Баяндама: Ұлттық ойындардың бала дене бітімін дамытудағы ролі
сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің
жан – жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түсуге жол ашады. Ұлттық – қимыл
ойындарының қай – қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті
мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Биылғы мемлекет басшысының «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында да дене тәрбиесі мен спортты дамытуға ерекше
назар аударылған.Осыған байланысты көп жерлерде спорт клубтары мен фитнес
орталықтары ашылуда.Олардың ішінде ұлттық ойындарға арналғандары да бар.Әсіресе
,соңғы кезде елімізде «Көкпар» ойынының дәрежесі артып келеді. Ойынға тек ойын деп
қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша
тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін, заманымыздың
заңғар жазушысы, ұлы ойшылдардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір
пікірін еске ала кетейік: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері
қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың
көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналы болған»
Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің
бірі – Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында
Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп,
көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихына, қалыптасу дәуірлеріне де
болжам айтқан.
Дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс
жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар
«Бала ойынмен өседі» деген өмірлік қорытында жасап, осы тәжірибелік қорытындыны
өздерінің бала тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы арқауы етті. Бала ойынды
тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек бола берсе, ол баланың денсаулығы ата – аналарын
мазасыздандыратын болады. Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың
ойыны да сондай қажет нәрсе ретінде қабылданған. Медицина ғылымы тарамаған,
дәрігерлік мекемелері жоқ елде баланың денсаулығын бақылайтын, анықтайтын,
қарапайым құралдардың бірі ойын болғанын айта кету жөн. Ойын әрі білімділік, тәрбиелік
құрал ретінде, әрі бала денсаулығын байқайтын дәрігерлік диагностика ретінде де
қолданылған. Бала ойынының маңызына тоқтай келіп, Н. К. Крупская мынаны ескерткен
болатын: «Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс
педагогикалық ықпалға түскені».
Спорт адамның өмірге қызығушылығын арттырады. «Спорт – еңбек, спорт – өмір, ал
өмір – қозғалыс» дап ағылшын ғалымы Д. Энкер тегін айтпаған.
Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді жан – жақты дамуына жеңіл атлетикаға
байланысты ұлттық ойындардың әсері мол. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы
демалыс орындарында көп қолданылатын ұлттық ойын түрлері жеңіл атлетикаға
негізделген. Жеңіл атлетикалық түрге ұлттық және президенттік сынамалар жатады.
Ұлттық ойын жаттығулары негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді және дененің
функционалдық қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар моральдық ерік жігерге,
қиындықты жеңуге, ұйымшылдаққа тәрбиелейді. Ұлттық спортпен шұғылданған
адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.
Ұлттық ойын техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің
көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсіну қажет. Қандай да болмасын ойынды
үйрену үшін біріншіден, алдын ала жаттығулар жасап алу керек.
Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуы мен бір мезгілде
қозғалыс дағдыларының баянды етіліп, жетілдірілуінде жатыр. Ойындарды күнделікті іс
жүзінде пайдалану ұлттық ойындарда түрліше қозғалыстар бар екендігін, өсіп келе жатқан
ағзаға жағымды әсер ететінін барлық ет топтарының жұмысқа қосылатындығын
көрсетеді.
Адам өсіп жетілуі үшін, тұрмыс тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде
қимыл-қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие. Сабақта және дербес жаттыққанда қозғалыс
ойындарын, оның ішінде ұлттық халықтық ойындары қолдану арнайы үйрену міндеттерін
шешуге көмектеседі.
Лагерлерде, саяхат кезінде, жорықтарда «Далалықта өткізілетін ойындар» деп
аталатын ойындардың маңызы өте зор. Мысалы, «Қашақ», «Ақ серек,көк серек»,т.б.Бұл
қозғалыс ойындары әр түрлі табиғи кедергілерден өту, күш сынасу әрекеттері мен қатар,
байқау және бағдарлау жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда
табиғатпен тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейілінше дұрыс
және дәйекті түрде қолдануға, шеберлікті, қабілеттілікті үйрене білуге дағдыланады.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті,
тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т. б. мінез құлықтың ерекшеліктерімен
бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне
негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып – ақ оған күн үлгері көп адамдардың тер
төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге
қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін
жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн
сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн
ілгері осы сынақтарға қатысады (атқа ауыр болмау үшін оған мініп шабатын баланың
жасы 11 – 12 –ден аспауы керек). Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші
тағайындалады. Бәйгеге қосылатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде
ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуы да мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн
бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы-қасында болған бала, осы өнердің
сырларын жете біліп, үлен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан
қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана емес, ол – спорт, ол – өнер,
ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Ұлттық ойын дегеніміз баланың өсіп жетілуіне, денсаулығын нығайтуына, тіршілік
үшін маңызды қимыл әрекеттерін меңгеруіне, ой және дене еңбегімен айналысуына, еңбек
етуге дайындалуға жәрдемдесетін жетілдіруші күш болып табылады. Сонымен қатар
табандылық, жігерлілік, мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттердің де дамуына
жәрдемдеседі. Ұлттық ойынның мәні негізгі үш жағдайға саяды. Біріншіден, бұл әр түрлі
бұлшық ет, буын және сіңірлерге арналған ойындар, мұның өзі олардың қызметінің,
сондай ақ үйлесімділігінің жақсы дамуына жәрдемдеседі. Мысалы: «Арқан тартыс»,
«Жаяу көкпар», «Қол күрес», «Аударыспақ» т.б. осы ойындарды ойнату кезінде
балалардың бұлшықет, буын, сіңірлері жақсы дамиды. Екіншіден, қозғалысты қамтамасыз
ететін тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелеріне, зат және энергия алмасуына әсер ететін
ойындар. Олар «Ұшты-ұшты», «Шортан мен шабақтар», «Үлек пен тайлақ», «Тенге алу»
т.б. Үшіншіден, неше түрлі ойындарды белгілі мөлшерде ұдайы орындап отыру, оларды
дұрыс және алдын- ала белгіленген көлемде орындауға тырысу және орындау қабілетін
дамыту қозғалысты реттеу процестерін жетілдіру мен қоса, табандылық, жігерлілік,
мақсаттылық, батылдық, өзін-өзі ұстай, бағалай және бақылай білу, белгілі мінез-құлық
ережелерін қатаң сақтау қажеттігі сияқты маңызды қасиеттерінің қалыптасуына
көмектеседі.
Денені дамытуға арналған ойындар адамның мақсатқа жету жолындағы табандылық,
қайсарлық сияқты маңызды қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі; бұл ойындардың
оңды нәтижелері балалардың психикалық күйіне тікелей және қолайлы әсер етеді.
Сонымен қоса Мұндай ойындар олардың артық күш – қуатын пайдалы қолданудың
маңызды әдісі болып табылады.
Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асық ойындары
алдымен адамның нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа дәлдікке, тұрақтылыққа,
тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына, т.б. тәрбиелейді. Мысалы: «Тас қала», «Омпы»,
«Бестас», «Үйіртпекіл», «Алшы» т.б.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне
ұштаса береді. В. А. Сухомлинскидің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты
дамуы да жоқ және болуы жа мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін
қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты» Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін,
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой
жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.