Бағдарлама, технология, технологиядан оқу бағдарламасы

0

Технология 11, сынып аптасына — 1 сағат, оқу жылына — 34 сағат
«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы (қоғамдық — гуманитарлық және жаратылыстану — математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
11 сынып
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірлеген.
2. Білім беру саласы оқушының технологиялық және еңбек мәдениетін, жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау және дайындау негізінде, материалдарды, энергиялар мен ақпараттарды қайта өткізуге байланысты, практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен біліктіліктерін қалыптастыруға, нарықтық еңбек жағдайына байланысты кәсіби бейімделуіне бағытталған.
3. Оқу пәнінің мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыты қараластырып:
1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;
2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;
3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
5) сәндік — қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;
6) электротехника және электроника негіздері;
7) шығармашылық жобалау іс — әрекеті;
8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім бере отырып оқытуды көздейді.
5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
6. Оқу міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өндеу технологиясы, жобалау іс — әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс — әрекетті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт — дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдері меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;
2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт — дәстүрлерімен, жол — жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;
3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;
4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед формулаларды және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;
5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциалды энергия;
6) «Химиямен»: азық — түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;
7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми — техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;
8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;
9) «Денешынықтыру»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.
8. Технология пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген:
1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды;
2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды.
9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.
10. оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс — әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1. Технология (қыз балаларға арналған) 11 сыныптың соңында оқушылар:

11 сыныптың соңында оқушылар:
1) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталарды;
2) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
3) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
4) дизайн туралы;
5) костюмнің түстік шешімі және принциптерін;
6) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;
7) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
8) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды білу/түсіну тиіс.
1) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
2) бұйымды тігу кезіндегі технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
3) матаны және әрлеудің түрлерін таңдау;
4) бұйымды түйіндік өңдеуді;
5) бас киім, ұлттық киімді жобалау, конструкциялау және модельдеуді;
6) матаның үстіне пішімді тиімді орналастырады;
7) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
8) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзету;
9) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
10) матаны таңдауды және киімді әшекейлеуді;
11) бұйымды дайындау үшін техникалық құжаттама жасауды меңгеруі тиіс.

Жеке тұлға нәтижелері, 11 сынып оқушылары
1) мемлекеттік және ана тілін білу, қазақ халқының және Қазақстан территориясында тұратын басқа этностар тарихына, мәдениетіне, салт — дәстүрлері мен басқа құндылықтарына құрметпен қарау;
2) оқуға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру, мамандықтар әлеміне хабардар болу;
3) қоршаған ортаны қорғау мәселесінде белсенді ұстанымын таңыту;
4) адами қарым — қатынаста жоғары мәдениетін, еңбек ету іс — әрекеті процесінде этикалық нормаларын сақтауын көрсету;
5) өздігінен білім алуға, өз мақсаттарын жүзеге асырыға және жасампаз еңбек етуге қабілетті болу;
6) ғылымның, технологиялардың және қоғамдық іс — тәжірибесінің қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес болатын біртұтас дүниетанымын басқара алуын көрсете білу керек.

Жүйелілік – әрекеттік нәтижелері, 11 сынып оқушылары
1) өндіріс саласындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негіздері бойынша білім жүйесін игергенін;
2) ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;
3) танымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан қолдану әдістерін игергенін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологияларын игергені;
5) дамыған коммуникациялық қабілеттерін, көптілді мәдениетін игергенін; 6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен іс — әрекеттерін ұйымдастыра білуін
7) өз сезімдерін, ойларын және қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс – әрекеттерін жоспарлау және реттеу үшін, коммуникация мақсатына сәйкес, саналы түрде сөйлеу құралдарын пайдалана білуін; ауызша және жазбаша тілдерді, монологтық мәнмәтіндік тілді игергенін;
8) экологиялық ой – пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық еңбек ету іс – әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете білу керек.

Технология 11, сынып аптасына — 1 сағат, оқу жылына — 34 сағат

Технология пәнінен оқу бағдарламасы. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!