Азық-түлік дүкенін қалау ашуға болады?

0

Үйдің жанындағы азық-түлік дүкені – үлкен супер және гипермаркеттер көп болса да кез-келген жанның арманы. Азық-түлік саудасына ақша салу кәсіпкерлерге қашан да табыс әкелген, әкеле береді де.

Азық-түлік дүкенін ашудан бұрын қарастырылуы тиіс бірнеше сұрақтарға тоқталып өтейік.

Неден бастау керек? Алдымен сауданың түрі мен сіздің дүкеніңіздің көлемі қандай болатынын жоспарлап алу керек – дүңгіршек, кішкене немесе орташа дүкен. Ондағы сауда қай жолмен жүзеге асады: клиенттің өзіне-өзі қызмет көрсету түрінде ме немесе дүкенші арқылы ма?Дүкеннің орналасу жері мен оның бәсекеге қабілеттілігін де анықтап алу маңызды (табыстың кем дегенде жартысы осыған тәуелді).

Ғимарат. Бастапқы кезеңде аумағы 40-50 м² болатын шағын дүкен тиімді нұсқа болады. Дүкенге ат қойып, маңдайшаға тапсырыс беру керек.

Дүкеннің орналасу жері мен бәсекеге қабілеттілігін анықтау – қиын шаруа емес. Сіздің дүкеніңіздің жанында трассалар, жолдар немесе автобус аялдамасынан таяу жердегі тұрғын үй кешеніне дейін адамдар жүретін жол болуы керек. Дүкен алыстан көрініп тұруы тиіс, іші ыңғайлы, есік алдында көліктерге арналған орынның болғаны дұрыс. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеуді арнайы агенттіктердің көмегінсіз, жақын маңдағы бәсекелестер мен клиентердің сұранысын зерттеп, ассортимент құрып, дүкеніңіздің даму жоспары мен маркетингтік тұжырымдамасын дайындап өз бетіңізбен жүргізуге болады.

Құрал-жабдықтар. Одан кейін құрал-жабдықтар алу керек. Сауда құрал-жабдықтары үш түрлі болады: мұздатқыш, кассалық және құрғақ, яғни стеллаждар (тоңазытқыш, кассалық аппарат, стеллаждар).

Қызметкерлер. Қызметкерлер мамандандырылған және сыпайы болуы керек. Оларды арнайы киіммен қамтамасыз ету де маңызды.

Жарнамалық шаралар, тауар әкелушілермен және барлық заңдық құжаттармен жұмыс жасау тиянақты атқарылуы тиіс.

Витринаға көңіл бөлу – дүкенге тегін жарнама жасау. Ол жарық, сіздің сататын тауарларыңызды ұсынуға ыңғайлы болуы керек. Егер дүкеннің клиенттерді тартудағы басты маркетингтік құралы төмен баға болса, онда витринадан сол күні қандай тауарға жеңілдік берілгендігі жөнінде көрініп тұруы шарт.

Сату. Кез келген бизнес маркетинг пен өткізу нарығы дұрыс жұмыс істеген кезде ғана пайда әкелетін болады. Дүкеннің орналасқан жеріне, бәсекеге қабілеттілігіне, ассортиментіне көңіл бөліңіз, сіздің табысыңыз осы факторларға тәуелді. Сіздің потенциалды клиенттеріңіз қандай екенін және таяуда не орналасқанын анықтап алыңыз: мектеп, тұрғын үй кешені, демалыс орындары және т.б. Қасыңыздағы басқа дүкендердің жұмыс істеуін бақылаңыз, сатып алушыға сіздің тауарыңыздың қаншалықты қажет екенін анықтаңыз.

Жарнамадан бас тартудың қажеті жоқ – хабарландыруларды аялдамаларға, үйлерге іліңіз, сіздің дүкеніңіздің ашылғаны туралы, әр түрлі ассортимент және төмен бағалар жөнінде бәріне жариялаңыз. Дүкеніңіздің маңынан адам қаншалықты көп өтсе, сізге клиенттер де соншалықты келетін болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

Қоғамдық тамақтану саласында азық-түлік сатып алу және жалдау ақысы бизнестегі басты шығын болып табылады.

— 40-50 м² ғимаратты жалға алу – айына 65 000 – 70 000 теңге.
— құрал-жабдықтар сатып алу – 70 000 – 80 000 теңге.
азық-түлік сатып алу – 200 000 – 250 000 теңге. Бастапқыда ең қажетті ғана тамақ өнімдерін алған дұрыс. Бірте-бірте ассортиментті толықтырып, көбейту қажет.

Табыс. Тамақ өнімдерін бөлшек саудада сату табысты болып табылады. Сіздің бизнесіңіз орта есеппен жарты жылда өз шығынын өтейді және таза табыс әкеледі.