Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі

0


Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының әкімшілік құқықтық мәртебелері мен жүйесі

Мазмұны

Кіріспе 3
1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мазмұны 4
2. Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі 5
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі 7
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Жалпы қоғамдық қауіпсіздік деп әлеуметтік қауіпсіздіктің әртүрлілігі ретінде, мемлекеттік органдардың, тұлғаның қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбек етуге және демалуға қолайлы жағдайларын, қоғамдық ұйымдардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты қызметін қылмыстық және құқыққа қарсы басқа әрекеттерден, жоғарғы қауіптілік көздерін пайдалану тәртібін, азаматтық айналымнан тәркіленіп алынған заттарды пайдалану тәртібін бұзудан, техногендік және табиғи сипаттағы қолайсыз құбылыстардан, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлардан шығатын қауіптерден қамтамасыз ету мақсатындағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жүйесін түсінеміз.
Мемлекеттегі қоғамдық қауіпсіздік өз алдына құқықтық нормалардың сақталуы мен орындалуының нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік-құқықтық санатты, қол сұғылмаушылыққа мемлекетпен, қоғаммен кепілдік берілетін қоғамдық қатынастар жүйесін қояды. Осы мән мәтінде қоғамдық қауіпсіздіктің мәні мен оның элементтері жөнінде айтқанда, келесіні атап өту қажет. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні қауіпсіздікке тән біршама нық ішкі байланыс элементтерін құрайды. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні материалдық, зейіндік және құқықтық мазмұнымен сипатталатын элементтер жүйесі ретінде түсіндірілетін оның шынайы құрамы болып табылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қауіпсіздік субъектісінің, оның қызметінің объектісіне мақсатты ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ықпал әдістермен аталуы тиіс түрлі тәсілдердің, құралдардың көмегімен өндіріледі.
Сонымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік іске асыруға мүмкіндік береді. Әдістер қоғамдық қауіпсіздіктің мақсатына қандай тәсілмен жетуге болады деген сұраққа жауап береді. Демек, әдістер дегеніміз — бұл қауіпсіздіктің субъектілеріне жүктелген мақсаттарды, міндеттер мен қызметті іске асыру құралы. Басқа жағынан, мақсаттар, міндеттер мен атқаратын қызметтер әдістерді қолданудың ерекшелігіне себепші болады. Олардың таңдауы көбіне қойылған мақсаттарға жетудің шынайылығын анықтайды.

1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мазмұны

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы — жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын,Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі. Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.
Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес, керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша — нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың, дамуын бұзды [1].
Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада «қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі философиялық категория деп қарауға бейім. Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы,әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады,ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп,соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді. Қауіпсіздік саласындағы дәлдеу қажет болып отырған негізгі ұғым қауіп ұғымы себебі қауіпсіздік проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде бұл термин бастапқы термин деп есептеледі.
Қауіп ұғымы қауіпсіздіктің жалпы теориясында әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып, дамуына жағымсыз серпін немесе параметрлер дарытатын әлдебір залал немесе зиян келтіретін ахуал ретінде қарастырылады.
Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттың құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады.Олай болмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп отырады.
Ұлттық мүдде дегеніміз мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс. Алайда кез-келген қоғам әр түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы болғандақтан аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің оның дамуындағы обьективті қажеттіктерден туындаған ынталандырушы күш ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ, онда әр-түрлі қоғамдық топтардың жеке ерекше мүдделері қоян-қолтық араласып, ықпалдасып теке тіресіп жатады.
Жеке адамның қаіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген концепциясының негізгі критериі, себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына ең алдымен, жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға өмірлік маңызды қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік берелік құқықтық және имандылық нормаларын,қоғамдық институттарды қалыптастыру түрінде жүз беріп отырмақ.
Сонымен ұлттық қауіпсіздік ұғымын ең алдымен қоғам мүшелерінің қалыпты толыққанды өмір сүруіне, еркін дамып, өз мүмкіндіктерін аша білулеріне қолайлы жағдай жасау деп түсіну керек. Мемлекеттің қоғамдағы адам баласының негізгі құқын ,ең алдымен оның өмір сүруге жеке бостандығына және меншікке деген құқын қаншалықты қорғап,кепілдік бере алатындығына тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай жеке адам қауіпсіздік нысаны болса мемлекет субьектісі. Бұл жерде аумақтық тұтастық пен мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау тәрізді өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделер жеке адамдардың ерік-жігері мен ынтасына байланысты емес екендігін атап айту жөн,себебі жоғарыда айтылғандар обьективті жағдайлар және олар ұлттық сана сезімнің бір бөлігін құрады.

2. Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі

Атқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады. Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.
Қазіргі кездегі атқарушы билік органының құқықтық мәртебесінің негізі толығымен жалпы көзқараспен мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік органдары өздеріне жүктеген қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктік өкілділігімен бөлінген. Атқарушы билік органның атқарушылық билікті жүзеге асыруға арналған мұндай өкілеттілігі басқа да мұндай өкілеттілік берілген органдардан ерекшеленеді.
Атқарушы билік органдарын мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, субъектілерінің жарғыларымен және мәртебесін бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалған [2].
Атқарушы билік органы — мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік — құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік — құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік — құқықтық мәртебесін жан — жақты қарауды қажет етеді.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада ұйым деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым — тар мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы — кең мағынадағы ұйым. Мемлекеттік мекеме — әлеуметтік — мәдениет немесе өзге өндірістік емес сипаты бар қызметті жүзеге асыру мақсатында бірлестірілген адамдар ұжымы. Бұл, мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орны. Мұндай кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынадай. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өздерінен тысқары қандай да болмасын басқарушылық функцияларды жүзеге асырумен айналыспайды. Кәсіпорын мен мекеменің ішіндегі басқарушылық сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес оның басшылары, яғни әкімшілік жүзеге асырады [3].
Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді де шамамен осылай сипаттауға болады, тек мына бір міндетті жағдайды ескере отырып, оларды мемлекет құрмайды және олар мемлекеттің атынан бола алмайды.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар … жалғасы