Ата-аналардың ақшасы өзімен бірге қалады

0

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап барлық мемлекеттік қала мектептері жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшкені белгілі.

Мектептерді жан басына нормативтік қаржыландыру қандай мақсаттарды көздейді?

біріншіден, мектептердің теңдігі: бір балаға шаққандағы біріңғай нормативтің белгіленуі және субъективті факторлардың (сүйікті мектептер ұғымы)жойылуы;

екіншіден, ашықтық: мектеп қаржыландыру көлемін ондағы оқушылардың санына байланысты алады;

үшіншіден, мектептің материалдық-техникалық базасының нығаюы: мектепте оқушылардың оқуына және болуына қолайлы жағдайдың жасалуы.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жағдайында мемлекет мектепті күтіп-ұстауға байланысты барлық шығыстарды қарастырып қойды, атап айтқанда:

— барлық қызметкерлердің жалақысы, жалақы бойынша барлық салықтар, өтемақы төлемдері және ынталандыру компоненті;

— оқу шығындары, оның ішінде көрнекі құралдардан бастап оқушы жиһазына және онлайн сабақтарды өткізуге арналған бағдарламалық жасақтамаға дейінгі оқу процесін ұйымдастыруға арналған барлық шығыстар;

— мектепті күтіп-ұстау оның ішінде:

тауарларды сатып алу: кеңсе, шаруашылық, құрылыс тауарлары;

қызметтер: дезинфекция және дератизация, күзет, бейнебақылау, қоқыс шығару, компьютерлік және кеңсе техникасына қызмет көрсету, ғимаратты ағымдағы жөндеу, перделерді, жалюзилерді ауыстыру, мектеп ауласы бойынша қызмет көрсету және т.б.;

— балалардың конкурстарға, олимпиадаларға, іс — шараларға қатысуына арналған шығыстар – балалардың қатысуына жарналарды төлеу, макеттерді, жобаларды дайындау үшін қажетті материалдарды сатып алу, сондай-ақ бірдей сахналық костюмдерді немесе спорттық командалық форманы сатып алу және т. б.;

— күрделі сипаттағы шығыстар – компьютерлерді, планшеттерді, жиһаздарды, лингафондық кабинеттерді сатып алу, санитарлық тораптарды жөндеу, терезелерді, есіктерді, еденді ауыстыру, ғимараттың шатырын жөндеу және т. б.

Осының бәріне мемлекет қосымша қаражат бөлді.

Сондықтан бұдан былай мемлекеттік мектептерде ата-аналарға мектеп қажеттіліктері үшін ақша тапсырудың қажеті жоқ.

Онымен қоса ата-аналар қауымы үшін Қамқоршылық кеңесінің мүшесі бола отырып, мектептің ақшалай қаражатын бөлуге қатысу мүмкіндігі пайда болды.

Толығырақ ақпаратты www.pnf.kz сайтынан алуға болады.