Аудиторлар палаталарының өкілеттігі | Скачать Курстық жұмыс

0

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым мистрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өнімді, жұмысты, қызметті жөнелту және өткізу есебін аудит арқылы
тексеру

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж
Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …3
І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері,
түрлері … … … … … … … … … … …5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар
палатасы … … … … … … … … 9
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті
лицензиялау … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 11
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия
беру … … … … … … …12

ІІ. Өнімді, жұмысты, қызметті жөнелту және өткізу есебін аудит арқылы
тексеру
2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің
стандарттары … … … … … … … … … … … … 14
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігі … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..15
2.3 Аудит жүргізу құқығын
шектеу … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
…16
2.4 Аудит жүргізу
сатылары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .18

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі
тәжірибесі … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі
тәжірибесі … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..24

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … …30
Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … .33

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Аудит — салыстырмалы түрде біздің елімізде
акционерлік қоғамдардың, серіктестіктер мен басқа да шаруашылық
субъектілерінің қызметін тәуелсіз қаржылық бақылаудың жаңа бағыты. Бақылау
немесе ревизиялық қызмет бұрын жүргізілмеген деген түсінік қате болып
саналады. Ревизия мен аудит мағынасы бойынша жақын болса да, екеуі әр түрлі
түсінік. Аудит — бақылаудың шығармашылық дамуы. Қаржылық бақылаудың
нысандары мен түрлерін толыктырып отырады.
Аудит қызметі біздің түсінігіміздегі экономикалық талдауға, құжаттық
кешендік ревизияға, баланстың есептік бақылауы мен соттық — бухгалтерлік
сарапқа тән емес. Аудиторлар өз міндеттерін жүзеге асыру барысында басқа да
есептік, бақылау — аналитикалық тәжірибені қолданады. Профессор Я.В.
Соколовтың айтуы бойынша: ревизияның мақсаты — кемшіліктерді, залалды жою
болса, аудит мақсаты — кемшіліктерді қысқарту мен залалды шектеу.
Қазақстан республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында Қазақстан
Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік
оргаңдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар
арасында туындайтын қатынастарды реттейді деп көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты. Аудиторлық қызметтің пайда болуының тарихы
және дамуын, аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы
тақырыптың мәнін ашу.
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аудиторлық
қызмет туралы Қазақстан Республикасы зандарыңдағыдан өзгеше ережелер
белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
аудит жүргізу жоніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер
көрсете алады.
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың
кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай
міндеттерді қарастыруға болады:
— аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;
— аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;
— аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігін т.б. зерттеу.
Зерттеу тәсілдері. Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да
міндетті болып табылады.
Аудит мынадай дәйекті тәсілдер бойынша жүгізіледі:
1) жоспарлау (тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен);
2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
5) аудит рәсімін жүргізу;
6) аудиторлық қорытындыны қалыптастыруы сақтайды.
Амеикалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында “Аудит-ол
кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің,пайдаланушылар үшін табыстылық
ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” деп анықтап
береді.АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолынакөп еңбек
сіңірген профессорДжек Робертсон екі анықтама береді.Оның біреуінде
жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік”-деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік
есеп,аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ,ол бухгалтерлік есеп жасауда
жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкерлігіне
зиян келтіру әсерін айтады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен
білім практикалық қызыметінің даму жолында жаңа салым саласының пайда алып
келді.Аудитор латынның “audio” деген сөзінен шыққан,яғни ол “тыңдап тұр”
деген мағынаны білдіреді.
Аудиторлық қызыметтің негізгі принциптері:
1 тәуелсіздік
2 обьективтілік
3 кәсіби біліктілік
4 құпиялылық
Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензиялары ҚР-ның Үкіметі
белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.
Банк қызыметінің аудитін жүргізіуге лицензияарды Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі береді.
Аудит жүргізу және аудиторлық қызымет бейілі бойынша қызымет көрсету
шартында:шарттың нысаны,мерзімі,тиісті қызыметтер көлемі,ақы төлеу мөлшері
мен шарттары,тараптардың құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі көзделеді.

І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» — деген түсінікке әр түрлі
анықтамалар берілген. Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан
анықтаған. К.Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13
түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын
қарастырып талдайық.
Бір автор қысқаша анықтама берсе, кейбіреуі өте күрделі анықтама
береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол
аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада
аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол аудиторлық қорытынды
туралы. Себебі, қандай бір аудиторлық тексеру болмасын оның негізгі мақсаты
аудиторлық қорытынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі
туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздерше ол үлкен кемшілік. Олай
дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көрсеткен
объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі
принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық
көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге құқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей
шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе
«алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі
қарай бухгалтерлік есептің жургізілуімен оның құрылымын ұйымдастырылуын
тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік
тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың
анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында «Аудит — ол
кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық
ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту» — деп
анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ,
Англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің
мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер
үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте
жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына
кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз
етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп
еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде
жоғарыда айтылған «мәліметтік күдік» — деген түсініктің мазмұнын
бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік
есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың
кәсіпкерлігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол
«Мәліметтік күдікті» бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің
сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық
мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз
пайдалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе
профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап
көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор «кәсіпкерлік күдік» —
деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы
күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму
жолындағы қауіпптілігі — деп түсінуге болады. Оған себеп: инфляцияның
күшеюі, салық төлемінің толқымалылығы немесе көбеюі, сату процесіндегі
бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуін жасауы мен тағы басқа көптеген
себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын «кәсіпкерлік
күдіктің» мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз
шаруашылығын жүргізу үшін тиімді шешім қабылдай алады. «Кәсіпкерлік күдік»
аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббск өздерінің жазған
оқулықтарында мынадай анықтама береді: «Аудит — ол процесс, арнайы мамандар
арқылы дербес тәуелсіздік жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының
дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге
сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру». Шетел
мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ,
осы соңғы анықтама басқаларына қарағанда біздің ойымызша аудитті толық
қарастырған сияқты.
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: «Аудит —
дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің
барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды,
ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және
нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына
жауап ретінде тусініктеме қызметін атқару» — деген. Автордың ойынша осы
анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден — тәуелсіз дербестігі
көрсетілген, үшіншіден — аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше
делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның хатшылық жағдайы анықталып,
даму жолына сәйкес ұсыныстар беріледі, төртіншіден — аудиттің консалтингтік
қызмет көрсету жағы айтылған.

Аудиттің шығу тарихы
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылыми мен
білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа салым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада
қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай обьективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның audio деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр»
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық — жұмыс барысына тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
«аудитор» – тыңдаушы дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп — лауазымды қызметкерлердің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: «бет көрсе- жүз ұялады», — деген ұлы
сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден «тыңдаушы» мен саған
«сенемін» — деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді» ақтаймын —
деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудиторлық қызмет — дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдар, аудитке қоса, өз іс-әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер
көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:
1) тәуелсіздік;
2) объективтілік;
3) кәсіби біліктілік;
4) құпиялылық.
Аудит және оның түрлері
Аудит дегеніміз жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының
дұрыстығын және олардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін
бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі — аудиттелетін
субъектілердің) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруге болып табылады.
Аудиттің түрлері — міндетті аудит және бастамашылық аудит.
Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жағдайларда жүргізіледі.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша
аудиттелетін субъекті пен аудитордың, аудиторлық ұйымның арасындағы аудит
жүргізуге арналган шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен
көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы

Аудитор
1. Аудитор — Біліктітік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор»
біліктігінің берілуі туралы куәлік алған жеке тұлға.
2. Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық
ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудиторлық ұйым
1. Аудиторлық ұйым — ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік
кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті
жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық
ұйым.
2. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық
қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды-Қазақстан Республикасының
резиденттерін құрған жагдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлар палатасы
1. Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және онын мүшелерінің
жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде әрекет жасайды.
3. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті
негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
4. Аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен
белгіленеді.
5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында
конференцияда (жиналыста) құрылатын, осы аумақта аудиторлық қызметпен
айналасушы адамдардың кемінде елу процентінің ағынан өкілдік ететін
аудиторлардың бір палатасы ғана құрылуы мүмкін.
6. Республикалық аудиторлар палатасын құру, оның жарғысын қабылдау және
оның жұмыс органдарын бекіту туралы шешімдер Қазақстан Республикасының
аудиторлық кызметпен айналысатын аудиторларының кемінде елу процентінің
атынан өкілдік ететін аудиторлардың Республикалық конференциясында
(жиналысында) қабылданалы.
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
1. Аумақтық аудиторлар палаталары:
1) аудиттың дамуына, оның тиімділігін арттыруға аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіріп отыруға
жәрдемдеседі;
2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың уәкілетті мемлекеттік орган
бекіткен аудит стандарттары талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
3) аудиторлардың аудиторлық ұйымдардын және аудиттелетін субъектілердің
аулиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарайды;
4) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға байланысты Қазақстан Республикасы-ның заң актілерімен және
әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді;
5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесіне талдау
жасайды, оларды қорытып, таратады;
6) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүдделерін бекітеді;
7) заңдарға және харықаралық шарттарға қайшы келмейтің өзге де қызметті
жүзеге асырады.

1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті
лицензиялау
Аттестациялау деп Біліктілік комиссиясының уәкілетті орган бекітетін
біліктілік талаптардың негізінде емтихандар өткізу арқылы аудиторлыққа
кандидаттардың біліктілік деңгейін айкындауы ұғынылады.
2. Аттестациялауға жоғары білім әрі экономика, қаржы, есеп-талдау,
бақылау-ревизия немесе құқық салаларында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі
бар адамдар жіберіледі.
3. Аттестациялаудан өткен адамдар аудитор біліктілігі берілгені туралы
куәлік және біліктілік куәлігінің нөмірі керсегілген аудитордың жеке мөрін
алады.
Біліктілік комиссиясының «аудитор» біліктілігі берілгені туралы шешімі
баспасозде жарияланады.
1. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау жөніндегі білікгілік
комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар палаталарының
Республикалық конференциясында ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
2. Біліктілік комиссиясының құрамына аудиторлардың әрбір палатасынан
бір өкілден кіреді.
3. Біліктілік комиссиясының торағасы болып оның мүшелерінің ішінен
аудитор сайланады.
4. Біліктілік комиссиясы ол туралы аудиторлар палаталарының
Республикалық конференциясында бекітілетін ереже негізінде әрекет жасайды.
5. Біліктілік комиссиясының қызметін қаржыландыруды, материалдық-
техникалық қамтамасыз етуді оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 105-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Аудитордың біліктілік куәлігінің күшін жоюы
1. Аудитордың біліктілік куәлігінің:
1) біліктілігік куәлігін беруге негіз болған мәліметтердің дұрыс
еместігі анықталған;
2) сот тәртібімен аудитор әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе оның
әрекетке қабілеті шектелген;
3) көрінуі жалған аудиторлық қорытынды берген:
4) аудит стандарттарының негізгі талаптарын сақтамаған және заңдарды
өзгедей де бұзған жағдайларда күші жойылады.
2. Біліктілік куәлігінің күшін Біліктілік комиссиясы жояды. Біліктілік
комиссиясының шешімі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия берген
мемлекеттік органға хабарланып, баспасөзде жарияланады.
3. Аудитор Біліктілік комиссиясының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға
құқылы.

1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру
1. Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензияларды Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.
Банк қызметінің аудитін жүргізуге лицензияларды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк береді.
2. Аудиторлық ұйымдар құрамында жұмыс істейтін аудиторларға лицензиялар
қажет емес.
3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия тұрақты болып
табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
4. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия тізбесі лицензиялау
туралы заңдармен белгіленетін құжаттар негізінде беріледі.
5. Лицензия беру үшін өзге құжаттар табыс етуді талап етуге және
қосымша шарттар белгілеуге тыйым салынады.
6. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және оларға берілген лицензиялар
туралы мәліметтер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімінде
көрсетіледі.
7. Лицензиялар беруді, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тізілімін
жүргізуді, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың берілуі, кері
қайтарып алынуы және күшінің тоқтатыла тұруы туралы мәліметтерді бұқаралық
ақпарат құралдарыңда жариялауды лицензиар болып табылатын уәкілетті
мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Лицензияны қайтарып алудың және оның күшін тоқтата тұрудың негіздері
1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларды
лицензиялар заңдарда белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуы мүмкін.
2. Лицензиялар тоқтатыла тұру себебін көрсете отырып, лицензияның күшін
заңдарға сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар лицензия беруден бас тарту, оның-
қайтарып алынуы мен күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым
жасауға құқылы.

ІІ. Өнімді, жұмысты, қызметті жөнелту және өткізу есебін аудит
арқылы тексеру
2.1 Аудит жүргізу шарты, аудиттің стандарттары

Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы
қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт негізінде
қалыптасады.
Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейімі бойынша қызмет
көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, тиісті қызметтер көлемі, ақы
төлеу молшері мен шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігі көзделеді. Тараптардың келісуімен шартта, сондай-ақ өзге
жағдайлар да көзделуі мүмкін.
Аудиторлық қорытынды
1. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды жасалады,
ол аудиттің стандарттарына сәйкес болуға тиіс.
2. Аудиторлық қорытынды зандарға сәйкес аудит жүргізуге міндетті
аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептілігінің ажырамас бөлігі болып
табылады.
3. Жеке кәсіпкер болып табылатын аудитор жасаған аудиторлық
қорытындысына қол қойып, оны жеке мөрімен куәландырады.
4. Аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысына атқарушы-аудитор қол
қойып, оны жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы бекітіп,
ұйымның мөрімен куәландырылады.
Аудитке бірыңғай талаптар белгілейтін және халықаралық стандарттарға
сәйкес аудитті өткізудің принциптерін тәртібін және өзге де қызметтерді
айқындайтын нормативтік құжаттар аудит стандарттары деп ұғылады.
Аудиттің стандарттары Республикалық аудиторлар палатасының
конференциясында (жиналысында) қабылданып, оны уәкілетті мемлекеттік орган
бекітеді.

2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігі

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың:
1) аудит жүргізу әдістерін өз бетімен белгілеуге;
2) шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де
қаржы-шаруашылық қызмет құжаттамасын, алуға және тексеруге;
3) осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды қоспағанда, түрлі саладағы
мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізінде тартуға;
4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге жасалған шарттың талаптарын
бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық қорытынды беруден бас
тартуға құқылы.
2. Мемлекеттік органдардың, аудиттелетін субъектілердің және кез келген
үшінші тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметіне заңсыз
араласуына жол берілмейді.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері
1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың:
1) осы Заңның 20-бабында аталған мән-жайлардың салдарынан аудит
жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға.
2) аудиттелетін субъектіден алынған және аудит процесінде жасалған
құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) аудиттелетін субъектіге қаржылық есептілік пен өзге де құжаттардың
заңдарға сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға;
4) аудит нәтижелерінің, сондай-ақ аудит жүргізу кезінде, алынған және
коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясының нысанасын
құрайтын, мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.
2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйым үшін аудиттелетін субъектінің шарт
бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау міндетті.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардын жауапкершілігі
Аудиторлық қызмет туралы зандарды, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны
үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапты болады.

2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру кезіңде: құрылтайшылары, қатысушылары,
несие берушілері болып табылатын аудит жүргізуге тапсырысшылардың, не
құрылтайшысы, қатысушысы, несие берушісі аудиторлық ұйым болып табылатын
аудит жүргізуге тапсырысшылардың аудиторлық ұйымына;
тапсырыс берушіге соңғы екі жыл ішінде бухгалтерлік есепті жолға қою,
қалпына келтіру, жүргізу женінде, соңдай-ақ қаржылық есептілік жасау
жөнінде аудит қызметтерін көрсеткен аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға;
аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ аудиттелетін субъектінің
жарғылық капиталының 10 проценттен астамын иеленген құрылтайшының немесе
қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары (ата-аналары, жұбайлары, аға-
ініәлері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың аға-
інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) болып табылатын
аудиторларға;
аудиттелетін субъектінің қызметкерлері, қатысушылары. Лауазымды
адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар аудиторларға
аудит жүргізуге тыйым салынады.
Аудиттелетін субъектінің:
аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан аудит жүргізуге қатысты заңдардың
талаптары туралы егжей-тегжейлі аппарат алуга;
аудитордың немесе аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына
негіз болған нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан қаржылық есептіліктің және өзге де
құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы
ұсыныстар, ақпарат алуға;
аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар шарт талаптарын бұзған жағдайда
олардың көрсететін қызметінен бас тартуға құқығы бар.
Аудиттелетін субъектінің міндеттері
1. Аудиттелетін субъект:
1) аудиторға немесе аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргізу
үшін жағдай жасауға, қажетті құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе
жазбаша түрде түсіндірме және түсінік беруге;
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиісті мәселелер ауқымын
шектеу мақсатында аудитордың немесе аудиторлық ұйымның қызметіне
араласпауға;
3) аудитордың немесе аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті
ақпарат алу үшін үшінші бір тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал
салуға міндетті.
2. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның шарт бойынша міңдеттемелерден
туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі
1. Аудиттелетін субъект аудиторға немесе аудиторлық ұйымға аудит
жүргізу үшін берген құжаттар мен басқа да ақпараттың толықтығы мен
дұрыстығы үшін жауапты болады.
2. Занды тұлғаның міндетті аудит жүргізуден жалтаратын не оны жүргізуге
кедергі жасайтын басшысы Қазақстан Республикасының зандарында сәйкес
жауапты болады.
3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық
есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапкершіліктерін босатпайды.
Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен олардың
аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
1. Осы Заң күшіне енгенге дейін берілген лицензиялар мен біліктілік
куәліктері жарамды болады.
2. Осы Занда көзделген Біліктілік комиссиясы құрылғанға дейін
біліктілік куәліктері осы Заң күшіне енгенге дейін қолданылған тәртіп пен
шарттарда беріледі.

2.4 Аудит жүргізу сатылары

Аудит жұмысы — бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылып
жүргізілетін тиянақты жұмыс.
Аудит теориясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:
Бірінші сатысы: Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор
ұйымдары үшін шарт жасау кезеңінен басталады. Олай дейтін себебіміз:
аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудит жүргізерден бұрын оның қаржы-
шаруашылығына толық зерттеу жасап, алдын-ала өз пікірін тұжырымдайды.
Сонымен қатар нақты … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz