Атмосфераның жаһандық экологиялық мәселелері |

0

Табиғи ортаның жаһандық өзгерістерінің маңызды экологиялық салдарларына жататындар:

  1. Жер атмосферасында булы газдардың ұлғаюы есебінен болып жататын климаттың өзгеруі.
  2. Азонды бұзатын заттар (АБЗ) шығындыларының есебінен Жердің азон қабатының бұзылуы.
  3. Ормандардың жойылуы мен құлдырауы, топырақ эрозиясы, су қоймаларының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін дайындау есебінен биотүрліліктің жоғалуы.
  4. Жердің топырақты-өсімдікті қабатының бұзылуы есебінен жерлердің шөлге айналуы және азып-тозуы.

Жаһандық экологиялық мәселелер атмосфералық ауаның ластануына байланысты. Атмосфера планетадағы өмірдің айқындаушы шарты болып табылады. 1 млн халқы бар қала жыл сайын атмосфераға 10 млн тонна су буын, 2 млн тонна газдар, 20 мың тонна шаң-тозаң мен 150 тонна ауыр металдар шығарады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша зерттелген елдердің жартысында 802 шоғырлануы стандартты нормалардан артық.

Жылыжай әсері және климаттың өзгеруі. Жылыжайдағы әйнек секілді, С02 атмосферада Күннің сәулелі энергиясын Жер бетіне өткізетіні мәлім, бірақ ол Жердің инфрақызыл (жылы) сәуле шығаруын ұстап қалады және осылайша жылыжай (бу) әсерін құрайды. Негізгі булы газ көміртектің диоксиді болып табылады (50-65% дейін). Бұдан басқа, оларға метан, азот оксиді, озон, фреон және басқа газдар, барлығы 30 газдың шамасында жатады. Жылыжай әсерінің, салдарынан Жердегі орта жылдық температура соңғы жүз жылдықта шамамен 0,3-0,6°С жылдамдығымен көтерілген. Атмосферадағы көміртек диоксидінің болуын жүйелі түрде бақылау оның өсуін көрсеткен.

Климаттың жаһандық өзгерістері атмосфераның өнеркәсіптік қалдықтармен және пайдаланылып болған газдармен ластануына тығыз байланысты. Жер климатына адам өркениетінің әсері анық, оның зардаптары қазірдің өзінде сезіледі. 1988 жылы АҚШ-та орын алған атмосфераға көмірқышқыл газының шығындысы жүретін көмір мен бензин сияқты отынды жағу және оны сіңіретін ормандарды шабудан, атмосферада оның болуының артуы нәтижесінде болған қатты ыстық пен құрғақшылық — жер атмосферасының жаһандық жылу әсері деп аталатын салдарлары.

Қазба отын тұтынудың өсуімен қатар, атмосферада С02 артуы жерүсті өсімдіктерінің азаюына байланысты болуы мүмкін. Әсіресе Оңтүстік Америка мен Африка елдеріндегі жоғары өнімді ормандардың шабылуының әсері айқын сезіледі. Планетамыздың өкпесі -ормандардың жойылу жылдамдығы өсуде, ғасыр аяғына таман осындай қарқынмен ормандардың көлемі 20-25% азаяды. Атмосферадағы С02-ның қазіргі деңгейінен 60% артуы жер беті температурасының 1,2-2,0°С көтерілуін тудыра алатыны болжанған.

Сол уақытта климат зерттеушілер орташа температураның 0,1°С өзгеруін елеулі, ал температураның 3,5°С өсуін қауіпті деп санайды. Жаһандық жылыну Солтүстік жартышардың негізгі географиялық аймақтарының жоғарырақ ендіктеріне елеулі орын ауыстыруына алып келеді. Атап айтқанда, тундра аймақтары ормандардың жоғарырақ ендіктеріне жылжу кезінде бірте-бірте жоғала бастайды. Жылыну континенталдық және теңіз мұздарына айтарлықтай әсер ететіні даусыз. Мәңгі тоң аймағының аумағы елеулі түрде қысқарады. Жылыжай әсері жауын-шашындар, жел, бұлттар қабаты, мұхит ағымдары мен полярлық мұзды төбелердің өлшемі сияқты, аса маңызды айнымалы шамаларды өзгерте отырып, планетаның климатын бұзады. Континенттердің ішкі аймақтары — құрғағырақ, ал жағалауы ылғалдырақ болады. Суық маусымдар — қысқа, ал жылысы ұзағырақ болады. Буланудың күшеюі кең ауқымдарда топырақтың құрғақ болып кетуіне алып келеді. Жылыжай әсерінің кеңінен талқыланатын және қорқыныш тудыратын салдарларының бірі — бұл температураның жоғарылауы нэтижесінде теңіз деңгейінің болжамды көтерілуі.

Атмосферадағы булы газдар оның пайда болу кезеңінен бастап шағын мөлшерлерде (шамамен 0,1%) болған. Жылыжай әсері есебінен Жердің жылу теңгерімін тіршілік етуге жарамды деңгейде ұстап тұру үшін, ол мөлшер жеткілікті болған. Бұл — осылай аталатын табиғи жылыжай, ол болмаса, Жер бетінің орташа температурасы 30°С төмен, яғни қазіргідей +14°С емес, -17 С болар еді.

Табиғи жылыжай әсері Жерге де, адамзатқа да қауіп-қатер тудырмайды, өйткені булы газдардың жалпы көлемі табиғат айналымы есебінен бір деңгейде ұсталып тұрған, оның үстіне, біз оған өміріміз үшін міндеттіміз. Бірақ атмосферада булы газдардың шоғырлануы жылыжай әсерінің күшеюіне және Жердің жылу теңгерімінің бұзылуына алып келеді. Өркениет дамуының соңғы екі жүзжылдығында нақ осындай жағдай орын алған.

Қышқыл жаңбырлар бұл атмосфера, гидросфера және литосфера арасындағы зат алмасуының бұзылуы салдары. Міне, ондаған жылдар бойы Солтүстік Америка мен Еуропа үстінен нормадан ондаған, жүздеген, мыңдаған есе асатын қышқылдары бар жаңбырлар жауады. Жаңбырлардағы қышқылды күкірт пен азот оксидтерінің еруі және тиісті қышқылдардың түзілуі тудырған. Күкіртті газ көмірді, мұнайды, мазутты жаққан кезде және күкіртті кендерден түсті металдар өндіру кезінде пайда болады және атмосфераға шығарылады. Ал азот оксидтері жоғары температуралар кезінде азоттың ауа оттегісімен қосылуы барысында, ең бастысы, ішкі жану қозғалтқыштары мен қазандық қондырғыларында пайда болады. Энергия алу — өркениет пен өрлеудің негізі, бірақ қоршаған ортаның қышқылдануымен ілесе жүреді. Бұл жағдайды ЖЭС мұржаларының жоғары қарай өсуі қиындатады. Олардың биіктігі 250-300 және 500 м-ге дейін жеткен. Атмосфераға шығатын шығындылардың мөлшері азаймаған, бірақ енді олар ауқымды аумақтарға жайылып, үлкен қашықтықтардан асып, мемлекеттік шекаралардан өтеді. Күкіртті газ бен күкірт қышқылының әсерінен өсімдіктер жапырақтарындағы хлорофилдің бұзылуы жүреді, оның салдарынан фотосинтез бен тыныс алу қиындайды, өсу баяулайды, ағаш өскіндерінің сапасы мен ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі төмендейді, ал аталғандардың жоғарырақ және ұзағырақ мөлшерлерінің әсерінен өсімдіктер құриды. Қылқанды және жапырақты ормандардың табиғи жаңаруы жүрмейді. Күкіртті газ бен оның туындыларының адамға және жануарларға әсері әсіресе жоғарғы тыныс жолдарының ауруға шалдығуынан көрінеді. «Қышқыл» деп аталатын жаңбырлар топырақ қышқылдығының артуын тудырады, ол жыртылатын жерлерде қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін төмендетеді, көпжылдық дақылды шабындықтар мен жайылымдардағы түрлі құрамның құнды бөлігінің түсіп қалуына алып келеді. Әсіресе қышқыл жауын-шашындардың әсеріне Еуропаның солтүстік бөлігінде кеңінен таралған шым жэне ақшыл сары түсті және торфты топырақтар көбірек үшырайды. Одан да үлкен зиян ауылшаруашылық дақылдарға тиюде. Өсімдіктердің беткі қабаттары құриды, клеткалардағы зат алмасуы өзгереді, өсімдіктердің өсуі мен дамуы бұзылады, аурулар мен паразиттерге қарсы түру төмендейді, дақылдар өнімділігінің құлдырауынан ауыл шаруашылығының табыстары азаяды.

Озон қабатының бұзылуы. Озон қабаты атмосфераның жоғарғы қабаттарында орналасқан және онда озонның үлкен мөлшері бар. Ол полюстер үстінде шамамен 8 шақырым және экватор үстінде 17 шақырым биіктікте басталады. Оның мақсаты — қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіру. Озонның төмен құрамды аймағы Арктикада табылғанын және ол оның шегінен тыс жерге дейін жайылып жатқанын, биіктігі бойынша 12-ден 24-ке дейінгі қабатты алатынын, яғни стратосфераның төменгі бөлігінің айтарлықтай бөлігін алатынын зерттеушілер анықтаған. Іс жүзінде бүл полярлық атмосферада «озон» тесігі бар екенін білдірген. Жерде орташа түрде 1979 жылдан бастап 1990 жылға дейін озонның болуы 5% төмендеген. Озонның бұзылуын хлорфты көміртектер (ХФК) тудыратынын ғалымдар анықтаған. Хлорфты көміртектер 60 жылдан бері тоңазытқыштар мен кондиционерлерде суытқыш агенттер, аэрозольды қоспалар үшін пропеленттер, отты сөндірушілерде көбік қүраушы агенттер, электронды құрылғылар үшін тазартқыштар ретінде, киімді химиялық тазарту кезіңде, көбік пластиктерін өндіруде пайдаланылады. Кезінде олар тәжірибелік қолдану үшін әбден лайық химиялық заттар ретінде қарастырылған, себебі олар өте тұрақты және белсенді емес, яғни улы емес. Ең қызығы, осы қосындылардың енжарлығы атмосфера озоны үшін оларды қауіпті етеді. ХФК азот оксидінің көпшілік бөліктері сияқты тропосферада (атмосфераның төменгі қабаты, ол жер бетінен 15 қаш. биіктікке дейін созылады) тез ыдырамайды және жоғарғы шегі шамамен 50 шақ. орналасқан стратосфераға сіңеді. ХФК молекулалары, озонның шоғырлануы ең көп, шамамен 25 қаш. биіктікке дейін көтерілген кезде, озонның экрандаушы әсерінен төменірек биіктіктерге өтпейтін ультракүлгін сәулелердің белсенді әсеріне ұшырайды. Ультракүлгін жоғары реакциялы қабілеті бар құрамдас бөлшектерге ыдырайтын, кәдімгі жағдайларда тұрақты болатын ХФК молекулаларын, әсіресе атомарлы хлорды бұзады. Қазіргі кезде атмосфераға ХФК шығындылары миллион тоннамен есептеледі, атмосфераға түскен ХФК әсерлері әлі бірнеше онжылдыққа жалғасады. 1987 жылы әлемнің 23 жетекші елі Монреальда оларды ХФК тұтынуын төмендетуге міндеттейтін конвенцияға қол қойды.

Ғалымдардың бағалауы бойынша, әлемді жаулап бара жатқан энергиялық-экологиялық дағдарысты өндіріс пен тұтынудың ноосферлі энергиялық-экологиялық әдісінің, сонымен қатар инновациялық қоғамның тұрақтануы жолымен еңсеруге болады.