Австралияның географиялық орны слайд,презентация — География

Австралияның географиялық орны слайд,презентация
Сабақтың тақырыбы:
Австралияның географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Австралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, жер бетінің құрылысы туралы білімді қалыптастыру.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Австралияның зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.