Баяндама: Проблемалық ситуация негізінде оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау
жөнінде нақты міндет қойды.
Әлемдік білім беру кеңістігінде тұлғаның функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру басты назарда. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін
білімдену үдерісінде өзгерістер баршылық. Білім берудегі өзгеріс- бұл
әлемдік құбылыс .Оның мәні-адам баласының өмірлік бағдарын өзгерту
қажеттігінде ,тұлғаның қоғамдағы және әлемдегі өз орнын таба алуында.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың
іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі –
тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне
т.б.).
Әдеби материалдарды меңгеруде мотивация болатын инновациялық әдіс-
тәсілдер мен технологиялар баршылық. Мектепте әдебиетті оқытудың мән-
маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір
қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар.
Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса ,
талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы
арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды,
қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің
бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Соның ішінде көркем шығармаларды оқуға деген құлшынысты
тудыратын тәсілдің бірі-проблемалық ситуация.Сондықтан қазақ әдебиеті
пәнін оқытуда проблемалық ситуацияны қолдана отырып , көркем
шығармаларды оқуға деген ынтасын арттыру басты мәселе болып отыр.
Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін
оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-
əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында
оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері,
танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да
тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин,
М.И.Махмудов жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы
білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды,
оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады.
Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өздігінен олардың
шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның
шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді,
нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемалық ситуация — оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін,
ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру
негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі.
Қазақ әдебиетінің оқу бағдарламасындағы 11-сыныпта М.Әуезовтың «Абай
жолы» роман-эпопеясын алатын болсақ, оқушының аталмыш шығарманы
өздігімен оқуы үшін мұғалім арнайы проблемалық тапсырмалар әзірлеуі
қажет.Мысал ретінде төмендегідей сұрақтар мен тасырмалар құрастыруға
болады.
1/ Абайдың Тоғжанды алғаш кездестіргендегісі қалай суреттелген?
2/ Абайдыңөмірлік махаббаты Тоғжанға деген шынайы сезімінің эпопея
бойында өрілуі?
Көрсетілген сұрақтар проблемалық ситуацияға дайындық ретінде
ұсынылады.
Оқушыларға эпопеядағы Абайдың махаббат сезімінің шынайлылығын қалай
анықтауға болатындығы жөнінде проблемалық ситуация туғызатын
тапсырмалар беріледі.
І топ тапсырмасы.
Абай мен Тоғжан арасындағы шынайы махаббат, сезім толқындары қалай
көрсетілгенін анықтаңыз.
/ Абай монологы, монологты оқу барысында сәйкестендірілген әуеннің
ойнауы, Тоғжан суреті, атақты суретшілердің салған Тоғжан портретін АКТ
көрсету арқылы салыстыру, сурет салу/
ІІ топ тапсырмасы.
«Сап, сап, көңілім, сап» өлеңінің тууына «Абай жолы» эпопеясында негіз
болған оқиғаны тауып, Абайдың ішкі сезімінің психологиялық жағдайын
мәтінге түсіріп, өлеңді талдау барысында лирикалық қаһарманның
адамзаттық құндылықтарын ашып көрсет./ өлеңді қолдануға болады/
ІІІ топ тапсырмасы. Өмірлік махаббаты Тоғжанмен кездейсоқ кездесуін
сахналық қойылым ретінде көрсету.
/ алдымен сценариін жазу, атрибудтар дайындау, эпизодтарға ремарка
жасаудың өзі оқушылардан көп ізденуді талап ететін тапсырма./
ІҮ топ тапсырмасы. Абай мен Тоғжан хаты. Топ оқушыларына көп жылдар
кездеспей кеткен Абай мен Тоғжанның хат жазулары ұсынылады.Ұлдар-
Абай. Қыздар -Тоғжан болып хат жазады. Мұндай жұмыстар оқушының
тілдік құзыреттілігін жетілдіреді.
Қорыта келгенде бұл тапсырмалар оқушыға оқу әрекеттеріне кірісуімен
өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері
мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдеседі.
И.Кант “Оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік
көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға
үйрету керек” екендігін дәлелдеген болатын.Сондықтан қазіргі педогогикада
жиі айтылатын әдістің бірі-синергетика.
Синергетика- тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруының жалпы
теориясы.Себебі: «Ол- материяның барлық құрылымдық деңгейінде
әрекеттендірілетін жалпы ұстанымдарды қалыптастырады.»
Ш. Таубаеваның зерттеулерінде білім берудің мақсаттары мен құрылымы
оқыту мазмұнының жаңа парадигмасын таңдау ақпарат алмасудың
интецификациясы ретінде оқытудың жаңа технологиялары туралы :
«Педогогикалық басқарудың синергетикалық мәнісі –педагогикада
қолданылатын жүйелі, функционалды әдістердің дамуы ретінде алынған».
Егер ЮНЕСКО-ның зерттеулерінде ,талдауларында әр индивидумның
мектепте тиімді жұмыс істеуі үшін төмендегі дағды мен біліктіліктерді
меңгерту керек болса:
1. Бастамашылық.
2. Әрекеттестік
3. Ұжымдағы жұмыс
4. Өзара оқыту
5. Бағалау
6. Коммуникация.
7. Логикалық ойлау күші
8. Проблемаларды шешу
9. Шешім қабылдау
10. Ақпаратты алу және пайдалану
11. Жоспарлау
12. Білім ала білу
13. Көп мәдениеттілік дағдылары.
Осы айтылған білім,білік дағдылар проблемалық ситуацияларды шешуде
жүзеге асады.Көркем әдебиетті оқуды машығына айналдырған оқушы-
ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді
жігерлендіретін ,функционалдық сауаттылығы қалыптасқан тұлға болары
сөзсіз.