Әжетханада оқылатын дұғалар
Мұсылман адам әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады:
«Бисмилләһи, Аллаһумма, иний аъузубикә минәл хубсй уәл-хәбәийс». Яғни, «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын» деген. Өйткені, әжетхана жын-шайтандар мекені болғандықтан, бұл жоғарыдағы дұғаны оқып кірсек, еш зияны тимес.
Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: «Ғуфранәкә» делінеді. Ол «Кешір» деген мағына, өйткені, әжетхана, моншада Аллаһты зікір етуге тыйым салынған. Мұсылман кісі әжетхана ережелерін білген дұрыс:
1. Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу;
2. Жоғарыда аталған дұғаларды оқу;
3. Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде дыбыс шығарып кіру;
4. Өзімен бірге Құран, Хадис т.б. сол сияқты кітаптарды алып кірмеу;
5. Лажы болса, құбылаға қарап алды-артымен отырмау керек;
6. Әжет шығарып жатқанда сөйлемеу;
7. Ер адам тіке тұрып дәрет сындырмау керек;
8. Әурет мүшелерін (аспаптарды) сол қолмен жуу немесе сүрту;
9. Кесек, не сумен, не арнайы оралған жазуы жоқ қағазда қолданып тазалану;
10. Бекерден бекерге ұзақ отырмау, өйткені ол жер лас, шайтан арбап түрлі ауруға ұшыратады;
11. Әжетханада газет оқуға, сәлемдесуге тиым салады. т.б