АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

0
268

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..4

І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ

0.1. Азаматтық құқықтың заңдары және қағида түсінігі … … … … … … 6
0.2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі … … … … … 9
0.3. Азаматтық құқықтық қатынастар … … … … … … … … … … … … … …52

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

2.1. Азаматтық құқықтағы мерзім … … … … … … … … … … … … … … … …57
2.2. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..65

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … .80

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігін айтар болсақ заңгердің біліктілігінің негізі – құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің қағидаларын, АК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық құқық қағидаларының және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық құқық қағидалардың маңыздылығы – осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық қағидалар, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық құқық қағидалардың мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық құқық принциптері түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Зерттеу объекті – азаматтық құқық қағидалары және олардың конституциялық негіздері.
Зерттеу пәні – Азаматтық құқық заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты – Азаматтық құқық қағидаларын талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АК-те азаматтық құқық қағиданың толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
– Азаматтық құқық қағидаларының тарихын зерттеу;
– Азаматтық құқық қағидаларының жүйесін қарастыру;
– толық анализ жасап, азаматтық құқық қағидаларының мәселелері мен болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік қағиданың соңғы дұрыс талқылауы – сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.
Дипломдық жұмсымды қорытындылай келе кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерімен қоса негізгі екі тараудан тұрады:
І тарау. ҚР азаматтық құқықтағы қағидаларының түсінігі мен азаматтық іс жүргізу құқығындағы қағидалардың ара-қатынасы
ІІ тарау. Азаматтық құқықтағы мерзімдер және азаматтық құқықтың субъектілері

І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚАҒМДАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ

1.1. Азаматтық құқықтың заңдары және қағидалар

АК-ның 3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.
Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын межелеудің зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді.
Азаматтық заңдардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.
АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі – 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі – Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін – жалпы ережелер бөліміңдегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі – қоғамдық қатынастардың барлық салаларыңдағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған.
Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға сыяды:
а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;
б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;
в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқтатылуы тиіс.
Бұл ережелер заңның кері күші болмайды деген принциптің мазмұнын құрайды.
Алайда аталған принциптен мынадай кейбір ауытқуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді:
– заңға кері күш беру және оны ол қабылданғанға дейінгі қатынастарға тарату. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы Қаулысы АК-ның қолдануға енгізгенгедейін пайда болған коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары 1998 ж. 1 қаңтарға дейін АК-да көрсетілген нысандарға өзгертілуі тиіс деп көзделген;
– жаңа заң қабылданғанға дейін пайда болған қатынастарды сақтайтын ережелердің нұсқаулары сақталғанымен, олардың мазмұны өзгереді. Мысалы, пәтер ақы, коммуналдық төлемдер мөлшерінің өзгеруі жене т.с.с.
Қазақстандық азаматтық заңдардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:
– бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мемлекеттің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда, (аумақтағы сулар, Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер) Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
ҚР Конституциясы 12-бабының 4-тармағына және АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан заңдары бұл аумақта Қазақстан азаматтарына, қазақстандық заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дережеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық орын алуы мүмкін.
Азаматтық құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді. [2.23]
Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық принциптерінің кеңестік азаматтық құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре келе және оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі азаматтық құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, азаматтық-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде және орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны және т.с.с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бұл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтандырылған, әміршіл-әкiмшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.
Бүгінде азаматтық құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:
азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің тендігі;
меншікке қол сұғылмайтындығы;
азаматтық-құқықтық шарттың еркіндiгi;
мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері – кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау;
несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
азаматтық құқықтардың қорғалуы.
Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен – ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардың көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген және Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырады және бiртұтас заңды жүйе болып табылады.
Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиiс, құзыретті органдар қабылдайтың нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге (тіпті ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл – айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, оны кейінірек қарастыратын боламыз. [4.240]
Азаматтық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады – заңдар, Президенттің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т.с.с. шығарылады. Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудiң мұндай түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен толығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл нормаларды жүзеге асырудың және олардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы болады. Біріншіден, жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл оның түрліше түсінілуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатыңда нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.
Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз – бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегенiміз – осы нормаларды білдіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң – Азаматтық кодекске сүйенетіңдіктен және барлық нормалар үшін бірыңғай обьективтік белгі – реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы – азаматтық құкық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.
Заңдар болса, заң актiлерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, iс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.
Заң актілерінің оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) – құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т.б. субъективті қалыптастырылады. [12.59]

6.1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі

Азаматтық іс жүргізу құқығының, өзге де құқық салаларының принциптерінің мәселесі: олардың осы салалардың негізгі жақтарын сипаттауында. Сондықтан осы қағидалардың түсінігін, мәнін, әрекет механизмін толық ашу үшін, олар қолданатын сала мен сот ісін жүргізуде қабылданатын нормалар мен институттардың анализін жасау қажет. Азаматтық іс жүргізу жайындағы әдебиеттерде және сот практикасында, принциптердің мәні мен түсінігі жайлы қөзқарас әртүрлі болғандықтан, мәселе қиындай түседі.
Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын, азаматтық іс жүргізуге негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады. [11.93]
Өзгелердің пікірінше азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары – ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.
Латын тілінен аударылғанда принцип сөзі негіз, бастау дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.
Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру мақсатымен құқық нормалары біріктірілген соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу принциптері деп, азаматтық іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.
Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады.
Н.Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін даулы. Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:
құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісін белгілеу мүмкін емес;
принциптер құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісіне негізделетіндіктен, азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық нысандары үшін приниптер жүйесін құру мүмкін емес;
іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты жүзеге асыру әрекетіне ғана тән; өзге қорғану нысандары заңшығарулық іс жүргізу негізінде жүзеге асырылады;
субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарының әрекетін реттейтін(әрбір құқық саласына тән) нормаларды кодификациялау мүмкін емес, азаматтық іс жүргізу нормаларын, өзге азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарына қолдану одан да қиын.
Н.Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық қазір де бар, өйткені азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық қорғау нысандарын бір шатыр астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады. [20.109]
Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, функцияларының дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мүліктік(жалпы алғанда азаматтық) құқықпен тығыз байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы құзыретті соттармен байланыстыра отыра, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының қарсыластары, азаматтық құқықты қорғаудың өзге нысандарында пайда болатын қатынастарды, реттейтін нормаларда іс жүргізу сипаты орын алатындығын мойындайды. Бұл дегеніміз, ондай қатынастар жай іс жүргізу емес, азаматтық іс жүргізу қатынастары болып табылады. Өйткені, келе-келе соңында, олар азаматтық құқықтың нормаларының санкциясын қолдануды мақсат етеді.
Сондықтан, азаматтық іс жүргізу пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады.
Құқықтық реттеу пәні бұртұтас екенін мойындағасын, әрбір құқық саласы реттеу пәні ғана емес, әдісімен де ерекшеленетіндіктен, реттеу әдісін де айқындауымыз керек.
Мемлекет қоғамдық қатынастарды реттей отырып, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін дұрыс бағытта ұстау үшін, өзінің күшіне сүйеніп, кейбір әрекеттерді шектейді, кейбір әрекеттерді рұқсат етеді, ал кейбір әрекеттердің тәртібін белгілейді. Іс жүргізу салаларында шектеу әдісін, рұқсат ету әдісін немесе тәртіп белгілеу әдісінің үшеуінің біреуін де қолдануға болмайды. [6.23]
Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі жол беру әдісі бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі шектеу әдісі бойынша болмаса да, тәртібін белгілеу әдісі бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары диспозитивтің-императивтік әдіс бойынша құрылғандарын білдіреді.
Осыдан шығатыны барлық құқық қорғану нысандарында, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде пәні мен әдісі бір, сондықтан субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғаумен байланысты, жеке құқық іс жүргізу салаларының болуы мүмкін емес, ал тек қана барлық қорғану нысандарын қамтитын, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы бар.
Біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығына кіре тұра, қорғану нысандарының әрқайсысы өзінің пәні мен әдісімен ерекшеленеді, олай болмаса осы нысандардың болуы мәнсіз болар еді. Жалпы түрде қорғану пәні дегеніміз – бұзылған немесе даулы азаматтық құқықтар мен мүдделер. Мемлекеттің даму жолындағы деңгейлерде өтетін өзгерістерге тәуелді, азаматтық-құқықтық қатынастар кең спектрлі болғандықтан, қорғану пәні де кең. Азаматтық-құқықтық дауларды шешетін органның ведомстволық бағыныстылығын қорғану пәнінің осы ерекшелігі анықтайды.
Мемлекет өз алдына қоятын саяси, әлеуметтік, рухани немесе өзге мақсаттарына байланысты, заң шығарушы қолданатын төрт қорғану әдісі бар: заңдылық әдісі, арбитраж әдісі, әкімшілік әдіс және қоғамдық әсер әдісі. Бұзылған азаматтық құқықты қорғау мемлекет атынан(сот жүйесі барлық құқықтық мемлекеттерде биліктің үшінші тармағын құрайды), азаматтық іс жүргізу қатал регламентациаланған заңға сәйкес азаматтық-құқықтық дауды қарастыру мен шешу тәртібі бойынша, тәуелсіз құзыретті органмен жүзеге асырылатын, субъективті құқық пен мүдделердің қорғалуының жоғарғы кепілін беретін, ең әмбебпа әдіс – заңдылық әдісі. [3.84]
Арбитраж әдісі бойынша, бұзылған құқық, құзыретті органның бақылауымен, даулы жақтардың заңға негізделген келісімге жету әдісімен іске асырылады. Бұл әдіс үштілік соттар негізінде қолданады.
Әкімшілік әдіс бойынша, заңнамалық қызмет, олардың жалпы өкіліттілігінің бөлігін құрайтын, атқарушы органдардың билік уәкілетін қолданумен жүзеге асырылады. Бұл әдіс, қабылданған өтініштер даусыз болған жағдайында, немесе мемлекетпен азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде шектеу жағдайында қолданады.
Соңғы әдіс, қоғамдық әсер әдісі мемлекетпен берілген, заң шеңберінде әрекет ететін, қоғамдық белдеуге негізделеді. [9.72]
Әрбір қорғану нысанының пәні мен қорғану әдісі әртүрлі болғандықтан, оларды бір азаматтық іс жүргізу шеңберінде біріктіру мүмкін емес. Н.Б.Зейдер: … соттың, арбитраж органдарының, кәсіпқорғау ұйымдарының әрекеттері бір мақсат үшін қызмет етеді және пәндері бір – құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау. Бұл түрлі органдардың құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау қызметін кеңес азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы түсінігінде біріктіруге негіз болады деп жазғанда осындай қате жіберді. Әрбір құқық қорғау нысандарында құралатын қоғамдық қатынастарды реттеуде пән мен әдістердің ұқсастығы, осы барлық нысандарды өз шатыры астында біріктіретін, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігінің пайда болуына негіз болған.
Заң ғылымында, құқықтық принцип термині астында, әдетте, құқық нормасында(нормаларында) бекітіліп, түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол қоғамдық құрылыммен анықталатын бас идеяны айтады. Азаматтық-азаматтық іс жүргізу әдебиеттерінде принциптерге арналған жұмыстар көп. Оларда, тек принциптер мен олардың жүйелерінің мазмұны ашылып қана қоймай, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі классификациялары беріледі. Ол классификациялар жөнінде дискуссияға қатыспай, біздің ойымызша, заңи өкілетті органның табиғатын, құрылымын және өкілеттілігін анықтайтын ұйымдастырушы принциптер, және бұзылған азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша құзыретті органның және субъектілердің азаматтық іс жүргізу әрекеттерімен байланысты іс жүргузу принциптері бар деп санаймыз. [10.63]
Қағидалардың бірінші тобы, ұйымдастырушы-құқықтық нормаларының негізі ретінде, мемлекеттік және әкімшілік құқықтардың бөлінбес бөлігі, сондықтан олар азаматтық іс жүргізу құқығына тікелей қатысты емес.
Азаматтық іс жүргізу құқығының базисі, іс жүргізу нормаларының негізінде жататын, іс жүргізу принциптерінен құралады, осыған байланысты біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері, оның реттеу пәні мен әдісінің шеңберінен тыс деп айта алмаймыз. Қарама-қарсы, іс жүргізу принциптері, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құқықтық реттеу пәні және әдісімен тығыз байланысты.
Азаматтық іс жүргізу ғылымынды қарама-қайшы екі ағым бар: бір жақтан іс жүргізу нысаны мен заңшығарушылық іс жүргізу түсініктерінің арасындағы анық шекараның болуы, екінші жақтан іс жүргізу нысаны мен заңшығарушылық іс жүргізу терминдерінің шекарасы сәл ғана бар деуге болады, ол іс жүргізу нысанына әмбебап сипат беру.
Расында да, егер азаматтық іс жүргізу, жер іс жүргізу, арбитраждық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, заң шығармашылық іс, шешімдер қабылдау ісі т.с.с. болғандықтан, осылардың қайсысы іс жүргізу нысаны, қайсысы заңшығармашылық іс жүргізу деген сұрақ туындайды? Айтылып кеткен әрбір әрекет, ережелер мен әрекеттер тобынан құрылып, сәйкес ұйымның мемлекетпен анықталған өкілеттілігі шегінде, қандай да бір құқықтық мақсатқа жетуді көздейді. Бұл мағынада іс жүргізу нысаны, мен заңшығармашылық іс жүргізу мағыналары бір-біріне жақын. [25.93]
Бірақ іс жүргізу нысанына жүйелік, іс жүргізу заңымен белгіленген, іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібі, бұл дегеніміз, қандай да әрекет оған дейінгі ережемен бекітілген әрекетсіз жасалуы мүмкін емес, сонымен бірге әрбір осындай әрекет айқындалған құқықтық нысанмен(іс жүргізу құжатымен) белгіленеді де, бекітіледі.
Заңшығармашылық іс жүргізу құқықтық нысанмен белгіленген және бекітілген іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібін білдірмейді. Заңшығармашылық іс жүргізудің ережелері мен әрекеттер тәртібі, әдетте, тек заңмен ғана емес, сонымен бірге нормативтік актілермен де реттеледі.
Түйіндеп айтқанда, іс жүргізу нысаны құқық қолданушы органдардың заңи қызметтерімен тығыз байланысты болса, заңшығарушылық іс жүргізу құқықты іске асырумен, және қоғамдық немесе мемлекеттік органның заң шығармашылық әрекеттерімен байланысты болады.
Айтылғанға негізделе отырып, біздің ойымызша, әрбір құқық қорғау нысандарында қорғанудың пәні мен әдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғаудың қандай да болсын нысаны, заңшығарушылық іс жүргізу емес, іс жүргізу нысанын болады.
Сонымен бірге, бүкіл құқық саласы бір құқықтық актіде кодификациялануы керек дегенді айтпаймыз. Әрине, заңдылықты іске асыратын жалпы құзыретті соттардың қызметін реттейтін ҚР АІЖК нормаларын, азаматтық-құқықтық дауларды шешетін өзге құзыретті органдарға қолдануға болмайды. Бірақ біздің ойымызша В.Н. Щеглов, азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының(оның түсінігінше азаматтық іс жүргізудің ғана емес,) алдында сот, абритраж(арбитраж соты) және басқа нысандардың қызметтерін реттейтін нормаларды идентификациялау мәселесі тұр дегені даусыз.
Осыған байланысты, менің пікірімше, субъективті құқықтар мен мүдделерді қорғаудың іс жүргізу нысандарына тән барлық қасиеттерді бір шатыр астына біріктіретін, кодификацияланған акт, Қазақстан Республикисы азаматтық іс жүргізу заңнамасының Негізін қалау қажет және дұрыс шешім болар еді. [22.72]
Қорытындылап айтсақ, мемлекеттің үштілік соттар туралы заңнаманы қабылдауы, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының қарсыластарына қарсы жақсы факт болды, олар үштілік сот туралы заңнама – азаматтық іс жүргізу құқығының бөлінбес бөлігі және оның құрамына кіру керек, өйткені оларда Конституциямен және іс жүргізу кодекстерінде бекітілген, тек қорғау әдісі ғана емес(басқару сферасы мен азаматтық құқық қатынастар нәтижесінде пайда болатын даулар), сонымен бірге қорғау органы, ұйымдастыру мен қызмет принциптері ұқсас деген оймен келісті.
Сонда Н.Б. Зейдердің біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ойы тек мағыналы ғана емес, іс жүзінде болашағы да бар теория. Тек азаматтық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімін құрастыру қажет. Жалпы бөлімге, біздің ойымызша, келесі бөлімшелер кіру керек: Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі, пәні және әдісі, Азаматтық іс жүргізу нормалары мен қайнар көздері, Азаматтық іс жүргізу қатынастары және олардың субъектілері, Құқық қорғаудың іс жүргізу нысандары мен құралдары. Ерекше бөлімінде заңи өкілетті органдармен(жалпы сот, үштілік сот, әкімшілік органдары) азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау қызметінің іс жүргізу мәселелерін қарастыру қажет. [34.42]
Азаматтық іс жүргізу принциптері өзара тығыз байланысты және біртұрас жүйе (грекше принцип сөзі біртұтас дегенді білдіреді) құрайды. А.Т. Боннер принциптер жүйесін азаматтық-азаматтық іс жүргізу принциптерінің өзара қатынасы мен байланысы бойынша жиын деп атады. Принциптердің әрқайсысы бөлек іс жүргізу институтын, бүкіл бөлімді сипаттайды, бірақ азаматтық сот іс жүргізудің мақсаты мен мәселелері біртұтас болғандықтан, принциптер арасында әрине байланыс бар, бір принциптің қызметі екінші принциптің шарты болады. Әлдебір принциптердің мазмұнын ашу үшін, құқық саласында өзге принциптердің мазмұнын ескеру қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін жүйелеу – оларды анықталған критерий, негіз бойынша топтастыру. Азаматтық іс жүргізу туралы ғылыми және оқулық әдебиеттерінде бұндай критерийлер болып:
Принциптердің бекітілу көзі бойынша:
А. Конституциялық принциптер
Ә. Іс жүргізу заңнамасында бекітілген принциптер
Реттеу пәні бойынша:
А.Ұйымдастыру принциптері
Ә.Заңдылықты жүзеге асыру принциптері
Функционалдық рөлі бойынша:
А.Ұйымдастырушы-функционалды
Ә.Функционалды
Ең ыңғайлы және іс жүзінде мағыналы жүйелеу, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, олардың мазмұны мен әсер ету щеңбері бойынша (жалпы құқықтық, салааралық, салалық принциптер және бөлек құқықтық институттар принциптері) жүйелеу болып табылады.
Жалпықұқықтық принциптер – бұл барлық құқық салаларына тән принциптер, олар азаматтық іс жүргізу құқығына да тән. Бұл демократиялылық, гуманизм, заңдылық.
Салааралық принциптер – бұл азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және кейбір басқа құқық салаларының принциптері, оларға: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, сотта істі қараудың жариялылығы жатады.
Салалық принциптер – бұл тек азаматтық іс жүргізу құқығына тән принциптер(диспозитивтік, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы).
Бөлек құқықтық институттар принциптері – азаматтық іс жүргізу құқығында сотта азаматтық істерде(ауызша түрде, тікелей) дауды шешу тәртібін анықтайтын принциптер.
Принциптер жүйесі объективті және біртұтас болып табылады. Оның әрбір элементі басқаларымен тығыз байланысты, осы байланыста олар ашылады және қызмет етеді.
Демократизм принципі. Демократизмнің тағы бір нышаны мемлекеттің өз азаматтарына рақымшылдығы мен мейірбаңдығы. Міне осыған байланысты, жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. [8.212]
Қоғамның, мемлекеттің зайырлылығын, демократиялылығын паш ететін, тұңғыш рет, 30.08.1995 ж. Конституциямызға енгізілген елеулі негізге байланысты – ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Себебі, қоғамда қалыптасып, орныққан ізгілік принциптерін: адамгершілік, жақынына мейірімділік, сүйіспенішлік қадір-қасиеттерді қастерлеу, олардың сақтаулы мен нығаюына мүмкіндік туғызу — демократияның нағыз алға қоятын мақсаты болуы керек. Көзделіп отырған мақсат біріншіден осы болса, екіншіден, адамның қылмыс жасауына көпе-көрінеу, себепші болуды жою. Яғни, адамды жақынына қарсы айғақ беруге міндеттеген жағдайда біле тұра жалған жауап беруге мәжбүрлеу сыңайы танытылатыны сөзсіз.
Сондай-ақ, құқықтың қайнар көзі Заң болмақ – деп анықтаған мемлекетте азаматтық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Ендігі жерде судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципі мен демократизм принципі екеуінің ара қатынасын ашатын болсақ, ең бастысы демократизм принципі бүкіл мемлекет пен құқықтың басқарушы және маңызды принципі екенін атағанымыз жөн. [22.154]
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Осы принцип сот билігінің органы соттың ұйымдастырылуы мен қызметін толығымен өзіне бағындырады.
Демократия — халық билігінің түсінігін білдіреді. Ендеше, ізгісі-судьялардың сайлау жолымен өкілеттік алғаны олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін нағыз демократизмнің нышаны болар еді. Мұндай тәртіп Президент пен заң шығарушы биліктің өкілдерін сайлауға байланысты тиімді деп есептелгенде судьяларға да өкілеттік беру тәртібіне қатысты неліктен қолданылмасына? Сот билігінің ең жоғары органы — Республика Жоғары сотының судьяларына өкілеттікті халық өкілдерінің сайлауы жолымен беру тәжірибесін неліктен пайдаланбасқа? Мұндағы көзделетіні жергілікті соттардың судьяларына сайлау арқылы өкілеттік беру тәртібі.
Осылайша, демократизм принципінің идеясы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, судьяның (соттың) тәуелсіздігі принципінін мақсатын белгілейді.
Яғни, демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі анық. [14.34]
Ендеше, мемлекеттің ең қымбат қазынасының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, олардың бұзылуы мәселелеріне байланысты қалпына келтіру, кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот билігінің мақсаты етіп қойылады. Бұл мақсаттарды заң сот істерін қарап шешетін сот билігін нақты жургізуші судьяға жүктейді. Қорыта келгенде, тақырыбымыздың атауын белгілегенде судьяның (соттың) тәуелсіздігі әуелі демократияның жетістігі екендігін, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінің мәселелеріне даруын, одан қалса, сот билігі принциптеріне де сіңуін негіз етіп алдық.
Азаматтық іс жүргізу құқығының демократиялылығы сонда, азаматтық іс бойынша заңдылықты жүзеге асырғанда, сот азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиісті; ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауға тиісті. Соттық қызмет құқықтық мемлекеттің күшеюін, әлеуметтік әділеттікті, демократияны қамтамасыз етуді және халықтың өзін-өзі басқаруының дамуын бағдар ұстау керек.
Гуманизм принципі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының гуманизмі келесіде: а) іске қатысушылар мәдениет деңгейіне, білім деңгейіне, әлеуметтік деңгейне, жасына, ұлтына, жынысына және с.с. тәуелсіз тең; ә) кейбір істер категориясы бойынша (алименттер төлеу бойынша, жұмыс орнына қайта қабылдау туралы) талап берушілер сот шығындарын төлеуден босатылады; б) азаматтық іс жүргізу құқығы кейбір істер категориялары бойынша жеңіл соттылықты белгілейді т.с.с.
Судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы.
Бұл принцип қандай да болсын мемлекет үшін өте маңызды принцип болып табылады, сондықтан оған ерекше мән беру қажет.
Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда) тәуелсіздігі, сот билігінің өзекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде қарастырылады. [20.112]
ҚР АІЖК-нің 12 бабына сәйкес, судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Мемлекеттің органдар мен лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды тұлғалары, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер, және заңды тұлғалар судьялардаң тәуелсіздің құрметтеуге және оған қол сұқпауға міндетті.
Заңдылықты іске асыруға қол сұғушылық, сотқа немесе судьяға қалай да әсер ету, судьяға немесе сотқа құрметпен қарамау, ауызша, жазбаша не өзге тәсілмен судьяларға зиян келтіру немесе судьялардың белдеуіне зиян келтіру немесе тәуелсіздігіне әсер ету мақсатымен ақпаратты жинау, сақтау, қолдану немесе жаю рұқсат етілмейді және заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке өзі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.
Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.
Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны — сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.
Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді. [32.23]
Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.
Судьяларға өте жауапты міндеттерді атқару тапсырылған. Бұлардың қатарына, азаматтар мен ұйымдардың елеулі құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты жалпы міндетті шешімдерді қабылдау кіреді. Олардың өздерінен, қабылдаған Шешімдерінен адамның тағдыры, жағдайы және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпте тікелей байланысты болады.
Судьялар іске асыратын мақсаттар, олардың, яғни судьялар корпусының басқа мемлекеттік мекемелер мен олардың лауазымды тұлғаларынан ерекшеленетін жағдайын көрсетуі керек.
Дербес істерді шешкенде судьялар жоғары тұрған соттардан, тергеу органдарынан, прокурорлардан және сот ісіне қатысушылардың сот ісін жүргізу кезінде ойлары мен пікірлерінен тәуелсіз.
Принциптік түрде қарастырғанда, судъя тәуелсіздігінің Ата Заң мен заңдарда көрінісін табуы, олардың нормаларымен бекуі, оның нормативтік табиғаты төмендегі қағидалармен сипатталуы керек:
1) заңда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
2) судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге, оны қылмыска қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сактау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайтындығымен;
3) сот әділдігін іске асыру барысында судьяны тек заңға ғана бағындыра алу мүмкіндігімен;
4) ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен алқа заседателіне каңцай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен және мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;
5) судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларды қамтамасыз етілуге тиістілігімен;
6) соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізілетіндігімен.
Қорыта айтқанда, заңдылықты жүзеге асыруда судьялардың тәуелсіздік принципі оларға іс жүргізу кезінде өзіндік құқығын береді және сонымен бірге олардан істі объективті, толық, жан-жақты қаралуын, оның қатысушыларының құқықтарын сақтауды, заңды және негізделген шешім қабылдауды міндет етеді.
Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес(АІЖК), соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы өлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. [18.54]
Ал, Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды. Сондай-ақ, елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына әскери соттарды және мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады.
Сот әділдігін тек қана соттың іске асыруы принципінің саяси-құқықтық маңызы орасан зор.
Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот әділдігі болғандықтан, мемлекеттік қызметтің бұл түрі соттың мәжілістерінде істерді заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көзделді. Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тәртібі мен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек қояды.
Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат етілмейді.
Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған талап арызға қатысты шешім қабылдау соттың ғана құқығы.
Тек сот қана сот істеріне … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz