Ауа микрофлорасы слайд,презентация — Биология

0

Ауа микрофлорасы слайд,презентация 

 

 

Ауада микроорганизмдер едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі.
 Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып  қалады. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. 
Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары, көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада микроорганизмдер саны көп болатыны анықталған. Ал керісінше ауыл, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады. 
Құрамында органикалық заттары көп, өңделген топырақтың бетіндегі ауада — микроорганизмдер әжептәуір болады, салыстырмалы, құмды жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. 
Тіпті бір жердің ауасының өзінде:
 жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, 
жауын өткеннен соң едәуір азайып қалады. 
Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. 
Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі бактерицидті әсерлі: УК сәулеслеріне түрлі-түсті бактериялар түссіз бактерияларға қарағанда төзімділеу, сондықтан ауда олар жие кездеседі . 
Спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. 
 Жыл мерзіміне байланысты ауа микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз, көктем мен күзде олардың саны аса көп болмайды: қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз кезінде жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді ұшырап шығарады. Күз бен көктем кезінде жауын – шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаңда аз болады. Сондықтан бұл мезгілде ауадағы микробтар саны көп болмайды.
Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микроорганизмдер көп болады. Мәселен, бөлме ауасының  м3 олардың саны 100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді, микробтар саны артады. Ауа микрофлорасында споралы микробтар, сарциналар, ашытқылар, пигмент түзуші бактериялар, актиномицеттер мен зең саңырауқұлағы кездеседі. Жабық ортаға адамның тыныс жолдарының микробтары түседі. 
Ауаның сандық және сапалық құрамы әрдайым өзгереді. Кейбір ауру туғызатын микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, дем алған адамға жұғады.
Жабық ортадағы ауада ол ортаның көлемі, желдетуі, тазалық жұмыстары, жарық түсуі, ондағы адамдар болуы және тағы басқа шарттар болады. 
Бөлме ауасындағы микробтар құрту мақсатында арнаулы санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау ұсынылады.
Микробтың жалпы санының критерийі: Жалпы микроб саны (ЖМС)- барлық микроорганизмдердің 1мл/1г/ 1м3 субстраттағы саны. Осы арқылы, сыртқы ортада микроорганизмдер қаншама көп болса, сонша патогендік микроорганизмдердің ластануы ықтималдығы жоғары болады. 
Ауру тудыратын топтары тек ауасы ластанған жерде кездеседі, ал далалы және орманды жердің ауасында олар мүлде болмайды.
СКМО — санитарлық –көрсеткіштік микроорганизмдер

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!