Ауыз қуысының кілегей қабығының құрамы және қызметтері слайд,презентация

0

Ауыз қуысының кілегей қабығының құрамы және қызметтері слайд,презентация

 

Ауыз қуысының кілегей қабығы

 

Ауыз іші ағзалары жүйелі аурулар кезінде жиі жарақаттанады және әртүрлі бөрткендер шығуымен сипатталады. Кейде осы бөрткендерді ауыз іші анатомиялық құрылымынан ажырату дәрігер стоматологқа қиынға түседі. Ауыз ішінің анатомиялық құрылымын ондағы тіндердің гистологиялық құрылыс ерекшеліктерін ауыз сұйығымен микрофлорасының құрамын, физиологиялық және патологиялық рөлін дәрігер стоматолог жете білуі қажет.

Ауыз  қуысы (полость рта- cavitas oris), немесе  ауыз  (рот-stoma) ас қорыту жолының  бастапқы  бөлігі, алдынан және бүйірінен  ерінмен, ұртпен шектелген, жоғарыдан қатты  және жұмсақ таңдаймен, төмен  жағынан ауыз  табанымен шектелген. Еріндер  бір-бірімен  жанасқанда  ауыз тесігі саңылауға  ұқсас, ал  ашқан кезде домалақ  пішінге ие.
Алдыңғы  бөлігі — ауыз кіреберісі (преддверие рта- vestibulum  oris) алдынан  және бүйірінен ерінмен  және ұрттармен шектелген, төбесі  және табаны ауыспалы қатпарлармен шектелген,ішкі  жағынан тістермен,альвеола өсінділерінің кілегей қабығымен шектелген. 
Артқы бөлігі — нағыз ауыз қуысы немесе ауыз іші (собственно ротовая полость- cavitas  oris propria)  көмей  арқылы жұтқыншақ қуысымен қосылады.
Ауыз  ішін кілегей қабық жауып жатады (тістерден басқа аймақтарын ) және үш қабаттан  тұрады:
 1. көпқабатты жазық эпителий, 
2. нағыз кілегей қабық  немесе нағыз дәнекер тінді  кілегей қабат,
3. кілегей қабық асты қабаты. 
 Жазық эпителий мүйізгектенетін  және мүйізгектенбейтін  болып  екі түрге бөлінеді. 
Мүйізгектенетін эпителий қатты таңдайды, қызылиектерді, еріндер жиегін, ұрттағы тістердің тістесу деңгейін (тістердің түйісу сызығы), тілдің  жіпке  ұқсас бүртіктерін  жауып  тұрады. Ауыз  ішінің басқа аймақтары  мүйізгектенбейтін  эпителиймен  жабылған. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!