Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту

0

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының 
қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті
ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни
тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді
көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
— алдын-ала сенімділік туғызу;
— білімдерін бір-біріне жеткізу;
— бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
— Мен не білемін?
— Мен жаңаша нені білдім?
— Менің білімім қалай өзгерді?
— Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені
келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан
тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы
білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез — келген жаңа идеяны
сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың
негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз
ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс — әрекетіңе лайықты кіріктіру,
талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз
мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсатым – бастауыш сынып оқушыларын кез — келген мазмұнға
сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Зерттеу нысаным: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық,
ұжымдық.
жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын
зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту
бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді, және
жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын
тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері
болуы шарт:
— жоспарлауға дайын болуы;
— бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
— қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
— жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
— ымыралы келісімді іздеуі;
— коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
— сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
— оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
— әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
— оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
— әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
— оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
І фазасы-қызығушылықты ояту 
Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа
ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын
анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына
тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінің еске
түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Осы
кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау»,
«Болжау», Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған.
ІІ-мағынаны ажыратуда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып
бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс
жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып
бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі
INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V-
«білемін»,- — «мен үшін түсініксіз»,+ — «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң
қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығаның
түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну-
күрделі жұмыс.Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан
түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 
Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп
сұрауға әзірленеді. 
Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға
беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз

сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой
алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында
басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы – ойды
қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді
тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін
жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың
ерекшелігіне ,ауыр –жеңілдігіне лайықтыла қолданылады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!