Баяндама «Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Баяндама «Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру»

Автор: Батесова Алмана Еркиновна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-22


Материал туралы қысқаша түсінік

Бала бақша педагогтеріне арналған,Өзін өзі тану мұғалімдеріне




Баяндама«Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру» (өз іс тәжірбиемнен) Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынасы (тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағидаРухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен іс – әрекетін анықтайды.Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс — әрекет, түрлі ойындар арқылы беріледі..Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.2017 – 2018 оқу жылында ересек қазақ рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Мейірімді жүрек», «Өз өзімді сүйемін» , «Адамгершілік тәрбиенің негізі» атты тақырыпта ашық оқу қызметтерін өткіздім. Менің мақсатым Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Адамдық асыл – қасиеттерге тәрбиелеу болды..Оқу қызметі барысында барысында балалар Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.  Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ болу керек екенін білді.«Болады – болмайды» ойын – тренингін өткіздім.Балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттім. Мақал–мәтел,тақпақтарооәңгімелеуаарқылы балалардыңаОтансүйгіштікаруханиааадамгершілік қасиеттері кеңейе түсті. Жас ұрпақтарымыздың бойынан рухани-адамгершілік қасиеттердің табылуына ықпал ету кез келген педагогтың бірден бір парызы.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.