Азықтық минералды қосындылар слайд,презентация
Азықтық минералды қосындылар слайд,презентация
Минералды элементтер мал организмінде маңызды қызмет атқарады. Олар организмдегі әр түрлі қосындылар:кальций, калий, натрий тұздары,сүйек ұны, фосфор-нуклеин қышқылдары, фосфопротеин,фосфатидтер, күкірт-күкіртті аминқышқылдары,хлор, темір,мыс,гемоцианин,мырыш,йод т.с.с құрамына кіреді.
Азық минералдық қоректілігі тіршілікке қажетті, яғни биогенді, минералдық элементтердің мал мұқтаждығына жеткіліктілігі мен оңтайлы арақатынасымен бағаланады. Биогенді минералдық элементтерге азықтағы мөлшері кг/г есептелінетін макроэлементтер кальций, калий, натрий,магний, фосфор,күкірт, хлор және мөлшері кг/мг не тіпті мкг есептелінетін микроэлементтер темір, мыс, мырыш, марганец, кобалть, йод,т.б. жатады.
Биогенді элементтер түрлі қосындылар құрамына кіріп, организмде өздеріне тән биологиялық қызмет атқарумен қатар, зат алмасуының биохимиялық үрдісіне қажетті гомеостаздық жағдай туғызуға қатысады. Осы жағдайды қамтамасыз ету үшін мал азығымен минералды элементтер қажетті мөлшерде және қорытылуына ыңғайлы арақатынаста жеткізілуі керек. Себебі, минералды элементтер өзара бір-бірінің сіңіріліп, игерілуіне себептесетін синергистік немесе керісінше кедергі туғызатын антогонистік қатынаста болады.
Жақсы сіңіріліп иегерілі үшін Са:Р арақатынасы 1,5-2:1, Na:K арақатынасы 0,4-0,5, ал азық күлінің реакциясын (pH) айқындайтын қышқыл P, S, Cl және сілті Ca, K, Na, Mg элементтерінің грамм-эквиваленттік қатынасы 0,8-0,9 болуға тиіс.
Элементтің грамм-эквиваленті валенттігін атом массасына бөлу арқылы шығарылатындықтан, қышқыл-сілітілік қатынасты (ҚСҚ) сол элементтердің мөлшері (г) бойынша есептеуге болады: