«Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері» (3 сынып)
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері» (3 сынып)
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып
«Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері» (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: АУЫЗША БӨЛУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУГЕ ҮЙРЕТУ
І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып,көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру, есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
. Сәлемдесу.
. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
№1. Кестені толтыра отырып, есептеп ойлан.
а
200
15
6
120
b
30
30
40
5
c
5
9
100
15
d
4
2
4
3
(а+ b+ c)∙ d
940
108
584
420
№2. Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?
(a+b)∙c=a∙c+b∙c c∙(a+b) = c∙a+c∙b
Қосынды санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
А) 22341 ∙2 =44682
(20000 + 2000 + 300 +40 + 1)∙2 = 20 000∙2+ 2000 ∙2+ 300∙2+40∙2+1∙2= 40000+ 4000+600+80+2= 44682
123200 ∙3 = 369600
(100 000 + 20000 + 3 000 +200)∙3 = 100 000∙3+ 20000 ∙3+ 3 000∙3+ 200∙3 = 300000+ 60000 +9 000+600 = 369600
111 202∙4 =444808
(100 000 + 10000 + 1 000 +200+2)∙4 = 100 000∙4+ 10000 ∙4+ 1 000∙4+ 200∙4+2∙4 = 400000+ 40000 +4 000+800+8 = 444808
(a+b):c=a:c+b:c
Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
44682: 2 = 22341
(40 000 + 4000 + 6 00 +80+2):2 = 40000:2+ 4000:2+ 600: 2+ 80:2+2:2= 20000+ 2 000 +3 00+40+1 = 22341
369600:3 = 123200
(300000+ 60000 +9 000+600):3 = 300000:3+ 60000 :3+ 9000:3+ 600:3 = 100 000 + 20000 + 3 000 +200= 123 200
444808: 4 =111 202
(400000+ 40000 +4 000+800+8):4 = 400000:4+ 40000 :4+ 4000:4+ 800:4+8:4 =100 000 + 10000 + 1 000 +200+2 = 111202.
№3. Түсіндіре отырып, көрсетілген теңдікті пайдалану.
4 ∙ 6 000= 24000 9∙ 8 000= 72000 5∙ 6 000= 30000
49000, 56000, 81000, 32000, 45000, 28000.
14000: 7= 2000 30000:5= 6000 81000: 9= 9000
7000, 6000, 2000. 17000, 18000, 16000.
ІV. Сергіту сәті: Күн мен түн ойынын ойнату арқылы қызығушылығын арттыру.
V. Сабақты бекіту:
№4. Шешуі: 500000+ 700 + 700= 501400(м) Тіктөртбұрыш 4 см * 5 см, 2 см * 10 см, 1 см*20 см болуы мүмкін.
№5. А) Шешуі: 10∙2= 20 см
Ә) 500∙5= 2500 мм =25 см — шаршының ауданы. 5 см – шаршы қабырғасы.
Дәптермен жұмыс.
VII. Үй жұмысы: №6, 7 есеп 53 бет.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап,
жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.