Атом ядросы слайд,презентация

0

Атом ядросы слайд,презентация

 

Атом ядросы

 

Ядролық физика саласын даму сатысын шартты түрде үш периодка бөлеміз:
1896 – 1932 жылдар арасы атом ядросының құрылымының ең жалпы факторларының   орныққан кезеңі
1932- 1949 жылдар арасы заманауи  ядролық физиканың даму тарихының бастау алған кезеңі.
Үшінші кезең  ядролық реакция механизмінің және атом ядросының құрылуын тізбектей зерттеудің заманауи даму кезеңі, осы кезде элементар бөлшектер физикасы бөлек сала болып бөлініп шыққан.
Қазіргі кезең ядролық физика саласының дамуы тәжірибелік мәліметтерді жинақтау және оларды  іске асыру, яғни Бізді қоршаған Әлем неден, қайдан пайда болған деген сұрақтарға жауап іздеумен болуда.   
Кіріспе.
Адамзат ертеден бастап таным процесін жүргізіп келеді. 
Сонда айдың, күннің,  жұлдыздардың ар жағында не бар деген бағытта ізденісте болатын. Біз бұны «Үлкен арақашықтықтағы зерттеулер» дейміз. 
Көптеген  зерттеулердің бірі —  Дене ішінде не бар деп зерттеулер жүргізілген. 
Мысалы: жұмыртқаны сыртынан қарағанда, оның ішкі құрылысы қандай екені белгісіз. Оны бөлсе ішінен не шығады деген сұрақтар туындады. 
Сол сияқты денені бөлген кезде ішінен не шығады деген мәселелер туындады. 
Қандай да бір химиялық элементті алсақ, ол бөліне отырып, өзінің бөлінбейтін бөлігіне барған. Ол тұжырым атом болды. Бұл тұжырым 1870-80 жылдары құрылды. Атом – грек тілінен аударғанда «бөлінбейді» дегенді білдіреді. Бізді қоршаған орта, химиялық элементтерден тұрады, әр элементтің өзінің атомы болады. Атомдар бөлінбейді деген қағида болды. 1870 жылдары алғаш рет Томсон лабораториясында (Англияда) атомнан электронды бөліп алды, содан бастап атомның құрылымы қандай деген мәселелер шықты.  

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!