Ауыз қуысының вирусты аурулары және оны емдеу слайд,презентация

0

Ауыз қуысының вирусты аурулары және оны емдеу слайд,презентация

 

Ауыз қуысының вирусты аурулары

 

Негізгі бөлім.
Кіріспе.
   Вирустық аурулар: жедел және созылмалы герпес, белдеме теміреткі, аусыл, вирустық сүйелдер.
   Емі. Қолданылатын заманауи препараттар.
Қорытынды.
Қарапайым (әдетті) герпес синонимы көпіршікті теміреткі (простой герпес- пузырковый лишай – herpes simplex) немесе кәдімгі ұшық – герпес  вирусы туындататын жұқпалы ауру. Антигендік қасиетіне байланысты бұл вирусты негізгі екі типке (1 және 2) бөледі. Бірінші типтегі вирустар ауыздың кілегей қабығын, теріні, ал екінші типтегі вирустар жыныс ағзаларының кілегей қабығын жарақаттайды. Қарапайым ұшық вирусы ДНК-дан тұрады және тікенекті қабат клеткаларының ядросында жасырын өмір сүреді, ыңғайлы жағдайда көбеюге ұшырап, қайталамалы ауру туындатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғаруынша (1985) жер беті тұрғындарының 90%-на аталмыш вирус жұққан, ал 20-30% жағдайда ауру белгілері білінеді.
Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. Көбіне олар организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы (вирус простого герпеса), цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар және басқалары (белгісіз вирустасушылық – бессимптомное вирусоносительство) кездеседі.
Инфекцияның алғаш рет жұғуы 1-3 жас арасында байқалады. Себебі, бұл кезде баланың қанында анадан алған антидене (пассивті иммунитет) жойылады немесе саны азаяды да, организм вирустық инфекцияны оңай жұқтырады. Көп жағдайда балаға біріншілік герпестік инфекцияның жұғуы аса көп байқалмайды, ал кейбір жағдайда біріншілік герпестік ауру дамиды. 
Біріншілік герпестен сауыққаннан кейін инфекция жасырын түрге ауысып, әртүрлі зиянды ықпалдардың әсерінен (дененің суыққа шалдығуы, тұмау, жүйкелік күйзелістер, витаминдер тапшылығы) жиі қайталануы мүмкін.
Қарапайым герпес вирусы адамға ауру немесе вирустасушы адамнан тікелей жанасу және ауа-тамшылары арқылы жұғады (герпестік вирус вирустасушылардың сілекейінен де бөлініп алынған).
Ауыз ішінде герпестік инфекция екі түрде көрініс табады: 
    —  ауыздың жедел герпестік қабынуы немесе біріншілік; 
    —  ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы немесе созылмалы қайталамалы герпес.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!