«Бағалау: кері байланыс, рефлекcия» коучинг

0









«Бағалау: кері байланыс, рефлекcия» коучинг

Автор: Аяпбергенова Карлыгаш Давлетовна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Коучинг жоспары Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-28


Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақтағы кері байланыстың тиімділігін түсініп, дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы оқушылардың өзіндік пікірін білуге болатынын және мұғалімнің кері байланыс жасай отырып, өз ісіне сыни көзбен қарайды.




    Уақыты: 10.30 – 11.30 Күні: 09.10.2018ж.
Мектеп: Айнабұлақ ЖББНМ
Аяпбергенова К.Д.
Коучингтің тақырыбы Бағалау: кері байланыс, рефлекcия.Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары.
Жалпы мақсаты Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты  маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру
Күтілетін нәтиже Сабақтағы кері байланыстың тиімділігін түсінеді. Дұрыс жүргізілген кері байланыс арқылы оқушылардың өзіндік пікірін білуге болатынын және мұғалімнің кері байланыс жасай отырып, өз ісіне сыни көзбен қарайды.
            Коучтің  барысы
Коучинг басыТопқа бөлуШирату.

Коучинг ортасы

Коучинг соңы

Кері байланыс

1. Шаттық шеңбері, әріптесіне гүл сыйлап оның іскерлігі, жақсы қасиетін айту. Топқа бөлу.Видеоролик «Менің атым қожа»2. Тренинг: «Қазіргі кезде айналысып жатқан іс-әрекеттеріңіздің қайсысы өзіңіз үшін ең маңызды болып табылады?» деген сұраққа жауап беріңіз. Ойландыңыз ба? Енді төмендегі сұрақтарды мұқият оқыңыз. Асықпаңыз, егерде Сіз өзіңізге өзіңіз шыншыл және адал болсаңыз, онда әрбір сұраққа берген жауабыңыз Сізге өзіңіз туралы жаңа білім беруі мүмкін.– Бұл істе мен шындығында қандай нәтижелерге қол жеткізгім келеді? – Бұл нәтиже шындыққа айналу үшін менің алғашқы қадамым қандай болуы керек?– Бәрі маған ғана байланысты ма?– Мен өзім осы нәтижеге тікелей жауаптымын ба?– Мен нәтиженің қолжетімділігіне сенем бе?– Менің күмәндарымның себебі қандай?– Мұны бұрын жасауда маған не кедергі болды?– Нәтижеге жету жолында болашақта қандай мүмкін кедергілерді көріп тұрсыз?– Егер мен мақсатқа жетсем, менің өмірімде қандай игі өзгерістер болады?» Осы секілді сұрақтарға жауап беріп, біз өз әрекеттерімізді жобалап, мақсаттарымызды айқындауға, басқалардың іс-амалдарын түсінуге үйренеміз, жеткен нәтижеге баға беріп, оларды жақсарту тұрғысында әрекеттенеміз. 3. Тренинг: Сабақтан кейін өзіңізге қандай сұрақтар қоясыз?Мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздеуге болады:– Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?– Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба?– Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды?– Таңдап алынған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме?– Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба? – Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма?– Мен оқушыларды сабаққа белсене қатысуын ынталандыра алдым ба?– Мен оқушылардың сабаққа белсене қатысу ынтасын бәсеңдеткен жоқпын ба?– Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба? – Мен зерттеу сұрақтарын қойып, жорамалдау жасауға ынталандырдым ба? – Менің пікірім оқушылардың пайымдауларынан үстем болған жоқ па? – Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым ба? – Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды? – Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды?– Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе аламын? Рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:1) Аялдама жасау (тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу; 4) Болашақты жоспарлау.4. «Сырт көз сыншы» Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. «Сән көрсетеді», 1-адамға бағалау жасаймыз, 2- адамға жасамаймыз. Осы арқылы кері байланысты түсіндіреміз.Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына көмектеседі.Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, өз ойын айтпады делік. Осындайда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай жағдаяттың қуаныш және қанағат әкелуі екіталай, өйткені біз өз әрекетімізді басқалардың талдағанын және бағалауын қалаймыз.5. Үлкен екі топ кері байланыс пен рефлексияны көрініс, понтомимо арқылы жеткізеді.6. Үштік күнделікті сабақта қолданып жүрген рефлексия мен кері байланыс түрлерін қағаз бетіне түсіреді, айтады, іледі.7. «Ия немесе жоқ» ойыны қолданылатын тәсілдің қайсысына жататынын анықтау.8. Кері байланысты ұсынғанда қандай ережелерді ұстанған дұрыс:1. Позитивті болу. 2. Бағалаушы болмау.3. Ынталандыруға ұмтылу.4. Сыпайы болу. 5. Тең ұстау. 6. Сәттілікке бағыттау.9. Кері байланысты алғанда қандай ережелерді ұстанған дұрыс:1. Ризашылық білдіру.2. Тыңдай білу.3. Мадақтай білу.10. Кері байланыстың тиімділігі: Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;2-ден, рефлексия арқылы оқушының  қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.Мұғалімдер үшін:1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.11. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. (Әр қайсысының мәнін ашады.)1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс.2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс.3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс.Мен үшін құнды болды….

Айнабұлақ жалпы білім беретін негізгі мектебі

«Бағалау: кері байланыс, рефлекcия»(коучинг)

Өткізген: Аяпбергенова К.Д.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.