Аустралия климаты. өзендері мен көлдері.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Аустралия климаты. өзендері мен көлдері.
Автор: Туремуратова Айгуль Маратовна
Бағыты: География Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-13
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Аустралия климаты. өзендері мен көлдері туралы мағлұмат беріп, білімдерін тексеру.
- Психологиялық дайындық. Амандасу.
Жарқырап күн де ашылдыКүн нұры түгел шашылдыҚайырлы күнБіз нәзік қыздармызҚайырлы күнБіз ержүрек ұлдармызҚайырлы күн, қонақтарБіз әдепті баламызҚайырлы күн, ұстазымБіз көңілді баламыз!
2. Үй тапсырмасы-Балалар, біз сендермен Африка материгін аяқтап білімдерімізді әрі қарай толықтырамыз. Үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.«Сиқырлы мозайканы» шешіп көрейік. Бәріміз тақтаға қараймыз. Бір оқушы тақтаға шығып, кез келген санды ашады. Санның артында жасырылған сұраққа жауап беріп, картадан көрсетуге тиіс.1-тапсырма1. Мадагаскар аралының астанасын ата- Антанариву2. Африка материгінің шеткі нүктелерін ата-3. Африка жағалауын мұхит шайып жатыр? 4. Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет Египет 5. .Африканың ең биік нүктесі Килиманджаро 6. Африканың ең үлкен көлі (Виктория)7. Африканың ең мол сулы өзені (Конго)8. .Ол Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп, Замбези өзенін зерттейді, Виктория сарқырамасын тауып, Конго өзені ағысын, Ньясса көлін сипаттап жазды. Ол 30 жыл Африкада тұрып, сонда қаза тапты. Бұл қай саяхатшы? (Ағылшын саяхатшысы Давид Ливинхстон)9. Африка материгіндегі ең, ең,10. Секретарь құсы тіршілік ететін зона саванна Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды житон арқылы бағалау кенгуру, түйеқұс, коала, эвкалипт ағашы. Класты 4 топқа бөлемін жұмбақтар арқылы.Жаңа сабақтың барысы-Сабақтың мақсаты мен міндетін ашу- Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді, өзендері сусыз ағады, кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады. Сонымен қатар, бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату — тәтті өмір сүріп жатыр. Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы» Бұл материкте қалталы жануарлар көп. Соның бірі кенгуру. Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен. Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді.• Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң. Ол еш ызаланбайды. Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады». Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған. Бір коаланың баласы өліп қалыпты. Ол қатты қайғырып екінші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған. Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып, тербетеді де.• Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.Сабағымыздың негізі ұстанымы: «Естідім — ұмыттым, көрдім – еске сақтаймын, жасадым — мәңгілік менікі».Видеоролликті тамашалаймыз. Аустралияға саяхатқа шығу үшін ұтыс билетін ұтып алумыз керек. Ол үшін мына сұрақтарға дұрыс жауап беруміз керек.1. Дүниежүзінде неше материк бар.2. Ең ыстық материк-3. Дүниежүзіндегі мұхиттардың саны қанша оларды ата-4. Аустралия материгін неше мұхит шайып жатыр-5. 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б. Саттарханов алтын иелендіІ.Оқушылар Аустралияға жолдаманы ұтып алды.Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап берілсе ұшақ билеті тегін Беріледі.ІІ. Билетті ұтып алып ұшақпен Аустралияға жеттік алдымыздан аборигендер шығып қарсы алды. Бізден сұрақтар сұрады.Австралиялық аборигендер деген кім — Австралияның байырғы халқы. Австолоид нәсіліне жатады. Австралияға 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығысынан келген. 18 ғасырда Австралияға келген европалықтар аборигендерді қырғынға ұшыратты. Соның салдарынан қазір Австралия халқының 2,6 % құрайды.
1-топ Постер қорғау Аустралия материгінің географиялық орны мен жер бедері және пайдалы қазбалары.2-топ Картамен жұмыс Өзендері мен көлдері 3-топ Кестемен жұмыс Табиғат зоналары 4-топ Термин сөздермен жұмыс жаңа сөздерге анықтама береміз.Қорытындылау. Венн диаграмма 1.Аустралия материгі қандай жарты шарда орналасқан?2. «Аустралия» сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді?3. Көзімізді жұмып, көз алдымызға табиғаттың әсем көріністерін елестетейік. Әсем табиғат көріністеріне не жатады екен?4. Аустралия материгі түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, материк атауының өзі латын тілінен аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді. Міне балалар біз саяхатымыздың соңғы мәресіне келіп жеттік. Бүгінгі саяхатымыз осы жерден аяқталады. Сендерге бүгінгі саяхат қызықты болды ма, нені білдіңдер сол туралы қане кім өз пікірін айтады?Бірнеше оқушы тұрып нені білгендерін, ұнаған жерлерін айтады.Бағалау сәті: Топ басшылары кемеше – житондарын санап, санын айтады да, өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
Рефлексия. Балалар өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамаған жақтарын стикерге түсіреді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.