқа қол жеткізуге ұмтылатын жеткіншек.

2- жүргізуші: Олай болса «Талапты жұлдыз» номинациясының биігін бағындырған оқушыларымызды анықтау үшін ортаға мектеп директорының әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Сулейменова Алем Калелхановнаны  шақырамыз.

(Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шақырылады)

1-жүргізуші:  Советова Тахмина, Есенбайқызы Алтынай, Муратова Индира, Арқабекова Жарқын сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып,оқушылардың бірі сөз сөйлейді)

2-жүргізуші: «Талапты жұлдыз» номинациясы иегерлерінің ата-аналарын сахнаға шақырамыз.

А.К.Сулейменова номинация иегерлері ата-аналарына алғыс хат береді.)

1- жүргізуші: Құрметті көрермендер келесі номинация «Креативті ой», бұл номинацияның үміткерлеріне назар аударайық, олар: Айдынқызы Айша, Еспулатова Назгүл, Дәүітқанова Нұрай, Нұрлыбекова Алуа, Дәуітқанова Шырай, Бейғанова Үміт.

2- жүргізуші: Креативті ой- өзгеше, шығармашыл тұрғыда ойлау, басқалардың ойларымен үйлеспейтін және үнемі жаңашылдықты қалайтын адамға қатысты пайдаланылатын ұғым.

1- жүргізуші: Ендеше, «Креативті ой» номинациясы кімдерге бұйырады екен? Бұл номинацияны табыстау құрметі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жағабаева Гулсім Алтаевнанаға беріледі. (Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шақырылады)

2-жүргізуші:  Айдынқызы Айша, Дәуітқанова Нұрай, Бейғанова Үміт сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып, оқушылардың бірі сөз сөйлейді)

1-жүргізуші: «Креативті ой» номинациясы иегерлерінің ата- аналарын сахнаға шақырамыз.

(Г.А.Жағабаева номинация иегерлерінің ата- аналарына алғыс хат береді.)

1- жүргізуші: Алдарыңызда 10 «А» сынып ұлдарының қойылымы, назар аударыңыздар. (ұлдар көрініс қояды)

2- жүргізуші: Кұрметті көрермендер келесі номинация: «Жас зерттеуші», бұл номинация үміткерлері: Нұрлыбекова Алуа, Сиғатпаева Амина, Челышева Рената, Советова Тахмина, Уалханова Мөлдір, Рамильқызы Нелли.

1-жүргізуші: Қазіргі заман талабы- іздену, жаңаны тану, түсіну, игеру, өзін- өзі жетілдіру. Олай болса арамызда зерттеушілікпен айналысатын, тынбай еңбектеніп, жаңалық ашуға ұмтылатын оқушылар кімдер екен?

2- жүргізуші: Бұл сұрақтын жауабын анықтауға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толежанова Ольга Викторовна шақырылады.

(Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шақырылады.)

2-жүргізуші:  Нұрлыбекова Алуа, Уалханова Мөлдір, Челышева Рената, Рамильқызы Нелли сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып,оқушылардың бірі сөз сөйлейді)

1-жүргізуші: «Жас зерттеуші» номинациясы иегерлерінің ата- аналарын сахнаға шақырамыз.

(О.В.Толежанова номинация иегерлерінің ата- аналарына алғыс хат береді.)

1- жүргізуші: Келесі анықтайтынымыз «Генератор идей» номинациясының иегерлері. Бұл номинация үміткерлері кімдер екен? Олар: Дәуітханова Шырай, Челышева Рената, Еспулатова Назгул, Рахметчанова Наргиз, Дәуітханова Нұрай, Муратова Индира

2- жүргізуші: Генератор идей — качество личности, характеризующееся как способность и умение человека, обобщая и интегрируя чужие идеи,вырабатывать свои, оригинальные. Итак, кто же станет обладателем этой номинации?

1- жүргізуші: Бұл номинация иегерлерін анықтау үшін сахнаға жаратылыстану- математика пәндер бірлестігінің жетекшісі Мергазина Анар Ерлановна шақырылады.

(Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шақырылады)

2-жүргізуші: Дәуітханова Шырай, Еспулатова Назгул, Рахметчанова Наргиз сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып, оқушылардың бірі сөз сөйлейді)

1-жүргізуші: «Генератор идей» номинациясы иегерлерінің ата- аналарын сахнаға шақырамыз. (А.Е.Мергазина номинация иегерлері ата- аналарына алғыс хат береді.)

1- жүргізуші: Следующая номинация «Олимпийский резерв» их обладателями могут быть следующие активисты: Котельникова Анастасия, Уалханова Мөлдір, Айдынқызы Айша, Сиғатпаева Амина, Рамазан Әділет, Дәуітханова Шырай.

2- жүргізуші: Олимпийский резерв- это запас знаний учеников в случаи надобности.

 Источник, откуда черпаются новые знания, умения и навыки учеников. Так давай те выясним,  кто же стал обладателем номинации «Олимпийский резерв».

1- жүргізуші: Бұл номинация иегерлерін анықтау құрметі қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Даулетханова Самал Жанузаковнаға беріледі.

(Конверттен номинация иегерлері анықталып, сахна төріне шақырылады,

2-Жүргізуші:  Котельникова Анастасия, Сиғатпаева Амина, Рамазан Әділет сахна төріне келіңіздер. (оқушыларға «Бәйтерек» пен грамота табысталып, оқушылардың бірі сөз сөйлейді)

1-Жүргізуші: «Олимпиский резерв» номинациясы иегерлерінің ата- аналарын сахнаға шақырамыз.

(С.Ж.Даулетханова номинация иегерлері ата-аналарына алғыс хат береді)

2- жүргізуші: Сөз ата-анаға беріледі

1- жүргізуші:

Алтын күннің астында

Желбірейді туымыз

Қазақ деген халықтың

Ұлы менен қызымыз

Қанаттарың талмасын,

Бақ дәулетке айналсын,

Үздіктеріміз биіктеп,

Бәйтерекке айналсын.

1- жүргізуші: Ендеше, барлық үздіктерімізді, бүгінгі номинация иегерлерін ата- аналарымен бірге сахнаға шақырамыз.

2- жүргізуші: Сіздерді құрметтеріңізге 6 «Б» сынып оқушысы Советова Тахминаның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

1- жүргізуші: Құрметті кеш иегерлері, келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

2- жүргізуші: До новых встреч, уважаемые гости, участники торжества!