Бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлау» модулін ықпалдастырылған сабақ жоспары

0





Бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлау» модулін ықпалдастырылған сабақ жоспары

Автор: Джакипова Клара Айдаралиевна

Бағыты: Алгебра Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-01


Материал туралы қысқаша түсінік

материал мектепте өтетін «Тәжірибедегі рефлексия» оқып жүрген мұғалімдерге керек болар




Джакипова Клара Айдаралиевна№44 «Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Бағдарламаның «Сын тұрғысынан ойлау» модулін

ықпалдастырылған сабақ жоспары

Математика пәнінен сын тұрғысынан ойлау модулін оқу үдерісін ендіруде «квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбын жоспарладым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен психологиялық жағымды ахуал туғыздым. «Шаттық шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тіледі.Оқушыларға «Квадрат», «Үшмүше», «Түбір» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топтарға бөлдім. Оқушылардың бар-жоқтығын түгендедім. «Ақылдың алты қалпағы» бойынша үй тапсырмасын пысықтадым.Бүгінгі жаңа тақырып «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша түсіндірілді. Онда «Квадрат» топқа ақ қалпақ берілді, яғни D>0 болған жағдайда квадрат үшмүшенің жіктелуін түсіндірді. Сол сияқты D=0 болған жағдайды, Қызыл қалпақтылар, үшмүшенің жіктелуін «Үшмүше» тобы түсіндірді. Ал «Түбір» тобы қара қалпақтылар D .

Жакипова Клара Айдаралиевна№44 «Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Сабақты оқушылар қандай дәрежеде түсінгенін тексеру мақсатында есептер шығарылды. Есепті шығаруда «Стикердегі диалог» әдісін пайдаландым. Онда плакатқа «Гүл» сияқты етіп салынып ортасына 4 есептен жазылған, ал шеткі жапырақшаларына оқушылар сыни тұрғысынан ойлап, есептің жауаптарын стикерге жазып іледі. Оқушылар топтар арасында «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланды. Сабақтың құрылымы бойынша сәтті өткен тұстарым: «Ақылдың алты қалпағы» әдісі және «Стикердегі диалог». Оқушылардың іс-әрекеті өте әсерлі болды. Оқушылар тек білім алып қана қоймай, балалар сыни тұрғысынан ойлауға, есептерді тиімді шығару болды. Сергіту, бағалаудың түрлері сәтті өтті.Сабақ соңында оқушылар БББ кестесін пайдаландым. Оқушылар бұл кестеге өздерінің ұсыныстарын жазып шықты.Болашақта нені дамытамын: келесі сабақтарымда біріншіден уақытты үнемді пайдалануды қатты қадағалаймын. Сабақ үдерісінің нәтижелі болуы үшін әр әдістің тиімді, түсінікті маңызы бар екеніне толық көзім жетті. Әрі қарай сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін іздене жүріп бағдарламаның жеті модулін әрі қарай зерделеймін. Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру, сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын жүзеге асырамын.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.