Байланыс қызметі балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Байланыс қызметі
Мақсаты: 1.Байланыс қызметі түрлерімен таныстыру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар адамдар бір-бірімен байланысқа шығу үшін не керек?
-Дұрыс бүгін қандай байланыс қызметтері бар соны өтеміз.
V Жаңа сабақ
Балаларды жақын жерде орналасқан байланыс қызметінің мекемесіне апарып,олардың түрлерімен мамандық иелері аттарымен таныстыру.Байланысшы,хат тасушы,телегромма қабылдаушы т.б.
Сабақ барысында тәрбиеші балаларды қосымша телефон-телеграф,радио,почта т.б. байланыс түрлерімен таныстыру.Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет екендігі туралы айтады.Сабақта алған білімдерін бекіту мақсатымен балаларға мазмұнды ойын ойнату «Почташы».Ойын барысында балаларды үлкендермен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
«Телефон» Ө.Ақыпбеков
Әй,телефон,телефон
Мамам келіп бұраса
Кім керегін сұраса.
Тез шақырып келесі,
Айтқанына көнесің.
Әй,телефон,телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің,мұның не?
Сергіту сәті: Бойымызды ұзартып
Биікке қол созамыз
Бармақ басын қозғалтып
Беске жазу жазамыз
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Телефонмен сөйлесу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
— Адамдар бір-бірімен байланысқа шығу үшін не керек?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!