Аталар өмірінен слайд,презентация — Аралас

0

Аталар өмірінен  слайд,презентация

 

 

        “”Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес.
        Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен осы “”Сыр дәптеріме”    жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырымауды ойладым. Дүниеден өзін кеткен мен, ізің қалса болғаны, сол ізбен сырыңды ашады кейінгілер.
                                                                                    Ғ.Мұстафин
        Ш. Құдайбердиев (1858-1931 жж) – қазіргі Шығыс облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде туған.
        Шәкәрім – лирик, эпик, ақын және композитор, музыкант, орыс және шығыс классиктерінің қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл әрі бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнер паз, үлкен мәдениет қайтаркері.
       “Қалқаман Мамыр” (1888 ж), “Енлік-Кебек” (1891 ж.) дастандарын жазған.
        Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың “Том ағайдың балаганы”, Л.Толстойдың “Үш сауал” т.б. Әңгімелерін, А.С.Пушкинның “Боран”, “Дубровский” повестьтерін қазақ тіліне аударған.
       А.Құнанбаевтың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты.
        А.Байтұрсынов (1873 – 1938 жж.) – қазіргі Қостанай облысы, Жангелдін ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келді.
        Қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист – ғалым, еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдыретін танытқан тамаша ақын, ірі қоғам қайраткері.
        Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсыновтың “Әліпбиімен” ашып, ана тілін “Тіл — құралы” арқылы оқып үйренді. 
       А.Байтұрсынов – араб графикасына негізделген қазақ жазуының іргесін қалаушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым, қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
      Ақынның алғашқы өлендері 1909 ж. Санкт-Петербургте “Қырық мысал” аударма жинағында жарық көрді. Екінші кітабы — “Маса”

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!