Ата заңымыз – айбатты балабақшадағы ертеңгіліктер
«Ата заңымыз – айбатты»
Мақсаты:Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын
сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата
заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің
суреттері,Қазақстан энциклопедиясы, Ата заң кітабы.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар ән әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар мен ұстаздар, бүлдіршіндер!
Сіздерді бүгінгі өтетін «Ата заңымыз – айбатты» атты
ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Қазақстан- егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым — елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Нұркелді: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым ,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біз 1995 жылы 30 тамызда
Бүкілхалықтық Референдумда қабылданған Ата заң күнін атап
өтеміз. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп
отырғанымыз – мына біздер, ал Ата заңымыз – еліміздің
рәміздерінің бірі.
Аружан: Ата- бабам тұлпар мініп айқасқан,
Әрбір сөзге кесек- кесек ой тастап.
Тәуелсіз ел президенті сайланды,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.
Кәусар: Көк байрағы даламның,
Бүгінгі ұрпақ жалауы.
Тірегі әке- баланың,
Қазақстан жалауы.
Назерке: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Көрініс. «Ата заңымызды білейік»
Жүргізуші: Балалар, сендер өнерлі, білімді екенсіңдер.Ал енд Ата заңда
әрбір азаматтың борышы, басқа азаматтардың мемлекеттегі
ұлттар мен халықтардың достығын нығайту деп көрсетілген.
Зере: Ынтымақ, достық, тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық.
Бейбіт өмір белгісі,
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Ақжібек: Әрбір жан ойы қосылған,
Құрмет көрер досынан.
Бірлігі елдің қашанда,
Нығайсын деген осы заң.
Лезген биі. Орындайтындар : Наурызбек, Бейбарыс, Дәулет,Расулолла.
Нұрболат: Еркін елдің Ата заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығында қарастырған жан-жақты
«Қазақ» би. Орындайтындар қыздар тобы
Дәулет: Ата заңым – бабалардың лебізі,
Ата заңым — барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Жүргізуші: Күні бүгін ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып отыр, ол шынайы мемлекеттік , біртұтас, жалпыға бірдей Ата-
заңымыздың болуы. Осы Ата заңымыз халқымызға адал қызмет
етеді деп сенеміз. Ертеңгілігімізді аяқтай келе, сөз кезегін
балабақшамыздың директоры
Есбергенова Лаззат Айекенқызына береміз.
Көріп , тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!