Ауыспалы осы шақ, етістіктің шақтары

0

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ.
Сабақтың мақсаты:
білімділік – етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту. Осы шақтың мағыналық түрі ауыспалы осы шақ туралы білімдерін жетілдіру.
дамытушылық – мәнерлі сөйлеуге жаттықтыру, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту.
тәрбиелік – адамгершілікке, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: ақпарат беру
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, венн диаграммасы, шығармашылық, тест
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, оқулық, слайд, сөз жұмбақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушы назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт (Сол қолмен ұшақ жасау, сол ұшаққа тілек жазу)

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Үйге берілген тапсырма ауызша тексеріледі.
Жаттығуды оқып береді, пысықтауға арналған сұрақтар қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабаққа мақсат қою. Бірінші бағанды толтырады.
Нені білгім келеді?
Нені білдім?
Нені білуім керек?

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Слайд арқылы жаңа тақырыпқа түсінік беріледі.
Оқушының жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру үшін үлестірмелі қағазбен жұмыс жасайды.
Тапсырма.
Берілген сөйлемдерден ауыспалы осы шақ формасындағы сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Таң қылаңда Найман — Ана жиынып — терініп үйден шықты. Табалдырықтан аттай бере, босағаға сүйеніп, ұйықтап жатқан ауылды мұңлы көзбен тағы да бір шолып алды. Аяғында етік, шалбарланып алған. Көйлек сыртынан қысқа жеңді қамзол, оның сыртынан желбегей шекпен жамылған. Басын ақ жаулықпен орап, желке тұсын түйіп қойыпты.
Пысықтауға арналған жаттығулар
Оқулықпен жұмыс.
Жаттығулар жұмысы.

Сергіту сәті. Музыкалық жаттығу жасау.
ВЕНН ДИАГРАМАСЫ
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ

Шығармашылық жұмыс
Етістікті өткен шақ формасында қолдана отырып, берілген суретке қарап мәтін құрастыру.

ІV. Жаңа білімді бекіту.
Тест тапсырмалары арқылы сабақты бекітемін.
1. Осы шақты белгіле
А) Ит қоянды қуып келеді С) Мен Абайды қызығып оқыдым Е) Ол – Барлас ақынның шәкірті
В) Әкем іссапарға келмекші Д) Көрмегенді көрсетерсің
2. Дағдылы іс — әрекетті білдіретін осы шақ түрі
А) Осы шақ С) Келер шақ Е) Ауыспалы осы шақ
В) Өткен шақ Д) нақ осы шақ
3. Отыр, тұр, жатыр, жүр қандай етістіктер?
А) Болымды етістік С) Тұйық етістік Е) Салт етістік
В) Қалып етістік Д) Болымсыз етістік
4. Айғайлайды тұлғасына қарай қандай етістік?
А) Туынды етістік С) Сабақты етістік Е) Салт етістік
В) Қалып етістік Д) Негізгі етістік
5. Ауыспалы осы шақ неше мағынада жұмсалады?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1 Е) 5
Сабақты қорытындылау. «Нені білдім? Нені білгім келеді?» Бағанын толтырады
Ауыспалы осы шақ жүктеу