Бағдаршам туралы ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қызыл, сары , жасыл шам
Көшеде тұр бағдаршам
Мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру
2. Оқушыларға бағдаршам туралы түсінік қалыптастыру
3. Жолда жүргенде жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жол белгілерінің суреттері,
бағдаршам
Барысы : І Ұйымдастыру
ІІ Кіріспе сөз
Біз сабағымызды жақсы оқып аяқтаған соң ата-аналарымыз қалаға апарып қыдыртады.Бүгін біз қалаға бардық деп көз алдымызға елестетейік.Біз қалада жүрміз.Көз алдымызға нелер елестеді? Қалаға сипаттама беріледі.
Біз бірінші қалаға барғанда өз қауіпсіздігімізді сақтаумыз керек.Сол үшін жол ережелерін мұқият білуміз қажет.Олай болса бүгінгі:«Қызыл,сары,жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам» атты ашық тәрбие сағаты ашық деп жарияланады.
І жүргізуші. Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын сабағымыз сәлемменен
ІІ жүргізуші Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз
І жүргізуші Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз жарыс түрінде болмақ. Жарысқа екі топ: « Қыран» және «Сұңқар» қатысады.
ІІ жүргізуші. Ал, қане, үйренейік жолда жүру тәртібін
Ережені жақсы білер бар кімің
Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым
Оқушы: Тұрады көшенің қиылысын тұрақтап
Қашпайды мүдіріп ешқандай сұрақтан
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан
Сақтандыру белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш, ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған
Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар , бағдарла, көз салып жан-жақты
Міндеттеу белгісі: Белгімін көрсетер, жыдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында
Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым
І жүргізуші. Бекзат, сен жақсы сұрақ қойдың.Онда мен бір жұмбақ жасырайын. Аяғы жоқ жүрмейді
Аузы жоқ сөйлейді.Бұл не? Бағдаршам.
Олай болса ,бізге көшеден бағдаршам қонаққа келіпті
ІІ жүргізуші. Әсел бағдаршам деген не?
І жүргізуші. Бағдаршам- көше қиылыстарында автокөліктер мен жаяу
жүргіншілердің жүрісін реттейді.Бағдаршамнның қызыл, сары, жасыл жарығы бар. Жұмыс істеу тәртібі алдымен қызыл, сосын сары, одан кейін жасыл жарығы жанады.Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Бағдаршам: Менің атым «бағдаршам» менен жайын тұрақты
Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан
Жол сілтейтін белгі біткен бөлінеді төрт топқа
Адастырмай ап барады жақын етіп жырақты
Балалар менің сендерге қояр сұрақтарым бар:
1. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген қандай белгі?
2. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен берілген белгі қалай аталады?
3. Дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген қандай белгі?
4. Жылдамдықты , бағытты көрсететін белгі қалай аталады ?
ІІ жүргізуші. Көшеде бағдаршам болмаса
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
І жүргізуші. Балалар, жол ережелері туралы білетінімізді ортаға салайық
І жүргізуші. Бекзат, кезекті ойынға берсек қайтеді? Мен «Бағдаршам құрайық» атты ойынды ұсынғым келіп тұр. Шарты: мен әр түсті таяқшаларды көтеремін, қызылды көтергенде-тұрады, сарыны көтергенде- қол шапалақтайды, жасылды қөтергенде-жүреді. Оқушылар хормен:
Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда, өте бергін жасқанба
ІІ жүргізуші. Әсел, онда мен көлік жүргізушілеріне байланысты ережелер туралы сұрағым келіп тұр.Сендер көлік жүргізесіңдер ма? Ал велосипед айдайсыңдар ма? Велосипед көлік түріне жата ма?
Велосипедпен жиек жолда, жаяулар жүретін жол өткелінде жүруге болмайды
Бір велосипедке екі адам мінгесіп жүруге болмайды
Велосипедпен өте ұзын немесе ауыр заттар тасуға қатаң тыйым салынады
І жүргізуші. Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен, ысқырықпен түзеткен кім ? /полиция/
Жол полициясы: Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып
Қай көше қай қалаға барсаңызда
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Жол ортақ үлкен кіші баршамызға
Менің де әр топқа әкелген сұрақтарым бар.
1. Бағдаршам жоқ болса жолдан қалай өту керек?
2. Аялдамада тұрған автобустың қай жағнан өтуге болады?
3. Балаларға қай жастан бастап велосипед айдауға рұқсат етілген?
4. Жаяу жолдың қай жағымен жүру керек?
ІІ жүргізуші. Балалар, бағдаршамның сендерге әкелген ойыны бар екен.Әсел, кезекті бағдаршамға берсек қалай болады?
Ойын «Сен білесің бе?» Жұмбақтар қойылады.
ІІ жүргізуші. Көшеде ортаға жеткенше, әуелі көзің сал сол жаққа
Балақай ортадан өткен соң, мойның бұр сол жақтан оң жаққа
Екі топтан екі оқушы шығып, жаяу жүргінші жолдан жүріп көрсетеді
І жүргізуші. Ирек, ирек көшелер, көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де, үйренесің біртіндеп
Барар жерге асықпа, бәйге алмайсың бұрын кеп
Қорытынды бөлім:
1. Ал балалар, біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
Жолда жүру ережесімен, бағдаршаммен
2. Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
Бар, ол бізді апаттан сақтайды
3. Бағдаршамның тілін алуымыз керек па?
Ия, тілін алуымыз керек
Осымен біздің ойын сабағымыз аяқталды.Қорытынды сөзді снып жетекшімізге береміз.