Атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар слайд,презентация — Физика

0

Атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар слайд,презентация

 

Екібастұздағы азот пен күкірт тотықтарының ең көп шоғырлануы -0,467 мг/м³ — 0,048 мг/м³. Есептеу нәтижесінде Екібастұз ЖЭО бірге ГРЭС төрт сулы энергия кешенінің жалпы қуаттағы күлдің шоғырлануы 0,5ПДК – дан аспайды. ПДК =0,31 мг/ м³ барлық қарастырылған шекараларда: — Екібастұзда 0,0997 мг/м³; — аймақтардағы ГРЭС 2, 3 шекарасында 0,0693 мг/м³. Екібастұз қаласындағы азот пен көп күкірт тотығының ең жоғары шоғырлануы ПДК =0,5 мг/ м³ аспайды және 0,429 мг/ м³ құрайды, Екібастұз аймақтарының ГРЭС шекарасында 0,7 ПДК, 0,399 мг/ м³ құрайды. NO- ның 60 пайызы атмосферадағы озон мөлшеріне байланысты NO2 екі тотықты азотқа тотығады. Есептеуде NO толығымен NO2 айналмауы SO2+ NO2 қосындысы 1,2 ПДК болатыны көрсетілді. Орналасқан аудандарда қарастырылған шекаралардың SO2 және NO2 шоғырлануы мен күлділігіне байланысты ПДК мәнінен төмен болады. КЭС жобасында Электр Станциядағы күл мен қож қалдығының шаңдылық дәрежесін төмендету мәселесіне көп көңіл бөлінген. КЭС – тағы күлден тазарту ретінде өте тұзды Қарасор көлін қолданамыз. Табиғи жағдайда көлдің ауданы 40 см², су тереңдігі 1 метрге дейін жетеді. Ауданы кішірейген сайын, көлдің тереңдігі 0,2-0,3м дейін төмендейді. КЭС жобасында күлді жойғыш айналасында бөгеттер орналасқан, олар су деңгейі жоғарылағанда тұтану көздерінде қауыпті жағдайдан қорғайды. Күл жойғыштың жұмыс көлемін азайту үшін жаз мезгілінде ыстық температураға дейін күл жойғыш қондырғысын ішке кіргізу қажет деп ұйғарылған. Қазандықтан шыққан газдың есептелуі.Түтін құбырының биіктігін есептеу: Түтін құбырының ең төмен биіктігін келесі түрде анықтаймыз. Шығатын күлді анықтау (г/с): Мұндағы Вр – барлық қазандықтағы отынның сағаттық есептелу шығыны, т/сағ; ήк.т- күлтұтқыштың ПӘК- і, %; q4- механикалық толық емес жанудағы жылудың жоғалуы. Шығатын екі оксидті күкіртті анықтаймыз (г/с): , Мұндағы -отынның жұмыс массасындағы күкірттің мөлшері; — молекуланың массасы; -ң S-ке қатынасы. . Есептелген бойынша шыққан азот оксидін анықтаймыз (г/с): жанатын отын сапасының әсерін есепке алатын анықталған өлшенбейтін коэффициент, (сұйық қож шығарудағы Екібастұз көмірі үшін); жанудағы өнімді рециркуляциялау тиімділігін сипаттайтын коэффициент ; жанарғы құралымын есептегендегі коэффициент (түзу жанарғылар үшін); үрленген ауаның пайыздалған шығынының жану өнімін рециркуляциялау дәрежесі ; жанған шартты отынның 1 тонна шығатын азот оксидін сипаттайтын коэффициент, ол қазандықтың ақиқатты бу өнімділігіне байланысты анықталады. 1500ºС температурадағы факелмен, жоғары 75 пайыз жүктемемен, қатты отынды жағумен жұмыс жасайтын қазандық үшін.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!