Баяндама: «Психикалық дамуы тежелудің түрлері»

0
444







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Баяндама: «Психикалық дамуы тежелудің түрлері»

Автор: Гайсина Гүлназ Айдарқызы

Бағыты: Логопед, дефектолог Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Баяндама «Психикалық дамуы тежелудің түрлері»-дефектолог




Психикалық дамуы тежелген балалардың  ақыл-ойын дамыту жұмыстары        Соңғы мәліметімізге қарағанда, біздің елімізде 42,2 мың ерекше білімді қажет ететін  балалар бар екен. Педагогтар мен дефектологтардың   пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, ерекше білімді қажет ететін балалар  отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу  және оларды шешеуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.Соның ішінде психикалық дамуы тежелген балалар көп. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз — оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Органикалық инфантилизм термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегеттің енгізуімен ХІХ ғ. аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс. Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалар ересектермен ара қатынас нормасын сақтамайды, мінезі ожар, адамды мезі қылады, ересектермен танысу процесінде оны жансыз зат ретінде есептейді. Олар құрбыларымен ұзақ, терең қарым-қатынас жасайды. Мұндай балалар сабақтың жұмыс ырғағына әрең ілеседі. Бала секіруі, сыныпта жүруі, сөйлесуі, сабақ тақырыбына қатысы жоқ сұрақтар қоюы мүмкін. Әбден шаршаған балалардың кейбіреуі сылбыр, енжар болып, жұмыс істегісі келмесе, енді біреулері мазасыз, қозғыш болуы мүмкін. Мұндай балалар өте өкпешіл, қызба келеді, қатты сөз айтып, жолдасын ренжітіп алуы мүмкін. Мұндай балалардың ойлау әрекеті ықтиярсыз есте сақтаудың жеткілікіз нәтижелілігімен, ықтиярлы есте сақтау, тұрақтылығының төмендеуімен сипатталады. Психикалық дамуы тежелген балаларда сөйлеудің жетілмеуі де байқалады, мұны дыбысты дұрыс айта алмауынан, сөздің жұтаңдығынан, сөздің жеткіліксіз ажыратылуынан,логика-грамматикалық конструкцияларды игеру қиындығынан көре аламыз. Баланың сөз жасау кезеңі ол нормаға сай аяқталған кезде басталады. Ауыз екі сөйлеу сырттай сәтті көрінгенімен көбінесе сөйлеудің күрделілігі, ойдың оралымсыздығы байқалады. Мұндай балалардың қарым-қатынас жасау мұқтаждығы төмен.Психикалық дамуы тежелген балаларды бақылай отырып, олар өз бетінше атқаратын жұмыстар мен үлкендердің көмегінің арқасында атқаратын жұмыстардың арасында үлкен алшақтық болатынын көрдік. Үлкендердің көмегімен қабылдауға қабілеттілік, әрекет: принципін меңгеріп, оны ұқсас тапсырмаларды орындауға қолдану мұндай балаларды ақыл-ой кеміс балалардан ерекшелендіреді, олардың психикалық дамуының зор мүмкіндіктері бар, коррекциялық шараларды ұйымдастыруда осыны негіз етіп сүйенуге болады.Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:сабақ процесіне жай қосылады;оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;оқуы мен жазуы жай;оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;есептер шығарған кезде қателер жібереді;тез шаршағыш;сыныптстарымен аз араласады;өз ойын анық айта алмайды.Баладағы жас кезіндегі ауытқуды анасы ғана байқауы мүмкін. Ол бірінші рет баласының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді көреді. Күмән туған кезде міндетті түрде бала дәрігеріне немесе психологқа жолығу керек. Егер психикалық дамудың тежелгені анықталса, отбасының, әсірсе анасының міндетібалаға осы жағдайдан шығуға көмектесу, кемістікті барынша түзеуге күш салу.Тапсырманы орындауда мұндай балаларға үлкендердің көмегі қажет екенін естен шығармау керек, мұндай көмекті дер кезінде көрсеткені жөн. Егер ата-аналар мұндай көмекті көрсете алмаса, баланы тиісті көмек көрсететін арнайы мекемелерге орналастырған дұрыс болады.Психикалық дамудың тежелуін мектеп жасына дейінгі кезеңде үнемі танып білуге болмайды, оны әсіресе мектепке барардың алдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болады. Психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептерде оқи береді, бірақ мұғалім мұндай балалардың ерекшелігін біліп, жеке қарым-қатынас жасап, оған көмектесуі тиіс. Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы мектептерде окып, балабақшалар жанындағы арнайы топтарға барғаны жөн. Бұлар үшін жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптары ұйымдастырылған. Арнайы мектептердің құрылымы бәрінен бұрын осы балалардың ерекшелігін ескереді. Егер бала бірден арнайы мектеп табалдырығын аттаса, оны дайындық (нольдік) сыныпқа қабылдайды, бастауыш мектептің бағдарламасын ол 4 жылда өтеді. Егер бала жалпы білім беру мектебінен ауысса, бәрібір бастауыш мектепте 4 жыл оқиды, содан кейін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасы бойынша оқиды. Бастауыш сыныптың балалары үшін міндетті түрде күндізгі ұйқы қажет. Мектептерде кешенді емдік-тәрбие, санитарлық-гигиеналық, алдын-алу жұмыстары іске асырылуы тиіс. Психикалық дамудағы кемшіліктерді түзету және алдыңғы оқудағы қиындықтардың орнын толтыру үшін арнайы мектептерге күннің екінші жартысында түзету сабақтары өткізіледі.Бастауыш мектепті бітірген соң педагогикалық, кеңес дәрігердің қатысуымен баланың оқуды алдағы уақытта жалғастыруы мәселесін шешеді. Бастауыш мектепті сәтті аяқтағандар жалпы білім беру мектебіне ауысады. Психикалық дамудың тежелуінің ауыр формасы бар барлар оқуды арнайы мектептерде жалғастырады. Толық емес орта мектепті бітіргендер оқуды жалғастыра алады.

Балалардың ойлауын төмендегідей тапсырмалар беріп дамытуға болады:

  • «Анаграмманы шеш!» жаттығуы

Сөздегі әріптердің орны ауыстырылады. Жеңілінен бастауға болады. Арнайы балаларға тапсырма  жеңілдетіп беріледі. Мысалы, жемістер, көкөністер т.б. тақырыппен беріледі.

  • «Қолдану» жаттығуы.

Балаларға таныс нәрсе көрсетіледі. Олар бұл нәрсені түрлі тәсілдермен қайда қолдануға болатынын табады. Мысалы: «Кірпіш тас», «Газет»,  т.б.

  • «Белгісін тап» жаттығуы.

Балаларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма – тәтті, сиырсүтті, түнқараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш  белгісін таптыруға болады.

  • «Артығын шығар!» жаттығуы.

Суреттерді көре отырып, мағынасына қарай, топтап, артығын шығарады. Бұл жаттығуды сөздер арқылы беруге болады.

  • «Ортақ белгісін тап!» жаттығуы.

Балаларға бірдей қызметі бар, пішіндері бөлек, пішіндері бірдейерекшеліктері басқа түрлі суреттер  көрсетіледіМысалы: ұшақкөбелек, сиыр-жылқы, т.б. Бұл жаттығуды екі ұғымды есту арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын таптыруға болады. Мысалыкүн-түн, жас адамкәрі адам т.б.

  • «Тізбекті жалғастыр» жаттығуы.

Балаларға түрлі пішіндер көрсетіледі. Онда пішіндер  белгілі бір кезекпен қойылған. Балалар әрі қарай тізбекті жалғастырады.

  • «Бос  торкөзге орналастыр» жаттығуы.

Бос торкөздерге пішіндердің қайсысын орналастырар едің? Дөңгелекті ме, шаршы ма, әлде үшбұрышты ма? 8. «Қарама-қарсы мағынасын тап!» әдісі.1.Жуан –2.Биік –3.Тар –4.Кішкентай –5.Салқын –6.Ұзын –7. Ақ –8. Ашық –9. Қою –10. Өткір – 11. Ашық –12. Жоғары –Балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін мынадай тапсырмалар беруге болады.   Ерекше білімді қажет ететін балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде жазалайды. Мұндай  отбасылардың балалары іштей күйзеліске түседі. Ата-аналардың сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интеллектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап, еркелетеді, кез-келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы болып келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Сондықтан да әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.      

Психихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген балалардың ақыл-ойын дамыту жұмыстары(«Жадыра» балабақшасындағы ата –аналар жиналысы)

Дайындаған: дефектолог-мұғалімі Гайсина Гүлназ Айдарқызы

2017 жыл







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.