«Ата заңым айбыным» рәміздер күніне арналған сабақ жоспары.
Тақырыбы: «Ата заңым айбыным».
Мақсаты Балаларға заң туралы түсінік беру.Құқықтық сана сезімін ояту,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Зал төрінде ҚР –ның рәміздері ілулі тұрады. Мереке басталар алдында ҚР-ның Әнұраны орындалады.
Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер, ата-аналар, бүгінгі мерекеміз құтты болсын. Егеменді еліміздің байлығы- өз заңы қалыптасқан заманда туып-өмір сүріп жүргеніміздің өзі мақтаныш деп есептеймін. Ал бұл тәуелсіздіктің ата бабамыздың алып берген жеңісінің нәтижесі.
Мерекеміз ҚР-ның Әнұранымен ашылсын.
Әнұран орындалады.
Мемлекеттік нышандармен таныстыру, сұрақтар қою.
Балалар қазір біз ҚР- ның нышандарымен жақынрақ танысамыз. (тақтадан көрсетіледі).
Жүргізуші:
Ата заңға балалар
Құрметпенен қарайық
Туған жердің талабы
Заңды орындау міндетің-деп кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар.
Абылай:
Көк байрағы даламның
Бүгінгі ұрпақ қалауы
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы.
Айзере:
Ыстық ,достық , тыныштық
Туыстық бізге тым ыстық
Бейбіт өмір белгісі
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Серікбол:
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі самақты
Қорғар бале жаладан
Ата –заң бұл ардақты.
Ерген:
Ата заңға балалар
Құрметпенен қарайық
Туған жердің талабы
Заңды орындау міндетің
Айару:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны қазақ қашанда
Биікке іліп қояды.
Жүргізуші: Заң дегеніміз парламент бекіткен талаптар.Оны орындағанымыз елімізді заңымызды құрметтегеніміз.Заң тәртіп бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Қазақстаным».
Жүргізуші:
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі самақты
Қорғар бале жаладан
Ата –заң бұл ардақты.-деп кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.
Бәржан:
Елттаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі
Тұңығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Інжу:
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен көркем ,неткен сұлу.
Осы менің туған өлкем.
Бақдәулет:
Отан туған еліміз
Отан туған жеріміз
Тек қана осы Отанға
Арналады әніміз.
Ән: «Астана менің»
Жүргізуші:
Ата заңым мемлекеттің айбыны
Ата заңым – ақыл –ойдын айдыны
Туған жердің Қазақстан елімнің
Ата заңмен қорғалады байлығы.
Ән: «Елім менің».
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар тәрбиешілер бүгінгі мына мәнді де мағыналы кешіміздің соны да таяп қалды. Бүгінгі біздің бүлдіршіндер аз да болса заң туралы түсініктері қалыптасты деп ойлаймыз. Заңымыз мәңгілік болсын! Осы заңның, тәуелсіз мемлекетіміз аясында нанымыз көп болып, бүлдіршіндеріміздің шат күлкісіне бөленіп жүре берейік, деген тілекпен кешімізді қортындылаймыз.
Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:
erketai.org