Атаның сөзі — ақылдың көзі

0









Атаның сөзі — ақылдың көзі

Автор: Тасбулатова Мархаббат Маратовна

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру




Сабақтың тақырыбы: Аталар сөзі – ақылдың көзіСабақтың мақсаты: Тәрбиелік: халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру Білімділік: оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дарытуДамытушылық: шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын,ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту Түрі: сайысӘдіс-тәсілдері: мақал-мәтелдерді жатқа айту, баяндауКөрнекіліктері: көрнекі жазылған нақыл сөздер, АКТ, шарларМұғалім: «Сәлем – сөздің анасы» демекші, сәлеметсіздер ме, қонақтар,0 ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие –адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, өнеге-өсиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Олай болса бізде өз үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап, сөз маржандарының теңізінде жүріп көрейік! Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше, күнделікті өмірде ата — әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты сайысымызды бастайық.Енді сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық. 1-ші топ «Ақыл» тобы, 2-топ «Достық» тобы.Әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:Сайыс бағдарламасы:1. «Мен атамның жалғасымын» таныстыру2. «Асылдың сөзі-ақылдың кеңі» үй тапсырмасы3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел айтысы4. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» өз ойларын сарапқа салу5. Қорытынды.1-жүргізуші: Көп жасаған қария-Ақылы теңіз-дарияКөп өнеге сөзі бар,Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр.2-жүргізуші: Ата салты ардақты,Әрбір сөзі салмақты.Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күн бармақты.1-жүргізуші: «Сөз атасы-сәлем» деген емес пе?2-жүргізуші: Армысыздар, қонақтар!1-жүргізуші: Бармысыздар, балалар!2-жүргізуші: «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты сайысқа қош келдіңіздер!1-жүргізуші: Бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.2-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады.1-жүргізуші: Сәулелі сөз сөне ме, Орны бөлек батаның.Бізге тәлім, өнеге-Ақ тілеуі атаның. 2-жүргізуші: Сайыскерлерге бата беру үшін сахна төріне атамыз бен әжемізді шақырамыз.Ата: Жүйрік тілді ақын бол,Жақсыларға жақын бол.Достарыңмен тату бол,Дұшпаныңа қату бол. Әумин!Әже: Ұсақ болма ірі бол,Өз ортаңның гүлі бол.Ата-анаңның көзініңСөнбейтұғын нұры бол! Әумин!1-жүргізуші: Ойға тоқы,нарқын сез, Ата сөзі-алтын сөз, деген осы. 2-жүргізуші: «Мен атамның жалғасымын» атты бірінші сайысымызды бастаймыз. Әр топ басшылары таныстыруға шығады.1-жүргізуші: Екінші сайысымыз «Асылдың сөзі- ақылдың кені» деп аталады. Ол-үйге берілген тапсырма. Сахнаға «Ақыл» тобын шақырамыз. Олар «Адамға ақыл беретін кімдер?» сұрағына жауап іздеу керек.-Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы-Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.-Адамға ақыл беретін –адал дос.-Адал дос-ақылшың, ақылшы дос-жақының.-Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың.2-жүргізуші: Сахнаға «Достық» тобын шақырамыз.Олар «Достықты нығайтатын не?» сұрағына жауап іздеу керек .— Достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.— Шын достың ақылдыға тән екендігі.— Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау — Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі.— Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.2-жүргізуші: Әр топтың толық жаубына баға беру.1-жүргізуші: «Ескірмейтін есті сөз» атты сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста мақал-мәтелді кезектесіп айтып жарысу. 2-жүргізуші: Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса.Батырлықтан не пайда, Халқың үшін қайрат қылмаса.1-жүргізуші: Туған соң адам бопБілімсізден жаман жоқ.Ата сөзін білмесең,Жұрт айтады надан деп. 1.Бірлік түбі-тірлік.2.Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар.3.Сыйға сый, сыраға бал.4.Сыйлап берген су сатып алған балдан артық.5.Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы кісі сәлем берер.6.Қуыс үйден құр шықпа.7. Шешен сөз бастар, батыр қол бастар.8.Көп сөз-күміс, аз сөз- алтын.9. Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер.10.Өткір тіл дарын, ұзын тіл жауың.2-жүргізуші: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» атты сайысымызды бастаймыз. Экранда бейнебаян көрсетіледі. Сол бейнебаянда көрсетілген көріністен жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып өз ойларыңды топпен бірге жазып, түйген ойларыңды түсіндіру. 1-жүргізуші: Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан.2-жүргізуші: Осы естігендерлеріңізден ғибрат алып, ой түйеді деп сенеміз. Әділқазылар әділ үкімін шығарғанша, топтардың ұпай санын есептеп болғанша бір жақсы ән тыңдайық.Орындайтын: Құралбайқызы Мадина Ән: «Әкем әнім»1-жүргізуші: Өсиетін атамның мұра тұту бізге парыз-дей отырып сайыс қорытындысын айтуға және марапаттауға кезекті әділқазылар алқасына берейік.2-жүргізуші: Бойларыңда от бар екенін, жүректеріңде шоқ бар екенін байқадық.1-жүргізуші: Күн нұрлы, өмірлерің сырлы болсын дей отырып, келесі мерекелік кеште кездескеше шуақты мол күндер болсын.Қорытынды. Міне оқушылар біз бүгін ата-бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән- мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық. Атаңа не істесен, алдыңа сол келеді демекші қарттарымызды қастерлеп, құрметтейік.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.