Баяндама: Инновацияның жүйелі қызметінің бір түрі — пәнаралық байланыс арқылы оқыту » ZHARAR | баяндама Инновацияның жүйелі қызметінің бір түрі — пәнаралық байланыс арқылы оқыту туралы доклад казакша на казахском, доклад Инновацияның жүйелі қызметінің бір түрі — пәнаралық байланыс арқылы оқыту на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Инновацияның жүйелі қызметінің бір түрі

0

Инновация деген ХІХ ғасырдың ортасында мәдениеттануға арналған зерттеулерде пайда болды да белгілі бір халықтың мәдениетінің кейбір элементтерін алу,оны енгізу деген ұғымды білдіреді. Инноватика – жаңа ілім дегенді білдіреді. Жаңа ілімнің қалыптасуына түрткі болған жағдаяттардың бірі әр түрлі фирмалардың қызметіне жаңа үрдіс енгізу, оны дамыту және т.б. қажеттіліктерден туды.
Инновация – пәнаралық ретінде философия,психология,әлеуметтану,басқару теориясы,экономика мен мәдениеттану сияқты ғылым салаларының тоғысқан жерінен шығып,зерттеу нысанына айналды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында жаңадан пайда болған жаңалықтар туралы ілім күрделеніп,оның әр түрлі бағыттары мен салалары қалыптасты.Аталған ғасырдың 50-ші жылдары Батыс елдерінде педагогикалық инновациялық үрдіс арнайы ғылыми-зерттеу объектісіне айналып, біздің елімізде 90-шы жылдары толық қолға алынып зерттеле бастады.
Педагогикалық инновацияның біздің елімізде дамуына мынадай факторлар әсер етті деп ойлаймын:
-қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың халықтық мәнге ие болды;
-бұрынғы қалыптасқан дәстүрді ұстаздық көзқарастар мен егемендік алуына байланысты мектептің сұранысының ұлғаюы арасындағы қарама-қайшылықтар;
-жаңадан енген жаңалықтарды мектепте пайдаланудың «халықтық» сипат алуы;
-жаңа жүйедегі білім беруге талаптың күшеюі және сұраныстың ұлғаюы.
Осы шартты негізгде алып отырған факторларға байланысты «жаңалықтар», «жаңа бағыт», «инновация», «инновациялық процесс» және т.б. қалыптасқан жаңа түсініктерге байланысты сұраныс өсіп,оны түсіндіру,меңгеру сияқты қажетті проблемалар күн тәртібіне шықты.
«Инновация» сөзінің шығу тегін өлі тіл болып саналатын латын тілімен байланыстырады.Латын тілінен аударғанда «инновация» сөзі «жаңару», «өзгеру», жаңа идеяларды кіргізу,жаңа ұғымдарды қолданысқа енгізу дегенді білдіреді.
«Жаңа бір идеяларды,түсініктерді енгізу» («инновация» деген ұғым-жаңалық дегенді білдіреді,сонымен бірге осы жаңалықты практикаға қалай енгізу туралы үрдісті де білдіреді.
Инновациялық үрдістің микроқұрылымын жан-жақты қарастырған зерттеуші ғалымдар А.И.Пригожин,Н.И.Лапин,Б.В.Сазонов) «жаңа ұғымның» өмірлік циклі деген концепцияны ұсынуда. Себебі «жаңа ұғым» (инновация) уақыт пен кеңістіктің аралығында өтетін үрдіс.
Осы үрдістің үстінде инновацияның әр түрлі қызметтері мен кезеңдері,оны жасайтын және жүзеге асыратын жаңалықтар пайда болда.Қазіргі уақытта инновацияға қатысты ғылыми оқулықтар мен зерттеу еңбектерде инновациялық үрдістің мүшелеу схемасының мынадай кезеңдері атап көрсетіліп жүр:
1-кезең:жаңа идеялардың тууы және осы жаңалықтар туралы концепцияның пайда болуы;оны міндетті түрде жаңалықтың ашылу кезеңі деп санайды.Себебі бұл ашылған жаңалықтар фундаментальды және қолданбалы ғылыми зерттеулердің қорытындысы.
2-кезең : белгілі бір объектіні ала отырып,жаңалықтарды қалыптастыру; үлгі-материалдық немесе рухани шығармалардың өнімдері;
3-кезең:практикада жүзеге асып ,қолданысқа енген жаңалықтарды пайдалану;осы жаңалықтармен енген инновациялық ұғымдар арқылы тұрақты, тиімділігі басым жаңалықтарды алу аяқталалы;
Осы кезеңдер біткен уақыттан бастап мұндай жаңалықтар өмірлік сипат алып,өз алдына дербес қолданылады.Осы қолданыстардың фазалық даму негізінде инновацияның қалыптасуы мен дамуының жаңа кезеңдері келіп шығады.
4-кезең-инновация арқылы енген жаңалықтарды тарату;оны кең көлемде қолданыс сфераларына қарай енгізу;жаңа сфераларға жаңалықтарды тарату;
5-кезең-нақты бір саланың облысында инновациялық жаңалықтардың билік құруы,себебі бұрыннан қолданып келген инновациялық жаңалықтар өзіндік үлгілері көмескіленіп жаңа ұғымдық қасиетінен айырыла бастайды.
Бұл кезеңде бұрынғы инновациялық жаңалықтардың орнына альтернативті,тиімді немесе жаңалығы жағынан тиімділігі мүлдем жоғары жаңалықтардың енуі толық аяқталады.
6-шы кезең:жаңалықтарды қолданылу ауданы мен аясының тарылуы;оны жаңа рухани шығарма,жаңалықтармен алмастыру.
Қорыта айтқанда,педагогикалық оқулықтар мен зерттеу еңбектерде білім жүйесіндегі инновациялық үрдісінің екі типін атап көрсетіп жүр:
1-ші тип:стихиялы түрде жүзеге асатын жаңалықтар;яғни инновациялық үрдістің қалыптасу,даму жолдары мен құралдарын,оны тудыратын қажетті факторларды ескерместен айналымға енетін жаңа ұғымдар;
Бұл жаңа ұғымдар инновациялар толыққанды ғылыми жағынан дәлелденген және мұндай дәлелдемелер көбіне-көп эмперикалық негізде қолданылады.
Инновацияның мұндай типіне көбіне жаңашыл-мұғалімдердің,тәжірибелердің,ата-аналардың іс-әрекеттері енгізіледі.
2-ші тип:білім беру жүйесіндегі инновация,бұл инновацияның мақсатты түрде жүйеленген,нақтыланған,пәнаралық байланыс қызметінде ғылыми дәлелденген типі болып саналады.
Қазіргі кездегі мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді.Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды.Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды.Осының нәтижесінде оқушыларды тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады, сондықтан да оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап,дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
Қазіргі пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында мен көрнекті философ,психолог,педагог еңбектеріне талқылау жасадым. Мұнда философ В.М.Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған.
Пәнаралық байланыс мәселесі бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән,керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнде бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді.Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес,қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болу қажеттігі айқындалды.
Мәселен,педагог-классик К.Д.Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Адам-тәрбиенің жемісі» т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақты өмір жөнінде айқын,толық және біртұтас ұғымдар беріп,қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастың үлкен рөлін атап көрсетті.
Осы пәнаралық байланыс мәселесімен шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А.А.Бейсенбаева «Мектептің оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі туралы» көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидиактикалық деңгейіне тоқтады.Бұл деңгейдегі оқу пәндерінің байланысы үнемі жүзеге асырылып өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін тұжырымдамасы негізінде сақтайды.
Пәндердің өзара байланысы оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Бұл деңгей бастауыш мектепте анағұрлым тиімді.
Осы орайда өз тәжірибемде сөз өнері мен саз өнері пәндерін байланыстыра оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа ,өз ойын әсемдеп айтуға үйрете отырып, рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруді ұштастырып келемін.
Екі пәннің өзіндік ерекшеліктерін ,ұқсастықтарын саралап айтар болсам:
Ана тілі-өнер пәні. Тіл-халықтың рухани байлығы. «Мен қанша тілді білсем, сонша рет мен адаммын» дейді халық даналығы. Бірақ басқа халықтардың тілдеріндегі қазынасы топталған байлық, егер ол өз ана тілін игермесе, оның әсемдігін сезінбесе адамның түсінігі жетпейтін нәрсе болып қала береді. Адам неғұрлым ана тілдің нәзіктігін тани білсе, соғұрлым оның ана тіліндегі сөздер ерекшелігінің қабылдауы нәзік бола түседі, соғұрлым оның ақылы басқа халықтардың тілін игеруге даярланады, соғұрлым сөз әсемдігін жүрегімен қабылдауы арта түседі.
Музыка , оның әсемдігі –адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін берудің маңызды құралы, жүрек ізгілігі мен жан тазалығының қайнар көзі. Ол табиғаттың,адамгершілік қатынастың ,еңбектің сұлулығына баланың көзін ашады. Әуен саз-әуеннің арқасында балада тек қоршаған дүниедегі ғана емес ,сондай-ақ баланың өзіндегі де асқақ, сәулетті ұғым оянады. Әуен-саз адамның өзін-өзі тәрбиелеуінің қуатты құралы.
Өлең мен музыка-біртұтас дүние. Әуен арқылы сөз естіледі. Тыңдаушы талғамына сөзді әуен арқылы жеткізсек, ерекше әсер етеді. Өлеңді белгілі бір әуен арқылы оқып, жаттайтын болса сөзі есте сақталып қалады. Бұдан мынадай қорытынды жасалады: егер сөзі болмаса,музыка жаппай ыңылға айналады. Керісінше музыка болмаса ақындардың өлеңі тек тақпақ болып қалар еді. Ешқашан ән болып айтылмас еді. Осы ерекшеліктерді ескере келе, бала ұғымына қайткенде жеңіл,әсерлі болу үшін сөз өнері мен саз өнері пәндерін байланыстыра отыра оқытудың қажеттілігі туындайды.
Бірнеше сабақтарым туралы айтар болсам: «Туған елім Қазақстан» тақырыбын өткенде еліміздің ұлттық рәміздері туралы айтылады. Мұны тек жалаң сөзбен айтып қана қойсақ , оқушыға көп әсер етпесі анық. Ал егер осы сабақты А.Нұрымовтың « Елтаңба» әнін тыңдатып, , үйретумен толықтыра түссек, осы бір ғана сабақта ән үйреніп, оны орындап,»рәміздер » дегенде әнұранды ғана білетін бала елтаңба туралы да ән бар екенінен мағлұмат алады. Сонымен қатар, балада ел рәміздеріне деген құрмет,өзінің Қазақстан азаматы екенін мақтанышпен сезінетіні сөзсіз. Ана тілі сабақтарын саз өнерімен байланыстыру лирикалық шығармаларда да айрықша көрінеді. Жамбылдың «Алатау» өлеңін өткенде, «Алатау» халық әнімен байланыстыра отырып, оқушылармен төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
а) ән «Алатау» мен өлең «Алатауды» салыстыру (ұқсастығы, айырмашылығы);
ә) сенің «Алатауың» бар ма? (әр оқушы туған жері, ондағы таулары туралы әңгімелеу).
Сазгер немесе ақын болсаң, Алатауға арнап қандай ән немесе өлең шығарар едің? Әуен шығарса оны аспаппен (баянмен) сүйемелдеу. Мұнда бала өз жұмысының нәтижесін сезінеді.
б) Таулар сөйлеп тұрғандай: «Біз — ……. көркіміз, біздің ………. ауамыз, …………., жеміс-жидегіміз, ………. құстарымыз, ………..аңдарымыз – саған біздің сыйлығымыз».
Көп нүктенің орнына оқушылар өздері керекті сөздерді ойлап табады.
Бұл жұмыстың нәтижесі мынадан көрінеді: оқушылар табиғатты сүюге, оны қорғауға, жаңа ән үйренеді, ән шығарады, өлең жазады.
Сөз өнері мен саз өнерін байланыстыра оқытуды тек қана лирикада ғана емес, прозалық шығармаларда да жүргізуге болады. Ә.Кекілбай «Күйші», Ж.Рысалин «Өнерпаз», Ә.Бөреев «Балғын суретші» әңгімелерін Құрманғазы, А.Жұбанов күйлерін тыңдап, К.Қуатбаевтың «Сурет сабағы» әнін байланыстыра өткізгенде, оқушылар музыка әлеміне саяхат жас ап, күй құдіретіне тәнті болады.
Қорыта айтқанда пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алдашева Г.Х. Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең. 2005 жыл
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. 1997жыл
3. Қожагелдиева С.С. Бастауыш мектеп оқушыларының жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, 2011 жыл
4. Акмеологиялық тұрғыдан үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі: теория және тәжірибе. Ақтөбе, 2008 жыл.
5. Мырзағарина А. Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың бірден-бір жолы. 2012 жыл
6. Өстеміров К., Айтбаев А. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006 жыл.

Әдебиеттік оқу сабағының ән сабағымен байланысы

К. Бердімұратова № 18 ОМ

Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұса. З.Ақышев.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
Көркем шығарманы талдау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, шығарма кейіпкерлерінің ерекшеліктерін анықтау, баға беру. өзіндік жұмыс арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру. Көркем шығармадағы негізгі ойды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:
Сөз өнері мен саз өнерін байланыстыра оқыта отырып оқушы танымын дамыту. Өнер туралы, оның ішінде ән өнері жайлы түсінік беру, қазақтың біртуар ұлдары – Шоқан, Жаяу Мұса жөнінде мағлұмат беру. Әнге, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік:
Адамдар арасындағы игі қатынастардың жарастығын, ерлік істердегі сұлулықты, әсемдікті көре білу арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа білім беру, жарасым сабағы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, баян аспабы, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық ахуал.
Қайырлы күн достым,
Ашық аспан болсын!
Сәрсенбінің күні, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
ІІ. Тірек білімді еске түсіру.
Класаралық байланыс.
Оқушылар Шоқан туралы бұрын оқыған шығармаларын еске түсіреді.
«Баспалдақ тұрғыз» ойыны.
1-тапсырма.

«Қырдың жас түлегі»
«Мейірім» 4 класс
«Мүсінші Мысық» 3 класс
2 класс

бауырмал Мейірімді батыл ?

2-тапсырма. Үлестірмелі қағаздар.
Өткен шығармалардан үзінді беріліп, тақырыптарын тапқызу.

1. «Сол әдетін Қаныш үнемі бұзбайды.
Үйінде үш-төрт күн болған соң ,
әншінің қыстауына аттанады».
(«Рәсім»)

«Сұлтанмахмұт бұл жолы Жаяу Мұса әндерінің басқа әндерінен ойнақы ,
Күйлі , музыкалы келетінін айтты».
(«Жаяу Мұса мен Махмұт»)

IV. Жаңа сабақ.
Сабақтың беташары ретінде З.Ақышевтің «Өнері мен өжеттігі бірдей, жаяу жүріп аттыдан кек алған батыр – Жаяу Мұса» деген сөздері алынды.
А) Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Ә) Оқушылардың тізбектеп оқуы.

3-тапсырма.
Мәтіндегі мақалды табу, өз беттерінше тақырыпқа орай мақалдар топтамасын жасау.
«Үш тілді білген адам басқадан үш кез артық тұрады».

V. «Біліп ал!» айдары.

Жаяу Мұса атану себебі

Ел ішінде «жаман Байжанның Мұсасы» емес, сауатты, әнші, ақын жігіт болып беделінің көтерілуі ақсүйектерге ұнамады. Олар Мұсаның ел алдындағы беделін түсіруді ойластырды.
Баянауылда Шорман атты атақты кісінің Мұса, Мұстафа деген екі баласы билік басында жүрген. Байжанның Мұсасында өзі мініп жүрген жалғыз жақсы аты бар екен. Мұстафа: «Бір елге екі Мұса жарамайды, сенің атың Жаяу Мұса болсын», деп атын тартып алады. Бұл қорлыққа шыдамаған Мұса атақты «Ақ сиса» әнін шығарған.
Музыка тыңдау: «Ақ сиса» әні.

4-тапсырма.
Әнді тыңдай отырып, көңіл-күй, алған әсерлерін одағай сөздер арқылы айтқызу.

5-тапсырма. Дискусиялық карта.
Оқулықпен жұмыс.

Иә Жоқ

Мұсаны кадет корпусына қабылдамағаны дұрыс па?

6-тапсырма.
Мәтінге сүйеніп, Мұсаға мінездеме беру

парасатты

батыл ← Жаяу Мұса → өнерлі

өжет

7-тапсырма. Ұйқас өлең құрастыру.
… … неткен өмір … … кеткен өмір
… … сақталмаса … … өткен өмір

VI. Рефлексия.

Ақын
«Шығармашылық лабиринті»
Пікірталас
Көңіл-күй
Сөз мәйегі
Шолу

Сабақтың тақырыбы: Б.Тоғысбайұлы. Ақан сері.
Сабақтың мақсаты: Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып,сері,ақын-сазгер екеніне көз жеткізу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ақан шығармашылығын өмірімен қосымша материалдар арқылы байланыстыра отырып, жан-жақты мағұлымат беріп игертуді ұйымдастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың әдебиет пен музыканы қоса меңгерген тұлғалар өмірі туралы білімдерін дамыту, салыстыра білу,өз бетінше іздену ой қорыту, талдау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Ақанның сырлы әні мен өтірік сөзіне, өнеріне оқушыларды сүйсіндіру. Өнерді қадірлей білуге, өнер адамдарын құрметтеп, өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: аралас, өнер сабағы.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, музыка тыңдау, ән орындау, шығармашылық жұмыс, ой қорыту.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ақан суреті, Құлагер ескерткіші, эпиграф, баян аспабы, магнитофон, Ақан серіге арналған ескерткіш суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам-туыс, туған, жұрағат!
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат!
Әрбір ісің-бірлік, тірлік,адамдық!
Әрбір сөзің- шындық, ақтық, адалдық!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
С. Кенжеғұловтың «Ахмет мерген» әңгімесінің мазмұнын әртүрлі әдіспен сұрау:
а) әңгімені бір оқушы бастап беру;
ә) әрі қарай диолог ретінде сұрау;
б) салып келген суреттері бойынша аюдың әрекетін суретке қарап әңгімелету;
в) Ахмет мергеннің сөзін айту арқылы әңгімені аяқтау.

Үй тапсырмасын бекіту.
-Аюлар туралы білетіндерінді айт.
— Ахмет мергеннің жан-жануарға көзқарасы туралы не айтар едің?
— Аңшы, мергеннің бәрі аңды өлтіре бере ме екен немесе әңгімеден не түйдің?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту. Сабақтың бойтұмары:
«Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған»
І.Жансүгіров.
— Сал-сері деп кімдерді айтамыз?
— Жүйрік ат мініп, саятшылық құрып, сәнді киініп, айналасына әнші, жыршы, күйші жастарды жинап, ауыл-ауылды аралап, өнер көрсеткен адамдарды сал-сері деп атаған.
Сондай сал-серілердің падишасы- дарынды ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әнші Ақан сері Қорамсаұлы.

2. Мағынаны тану.
Ақан сері туралы қосымша мәлімет жинау тапсырылған.
Мәтінді оқушылар дайындаған қосымша мәліметтермен байланыстыра отырып, бөлімге бөліп оқыту.
1-бөлім. Ақан өмірінен мәлімет.
Қосымша: Ақанның шын аты-Ақжігіт.
Медреседе білім алады.Әкесі сол кезде ақша ұстаған бай болады. Әкесінің ойы- молда ету.

2-бөлім.
Ақанның жүйрік атқа, құмай тазыға, қыран бүркітке ие болуы.

Қосымша:
3-бөлім. «Қараторғай» әнінің шығу тарихы. (мәтіннен тауып оқу, талдау)

Сергіту сәті.
«Қараторғай» әнін хормен баян аспабының сүймелдеуімен орындау.
Әнің әуені әннің сөзімен сәйкесіне оқушылар назарын аудару.
Бүркіт-құстың төресі, аң біткенді құр жібермейтін қыранның қартайғандағы мүшкіл, аянышты халін Ақан сөзімен де, әнімен де нанымды көрсете білген.
Оқушылар өздері орындау арқылы осыны сезіне білді.
4-бөлім. Құлагер өлімі. (мәтіннен оқу, талдау.)
Қосымша:Ақан дәуіріндегі теңсіздік. Бай мен кедей арасындағы қақтығыс.Ақан өнерін көре алмаушылар әрекетінен Құлагерге қастандық жасалады.
«Құлагер»-жоқтау әні.
Ақан бәйге аттарын алыстан қарап тұр, әуелдеалда келе жатқан Құлагер кейін көрінбей кетеді.
«Апыр-ау, Құлагерім аман болса жарар еді ?!»
Құлагерді адамша жерлейді, зарланады.
Осылайша «Құлагер» әні пайда болады.
ҮІ. Музыка тыңдау. «Құлагер әні».
Ү. «Біліп ал!» айдары. 2010 жыл «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында Ұлы даланың атақты тұлпары Құлагерге арналған ескерткіш ашылады.
Ат мүсінінің ұзындығы-8,5м, салмағы-5,5 тонна. Дәл осы күні республикалық «Құлыным» журналының тұсауы кесілді.

ҮІ. Сөздік жұмыс.
ҮІІ.Бекіту. Ақан сері әндерінің құдіреті.

а) Шырқайды Ақан әніні ой мен қырда
Жойылған қазақ түгіл қыр мен сырға.

ә) Ақанның «Сырымбетін» башқұрт қызы,
Шырқаған Мәскеуде үлкен театрда.

б) Ақанның «Үш тотысы» , «Сырымбеті»
Таң қылған естігенде Парижде елді.
Қорытынды сұрақ:
Қазіргі заманда кімді сері адам деп атар едің?
Оқушылар жауабы:- басқаратын асабаларды айтуға болады, себебі олар өз тобымен (музыкант, бишілер, әншілер, бет ашары бар, жүргізуші, суретке, видеоға түсіруші)
Халықтың тойларын көңілді өткізеді.

ҮІІІ. Ой толғау.
1-қатар. Сазгерлер. «Қараторғай» әнінен алған әсерін әңгімелеу.
2-қатар.Жазушылар. Сабақтан алған әсері туралы эссе жазу.
3-қатар. Ақындар.Төрт жол өлеңнің қалдырылған сөздерін табу.
Қорытындылау.

Жұмбақ аянышты ертегі

қайғылы қызықты әдемі
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
-Ақан өмірінің соңғы жылдарында әділетсіздіктен түңіліп өзінің мылқау баласы Ыбанмен тау-тасты кезіп, елсіз жерде өмір сүреді. Жаулары оның бұл жайын «есінен адасқан», «пері болған» деп, кінәлай бастайды. І.Жансүгіров өзінің өлеңінде осыны айтқан.Ақанға орнатылған ескерткішті көрсетіп, онда Ақан домбырасымен Құлагеріне мініп, құмай тазысын жетегіне ерітіп мәңгі тірі кейпінде тұрғандай.

Бағалау.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.Ақан әндерінен үнтаспа-альбом жинақтау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com