Ауырлық күші дегеніміз не?
Ауырлық күші дегеніміз не? Ауырлық күші дегеніміз барлық денелердің Жерге тартылуы. Мысалы көктен жауған жанбыр жер бетіне құлайды, қар да. Жоғары лақтырылған доп та жер бетіне құлайды. Бұның себебі ауырлық күші.
Көз алдымыздағы барлық денелер Жер планетасының центріне тартылады. Жер Күнге тартылады. Ғарыштағы жұлдыздар да бір-біріне тартылады. Әлемде бар денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады.
Жер бетіндегі ауырлық күші
Жер бетінде денелерге әсер ететің ауырлық күші массаға пропорционал. Бұны күшті өлшейтін құрал динамометрге жүкті іліп көз жеткізе аламыз:
Дененің массасы m-ден ауырлық күші F жуықтап алғанда 9,8 рет көп. Яғни F/m саны тұрақты сан болады. Бұл санды g деп белгілейді.
Ауырлық күшінің формуласы
Сонымен денелердің Жерге тартылу күшінің формуласы мынандай:
F = mg, мұндағы g = 9,8 Н/кг.
g шамасы Жер бетінің әртүрлі аймақтарында әртүрлі. Мысалы солтүстік полюсте g = 9,832 Н/кг ал экваторда g = 9,87 Н/кг ге тең. Физикалық есептеулерде бұл шаманың жуық мәні 9,8-ге тең деп алынады.
Пән: Физика