Ауыз қуысының туберкулезі слайд,презентация

0

Ауыз қуысының туберкулезі слайд,презентация

 

Ауыз қуысының туберкулезі

 

Кіріспе бөлімі
— Жалпы туберкулез түсініктемесі
— Ауыз қуыс туберкулезінің сипаттамасы
Негізгі бөлім
— Этиологиясы
— Даму сатылары
— Клиникалық көрінісі
— Түрлері
Қортынды бөлімі
— Диф. Диагностикасы
— Емi 
Жалпы ауыз қуысының туберкулезін бронхтардың ,трахеялардың,жоғарғы тыныс жолдарының бұзылыстары қатарына жатқызуға болады. Себебі, ауыз қуысының туберкулезі өкпе мен кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің асқынуы нәтижесінде пайда болады, 
Біріншілік. Қоздырғыш науқастың ауыз қуысының шырышты қабатына енеді,бірақ  қоздырғышқа қарсы антидене түзілмейді.С
Екіншілік.Ауыз куысының туберкулезі жиі активті созылмалы өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда кездеседі.Себебі,қақырық тастау кезінде қоздырғыш ауыз қуысының шырышты қабатына енеді:
Милиарлы-жаралы туберкулез
Туберкулез жегісі
Миларлы-жаралы туберкулез- ауыз қуысының шырышты қабатына ашық туберкулез ошақтарынан микобактерияның екіншілік қайталама ену нәтижесінде пайда болады.Грануляциялар көбіне тілдің ұшы мен бүйір беттерінде орналасады.
Туберкулез жегісі – көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының және тері туберкулезімен қосарланып журеді.Бұл процесс кезінде ашық түсті грануляциялар қатты және жұмсақ таңдайда орналасады.
1. Инфильтрат
Ісік тәрізді
Шектелген немесе жайылған
Қатты немесе жұмсақ
Түсі ашық қызылдан қою қызылға ауысады
Көлемі 1×1.5 см
Шеттері тегіс емес
Жұмсақ таңдайдың ортаңғы сызығының оң жағында орналасады
2. Жаралы түрі
Тілдегі ұсақ жарақаттар ретінде байқалады,кейде тілдің қатпарларының арасына кіріп аса көзге түспейді
Шеттері тегіс емес
Көбінесе еріннің шырышты қабатында орналасады
Қатты таңдайдың оң жақ жарасы
Тілдің милиарлы бүртіктерінің инфильтрациясы мен гипенемиясы
Жұтқыншақтың ортаңңғы қабырғасының жарасы
Бадамша без гиперемиясы
Тілдің сол жақ төменгі және бүйір беттерінің жарасы
Гингивит
 
Егер стоматолог науқасты қарау барысында ауыз қуысында жоғарыдағы белгілерді байқаса,науқасты дереу фтизиатрдың қабылдауына жіберу керек!

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!