Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі 2

0









Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі 2

Автор: Жұмақұлова Назира Сағынғалиқызы

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімге , әдістемелік




Сабақ тақырыбы Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі маңызды эпизод
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 8.Т/Ж4 — көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақтыңмақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.
Тілдікмақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көзқарас,әңгіменің ұсынар идеясыДиалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Менің ойымша, «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
ҚұндылықтардыИгерту Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы
Бағалау критерийі
  • өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады, дәлелдер келтіреді.
  • Шығармадағы үзінділерді әр түрлі тапсырмалар орындау барысында орынды қолданады.
  • Алдыңғы білім көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Уақыты Сабақтағы жоспарланған жаттығу

    Ресурс

    Сабақтың басы
  • Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
  • Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінед2. Психологиялық ахуалБалалар бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.3. Ширату. «Динамика», «Статистика» ойыны. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша сұрақтар қояды.

    Сабақтың ортасы 1-тапсырма Топтық жұмыс– Әңгіме неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?«Ойлаудың алты қалпағы» тәсіліТоптағы әр оқушыға бір қалпақтан беру немесе алты топқа бір қалпақтан беру. Ақ қалпақ: фактілер мен нақты ақпараттарды айтады. Сары қалпақ: жағымды тұстарын айтады. Қара қалпақ: ұнамаған жағымсыз тұстарын айтады. Қызыл қалпақ оқығанда пайда болған сезімдерді айтады. Жасыл қалпақ: жаңа идея ойлап табады. Көк қалпақ: ой қорытынды жасайды.

    Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. 2-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі1. Пікір. Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді. 2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

    Дескриптор:

  • Өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
  • Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
  • 3-тапсырмаЕкі үзіндінің біреуін таңдап, ондағы маңызды эпизодты көшіріп жазып, кесте бойынша негіздеме жаса.

    Дескриптор:— шығармадан үздік эпизодты анықтайды; -3 дәлел келтіреді; — 3 дәлелді 3 фактімен дәйектейді.Мұғалімнің кері байланысы.

    Сабақтың соңы «Бағдаршам» тәсіліҚызыл – тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?Сары – қай тапсырма көңіліңізден шықты? Неге?Жасыл – тапсырмаларды орындауға не көмектесті







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.