Ата -ана жиналысы
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Завучтарға Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс Сыныбы: 4 сынып
1. Жүргізуші ашық пікір — таластың ойын — шарттарымен таныстырады:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге9 — 10 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»атты пікір — таласты ашық деп жариялаймын.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу ығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.Көрермен жиналған бұл тамашаға,Құр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді таланттарға.Бұл пікірталаста 10 сынып оқушыларынан құралған «Самғар» тобы жақтаушы,9 сынып оқушыларынан құралған «Мұрагер» даттаушы.Пікірталас шарттары:1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин2/ сұрақ жауап кезеңі3/ спикерлердің қорытындысы4. әділқазылардың қорытынды сөзі
3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі1. «Самғар» тобының спикері: Асылым 10 сыныпАрмысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір — бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ — тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос — Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір — бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.Содан соң ARPANET дамып — жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл — жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.2. «Барыс» тобының спикері: 9 сынып АидаСәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық — коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл — қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу — баланың айналасындағы адамдармен бетпе — бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра — күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы — ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.3« Самғар» тобының спикері 10 сынып НазеркеСәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке — дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады1. Алысты жақындату2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.3. Сана — сезімді жоғарылату.4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдардықабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;— Қаржылық операциялар жасауға;— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп — біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 — 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 — 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зорНазарларыңызға рахмет.
4. « Барыс» тобының спикері: 9 сынып АңсатИнтернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т. с. с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет — ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды — таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние
5«Самғар» тобының спикері 10 сынып МаржанИнтернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан — жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе — көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Тыңдағандарыңызға рахмет!6. «Барыс» 9 сынып ЭсмираСәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс — шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс — тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Сұрақ — жауаптармен алмасады7. «Барыс» тобының сарапшы спикері: Аида 9 сыныпСәлем бердік қауымға Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық — зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс — шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз — қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық — зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:Сақтық — деген әрқашан байқап жүрмек,Пайда не залал ма ескерілмек,Көргенің естігенін есепке алса,Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.Тыңдағандарыңызға рахмет!8. «Самғар» тобының сарапшы спикері Асылым 10 сыныпАрмысыздар пікір — сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. Мен «Самғар» тобының спикері Аида ханым!Иә, балық сүйексіз, адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса, кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан мен «Мұрагер» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.
Асыл тастан, өнер жастан — демекші, осылай жас — ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен бар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауатымол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!5.. Қорытынды1. Әділ қазылардың қорытындылауы2. Марапаттаулар
1. Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге9 — 10 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»атты пікір — таласты ашық деп жариялаймын.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу ығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.Көрермен жиналған бұл тамашаға,Құр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді таланттарға.Бұл пікірталаста 10 сынып оқушыларынан құралған «Самғар» тобы жақтаушы,9 сынып оқушыларынан құралған «Барыс» даттаушы.Сарапшыларымыз: Үскенбаева М. А. / психолог /11 сынып оқушысы Әбдіманап Мадина1. Ашық пікір — таластың ойын — шарттарымен таныстырайын:
1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин2/ сұрақ жауап кезеңі3/ спикерлердің қорытындысы4. әділқазылардың қорытынды сөзіСөз кезегі1. «Самғар» тобында Асылым 10 сынып2. «Барыс» тобында Аида 9 сынып3. «Самғар» тобында 10 сынып Назерке4. «Барыс» тобында 9 сынып Аңсат5. «Самғар» тобында 10 сынып Маржан6. «Барыс» тобында 9 сынып Эсмира
Екі топ өзара кезектесіп 3 — сұрақтан алмасады. Ойлануға 1 минут. Әділқазылар уақыттықадағалайсыздар
7. «Барыс» тобында мүшесі Аида 9 сынып8. «Самғар» тобының спикері Асылым 10 сынып
Сөз кезегін әділқазыларға береміз
Жүргізуші: осымен біздің 9 — 10 сынып арасында өткен пікір таласымыз аяқталды.Сіздердің келіп қатысқандарыңызға көп — көп рахмет
Кадырова Светлана СабитқызыБ. Момышұлы ауылы, Жуалы ауданы,№1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия
Интернеттің пайдасы мен зияны АПТА: ТҮЙІН, Жаңалықтар, Қоғам 0 1,740 рет оқылды
Осыдан біраз жыл бұрын бұл біздер үшін аса танымал емес термин болатын. Ал, қазір? Ол өмірдің ажырамас бөлшегіне айналғандай. Бірі бар керекті желіден жүктейді. Енді бірі белгілі бір мәселе туралы пікірлер тоғыстыратын алаңға айналдырса, енді бірі ішіндегісін бүкпесіз «ақтара» салатын сырласы ретінде таниды. Ал, тағы бірі интернеттен табыс көзін тауып, кәсібін дөңгелентуде. Сонымен, интернет атты шырмауық шынымен де қоғамдық қажеттілік пе, әлде жаңа дәуірмен бірге келген желік пе?
hqdefault
Сіз не дейсіз?
Венера Мутағалиқызы,
психолог:
«Онлайн» өмірдің олқылығы көп»
– Әлеуметтік желі – бүгінгі күннің проблемасы. Себебі, ол ең бірінші уақытын босқа өткізуге жетелеп, адамның ойлау логикасы мен шешім қабылдауын тежейді. Толассыз ақпараттарды тез шолып шығамын деп, мәселелерге атүсті қарауға үйрене бастайды. Статистика бойынша, желі қолданушыларының тек 20 пайызы ғана көлемді жарияланымдарды соңына дейін оқып, ой түйіндейді, мәселе туралы терең толғанады екен.
Әлеуметтік желі виртуалды өмірден алыстатып, адамды тұйықтыққа бейімдейді. «Онлайн» өмір адамдардың құпиялылығын жоққа шығарады. Не ойлап, не кигенін, не жеп, қайда барғанын жалпақ жұртқа жариялап отырған адамдар «іштегіні сыртқа шашпа» деген қазақы ұстанымымызды тіпті білмейтін секілді. Сондай-ақ, қазіргі күні қайда барсақ та, байқап жүрміз, тіпті, той, қонақтықтарда да ересек адамдар телефоннан бас алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас үзіліп, өзара әңгімелесуден де қалып бара жатқандай. Осының барлығы телефонға тәуелділікті, желі жетегінде кету дегенді білдіреді. Ал, бұлардың бізге берер пайдасынан зияны көп екенін естен шығармайық!
Жанар ШАЛАБЕКОВА,
отбасылық дәрігер:
Жас ағзаны уламаған жөн
– Компьютер мен телефонға ұзақ қарау – денсаулыққа зиян. Интернетке кетірген уақытты спортпен айналысу, жүгіру, турникке тартылуға арнаса, тіпті болмаса, таза ауада жүруге жұмсаса, қандай жақсы болар еді. Кіп-кішкентай баланы да алдандыру үшін қолына телефон ұстатып қоямыз. Ол бүкшиген күйі немесе көзіне тым жақын ұстап қарап отырса да, «тыныш отырса болды» деген желеумен, қолындағысын алуға асықпаймыз.
Сондай-ақ, осы күні адамдар тамақ ішіп отырғанда да қолынан ұялы телефонын тастамайды. Экранның арғы жағындағы қызыл-жасыл әлемнен құр қалмай, толассыз ақпараттарды тез сіңіру үшін жанталасады да, алдында тұрған тамақтың дәмін, түрін тіпті сезбей қалуы мүмкін. Бұл да – интернеттің ағзаға кері әсерінің бір көрінісі.
Қалай десек те, әлеуметтік желілер – бүгінгі заманның бір бөлшегі, біз одан бөлек ажырап, түбегейлі бас тарта алмаймыз. Тек, мүмкіндігінше кішкентай балаларға қолдануға шектеу қойып, өзіміз де тек керекті ақпаратты ғана алуды білсек екен.
Айбек Аташев,
теолог:
Бұл жерде білім берілмейді…
– Қазіргі таңда қоғамдық мәселелерді ел назарына ұсынуда, билік тарапына жеткізуде әлеуметтік желінің белсенділігі артып келе жатқаны рас, оны мойындау керек. Бір мәселе, желіде біреуді кемсіту, оны ғайбаттау, көпшілік алдына жариялауға келмейтін суреттер арқылы өзгенің иманын әлсірету, жазбалар арқылы шаңырақтың шайқалуына түрткі болу – адамгершілікке де, шариғатқа да сай келмейтін әрекеттер.
Бұл тұстағы басты мәселе жас балаларды көбірек сақтау керек. Өйткені, әлеуметтік желі ешқандай білім бермейді. Ол тек қана мәлімет беруі мүмкін. Сондықтан, жастарды оған көзсіз еліктеуін тыю керек деп ойлаймын. Ал, үлкендер бір-бірімен хабар алысып, әлеуметтік байланыс жасау үшін ғана пайдаланғаны жөн секілді.
Жалпы, желіге тіркелу, оған уақыт арнау өз орнымен, өз шегімен, өз мөлшерімен болса, пайдалы. Ал, шектен шықса, пайдасыз ғана емес, тіптен зиян.
Нұрлыгүл Ізбасарқызы,
үй шаруасындағы әйел:
Балаға ата-анасы үлгі болуы керек
– Менің балалармен үйде отырғандықтан бос уақытым көптеу. Әлеуметтік желілерді қолданамын. Кейбірінен тағам дайындау, киім тігу, қыздарыма сәндік бұйымдар жасауды үйренсем, желідегі кей топтардан кез келген сұрақтарға жауап аламын, білмегендерімді сұраймын. «Инстаграмнан» әнші-жұлдыздардың өмірін қызықтаймын.
Бірақ, балаларыма телефон ұстатпаймын. Үйде «вай-фай» да жоқ. Олар мектепке айфон алып баратын, ішкен-жегенін «инстаграмға» салып, лайк жинайтындар қатарынан емес. 5-6 сынып оқитын үлкен қыздарым менің аккаунтыммен кіріп, «инстаграм» қарайды. Құрбыларына лайк басып, олардың барған жерлеріне тамсанып, киген киімдерін айтып отырады. Меніңше, бұл жердегі басты мәселе – ата-ана тәрбиесінде. Қатардан қалдырмайын деп, қымбат телефон беріп, желіде сағаттап отыруын бақыламаудың соңы қайғылы жағдайға соқтыратынын естіп, біліп жүрміз. Сондықтан, балаға ең бірінші ата-анасы үлгі болуы керек. Жұмыстан келе сала, көзі ұйқыға кеткенше телефонға үңілу дұрыс емес екенін өз істері арқылы көрсете білуі керек.
Аида Абылайқызы,
әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы:
Өмірімді интернетсіз елестете алмаймын
– Менің «Инстаграм» желісінде tort_atyrau_aiko аккаунтына тіркеліп, жеке кәсібімді бастағаныма үш жылдан астам уақыт өтіпті. Қазіргі таңда өмірімді интернетсіз елестете алмаймын. Өзім дайындаған кондитерлік тағамдарымды, торттарымды жарнамалау арқылы табыс тауып отырмын.
Өмірімнің басым бөлігін интернетке арнаймын, күндіз-түні ғаламтор шарлаумен отырамын деп айта алмаймын. Бірақ, өзге де желілерге тіркелгенмін. Айналамдағы болып жатқан жаңалықтарды, ең алдымен, осы жерден аламын. Желіге тіркелген кондитерлік топтардан өз біліктілігімді арттырамын.
Мен үшін желінің тағы бір рөлі – байланыс құралы. «Мессенджер» немесе «Ватсапп» арқылы барлық мәселені тез шешіп алуға болады. Сонысымен де құнды. Әзірше, мен үшін әлеуметтік желінің келеңсіз тұстары кездескен емес.
Түйін:
Қалай десек те, әлеуметтік желіден біз еш ажырай алмаймыз. Ол – бүгінгі күннің бір бөлшегі. Тек «лайк» үшін лайықты тірлік жасамаса да, көпшіліктің назарына зәру болып телефонға телмірген, интернетпен таңын атырып, кешін батыратын «әлеуметтік мүгедек» болудан сақ болғайсыз!
Айтпақшы, сіз қай желіге тіркелгенсіз?..
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2018 жылы 31 қантардағы № 3-15-3 және Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 05.02. 2018 жыл № 193 хатына сәйкес 09.02.2018 жылы № 38 мектепішілік бұйрық шығарылды.Бұйрық бойынша жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді.Ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық көмек көрсету мақсатымен ақпараттық -тақырыптық бұрыш жасалынды. Балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды.ВК да және инстаграмм желісінде балаларға психологиялық көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат орналастырылды. Қосымша бұқаралық ақпарат құралында осы мәтінде баспаға беріледі.«Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері» тақырыбында мақала БАҚ беріледі. Мақалада бала денсаулығына компьютердің зияны, бала психологиясына компьютерлік ойындардың кері әсері, компьютердегі әр түрлі сайттардың баланы теріс ағымға ойын бұру туралы айтылды. Жоғарыда аталған мақалада желі ойындарының баланы агрессивтілікке және тәуелділікке бейімдейтіні, жасөспірімдерді жаман қылықтарға итермелейтіні туралы мәлімет бар.Мектеп оқушыларына жас ерекшеліктеріне байланысты, ата-аналар,мұғалімдерге » Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіледі» деген жадынама , «Біз -Өмірді таңдаймыз!» тақырыбында ақпараттық парақша, «Балаларды бірге сақтайық!» жадынама , «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?» ақпараттық парақшалары жасалынып, таратылды.
«Өмір тамаша ! Босқа қауіпке жол берме » тақырыбында 5 сынып оқушыларымен дөнгелек үстел өткізілді.Дөнгелек үстел «Ауызша волейбол» жаттығуынан басталды. Мақсаты: оқушылардың бір-бірін жақсы тануы, бір-бірін мақтау, жылы қарым-қатынас орнату. Оқушылар жанындағы көршісінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап шықты. Оқушыларға өмір және интернет зияны тақырыбында сұрақтар қойылып, олардың ойлары тыңдалды. Қосымша мәлімет берілді. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында 6-7 сыныптарында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың интернеттің адамға зияны туралы дұрыс көзқарастары байқалды. 2-5,8-11 сынып арасында «Ғаламтордың балаларға пайдасы мен зияны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Тақырыбы «Интернеттің зияны мен пайдасы». Сынып сағатында оқушылар арасында пікірталас өткізілді, бейнетаспа көрсетілді. Интернетте қандай сайттар адамдарға зиянды, адамның психологиясына әсер ететіндігі туралы айтылды.
Жоспар бойынша 2-3 сынып арасында «Өмір тамаша!» тақырыбында суреттер байқауы өтті.Байқау кезінде оқушылардың салған суреттерінің мәніне қарап, эстетиқалық жағынан да ескере отыра орындар берілді. Балалардың белсенділігі жоғары болды. Бұрышқа ең үздік суреттер ілінді.«Өмір туралы менің түсігінім» тақырыбында 7-8 сынып арасында шығарма байқауы өткізілді. Қатысқаны 85 оқушы. Онің ішінде ең жақсы жазылғандар : Амантай Аяулым 6 «А» сынып оқушысы, Ермек Даулетбек 6 «Ә» сынып оқушысы, Орынбек Асхат 7 «А»сынып оқушысы, Тұрсынғазы Гина 8 «А» сынып оқушысы. Айлықтың соңында аталған оқушылар мақтау қағазымен марапатталады.
Оқушылар арасында Интернетте қолайлы тәртіп модельдері туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылардың түсініктері тыңдалды.«Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз» тақырыбында мұғалімдер арасында мектептің әлеуметтік педагогі психологиялық семинар өткізді. Тренинг барысында түрлі жаттығулар жүргізді. Мұғалімдерге » Интернет қауіпсіздігі» туралы бейнетаспа көрсетілді. Балаларды интернеттен, әлеуметтік желіден сақтау туралы кеңестер берілді.Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сауалнама 4-11 сынып оқушыларынан алынып, » Мен және құқық» тақырыбында дөнгелек үстел жүргізілді. Балалардың құқық туралы қөзқарастары қалыптасқан, дөңгелек үстелде өз ойларын ашық, еркін жеткізе алды. Әртүрлі жағдаяттар беріліп, балалардың ойлары тыңдалды.Ата-аналарымен «Балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс әрекетіне ата-аналардың бақылауын күшейту мәселелері» тақырыбында жиналыс өткізу жоспарлануда.Мектеп психологі Б.Кистауова балалармен, жасөспірімдер, ата-аналармен үнемі кеңес жүргізіп отырады. Оқушылармен әртүрлі тақырыпта жаттығу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мысалы: «Жемістер» , «Аптека», «Өзіңді-өзің мақта», «Лимон» , «Поровоз» жаттығулары жүргізілді.
Оқушылармен әрдайым психологиялық тренингтер ұйымдастырылып тұрады. Осы науқанға байланысты 10 сынып оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында тренинг сабақ жүргізілді. Оқушылардың ойын еркін айту, еркін сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында сұрақтар қойылып, бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын жеткізді. 11 «ә» сынып оқушыларымен өмірден тек пайдалыны алу кеңесін беру мақсатында «Жемістер» жаттығуы жүргізілді.Мектебімізде шұғыл көмекке және қорғалуға мұқтаж балаларды анықтауға бағытталған сауалнама алынды. Сауалнаманың басты мақсаты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау болатын. Ондай фактілер анықталмады.
Телефондар мен компьютерлерде ата-ана бақылауы бағдарламаларын қолдану мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беруге арналған «қызу желілер» ұйымдастыру жоспарлануда. Балалар мен ата-аналарға кеңес беру үшін «қызу желі» ұйымдастыру жоспарлануда.8 наурыз қарсанында 1-4 сынып арасында «Ана -өмір шуағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады.«Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанын өткізу туралы пікірлерді БАҚ, сайттарында орналастыру жоспарлануда.
Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырдың ең озық жетістігі әрі сырқаты болып саналатын ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде.
Әсіресе, ғылым мен техника дамыған заманда ғаламтордың қызметіне ұялы байланыс арқылы жүгінетіндер көбейді. Мәселен, ұялы байланыс нарығын тоқсандық зерттеу кезінде тұтынушылардың 78 %-ы телефонына ай сайын 2 мың теңгеден жұмсап отырған. Оның ішінде, ең көп қолданушылар 16-29 жас аралығын құрайды. Сондай-ақ, елімізде әрбір төртінші адам батырмалы телефонды пайдаланады.
Жалпы, елімізде интернет пайдалану-шылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ, осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтын болдық. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды.
Бүгінде интернетке тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Ол аздай, компьютер клубтарына кіру бағасы арзан. Мәселен, Шымқалада мұндай клубтар сағатына 150-200 теңге шамасында. Қалтасында осындай ғана азын-аулақ ақшасы бар кез-келген бала компьютерлік клубтарда қалауынша интернетте отыра алады. Ал олар дәл сондай сомадағы ақшамен кинотеатрға немесе саябаққа, фитнес клубтарға бара алмайды. Бос уақытын қызықты өткізгісі келетін жас жеткіншіктерге қандай амал қолданса болады?
Мәселен, Қытай билігі жастардың интернетке деген тәуелділігіне медициналық ауру деген баға беріп, қауіптің алдын алуға кіріскен. Яғни, желіге байланған жеткіншектерді кеселінен арылту үшін арнайы жаттығу лагерлерін ашқан. Аталған орталықтарда Қытайдағы жастарды әскери тәртіппен емдейді. Онда әскердегі жаттығуларды емделушілердің күнделікті режиміне енгізген. Идея авторлары «Мұндай әдісті жайдан-жай қолданып отырғанымыз жоқ» – дейді. Өйткені, күні бойы монитор алдында отыратын адамның денсаулығында міндетті түрде ақау болады.
Лагердегі жаттығуларды бұрынғы әскери қызметкерлер жүргізуде. Басты мақсат – жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Егер бір оқушы тәлімгердің талабын орындамаса, бүкіл, топ жазаланады. Дене жаттығуларынан бөлек жастар мұнда Қытай этикасынан да сабақ алады. Ән айтып, би үйренулеріне де болады. Ал, интернет тәуелділігінен емдеуді арнайы психолог мамандар жүргізеді
Бүгінде Қытайда дәл осындай 250 лагерь жұмыс істейді екен. Мұнда емделіп жатқан жеткіншектердің көпшілігін ата-аналары мәжбүрлеп жіберген. Біздің елімізде де осыған ұқсас шаралар қарастырылса дұрыс болар еді.
Психологтардың кеңесі
Психологтар жасөспірімге білім алу уақытында сабаққа бару, сабақ уақытында сабақ оқу, ойын уақытында ойнау керектігін ұдайы жеткізіп отырған жөн, – дейді. Күнделікті жоспары бар жасөспірім ойын уақытында қалағанынша ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын. Ережелерді ата-анасымен бірге белгілеуге және күнде осы ережелерді қайталағаны дұрыс. Кез-келген бала өзін қадағалауды осылайша үйренеді дегенді алға тартып отыр. Бұдан бөлек, интернетке қаншалықты тәуелдісіз, мына тест арқылы анықтап көріңіз.
1.Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтап айта аласыз ба?
2.Жоспарлаған ісіңізді монитор алдынан алшақтай алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт өткізгіңіз келе ме?
5.Интернеттен қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба?
6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт өткізетініңізді сезесіз бе?
7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарттыңыз ба?
9.Шынайы өмірге қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?
11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз де ғаламтордың «торына» түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал бұдан шығудың жолдары соншалықты күрделі емес.
Берікбол Жарылқасын, сайт маманы, блогер:
– Интернеттің пайдасы, жаңалықтарды дәл уақытында фейсбук, инстаграм арқылы біліп отырамын. Арнайы ашылған топтарда өз қалаңа қатысты немесе сүйікті ісіңе қатысты топтарда жаңалықтармен хабардар болудан бөлек іс-шара, қызықты кездесулерге барамын. Әлеуметтік болғасын бөлісу жақсы нәрсе. Мысалы, жақында мектеп оқушыларына денсаулыққа зиянды сағыздардың сатып жүргендігі туралы хабар жұртшылыққа жылдам таратылды. Ал зияны, кейде қызықтан шыға алмай кіріп кету, соған байлану. Ұялы телефонға жабысып алып жаныңда кімдер отыр, туған күн бе, жиналыс па, қымбат деген туыстарыңның ортасында ма бәрібір, қай жерде отырмын деп ойлануды естен шығарып барамын. Осы уақытқа дейін байқағаным, жұмыстағы компьютерімде отырғандықтан денемнің аз қимылдағаны, автобуста телефонға үңілемін деп көзге салмақ түсіргенім және ұйықтар алдын, ұйқыдан тұра салып телефон шұқылау әдетке айналды. Бұл көру қабілетімді нашарлатты. Қазір барынша көзді жаттықтырып тұруға, көбірек қимылдауға әрекет жасайтын болдым.
Түйін:
Айтуға оңай болғанымен, әрине жастарды бірден интернетке деген тәуелділіктен арылту қиын. Бірақ бұл «бұдан шығатын жол жоқ» дегенді білдірмейді. Қазір виртуалда танысқан жас-тар күнделікті өмірде бас қосып, кездесіп жатыр. Мысалы, Шымкент қаласының жастары ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып жүрген «Абай» саябағындағы домбыра пати, асық пати, секілді кештерге қатысып жүр. Осы дәстүрді кеңінең үлкен көлімде қолға алса, жастарды қызықтырары сөсіз. Бұдан бөлек, қалада жастар баратын түрлі спорттық үйірмелер бар. Айталық, шахмат, тоғызқұмалақ, күрес, бокс, суда жүзу т.б. Қаласа театр, көрме, цирк, кинотеатр, саябақтарға барып көңіл көтерулеріне болады. Әрбір жас тиянақты білім алумен қатар, күн тәртібіне бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке деген тәуелділікті алмастырар еді.
http://www.azbez.com/safety/internet — сайттың мақсаты «Қауіпсіздік әліппесі», Интернетті пайдаланушыларға үш негізгі тіршілік қарекеттер ержесін береді: қауіпсіздікті алдын-ала болжау; мүмкіндігінше олардан аулақ болу; қажет болғанда әрекет ету. Интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін игергеннен кейін, Сіз өзіңіз бен балаларыңызды көптеген виртуалды қатерлерден құтқарасыз.http://strana-sovetov.com/computers/internet/3203-web-security.html — Интернетте жұмыс істеу және көңіл көтеру арқылы біз көптеген сайттарда тіркелеміз. Сіздің логиніңіз бен құпия сөзіңіз, хаттарыңыз басқаларға жария болмауы үшін Интернетте қауіпсіздік сақтаған өте маңызды.
http://www.friendlyrunet.ru/ — «Интернет жүйесін қауіпсіз пайдалану».
Балаларды келеңсіз ақпараттардан сақтау.Балаларды киберқылмыскерлерден қорғау.Балларға Интернетте пайдалы жұмыс істеуді үйрету.http://citforum.ru/internet/securities/index.shtml — Internet/Intranet-тегі қауіпсіздік.
Электронды құжаттардың түпнұсқасын қамтамасыз ету.Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістері.Компьютерлік шабуыл: ол не және одан қорғану.http://www.ug.ru/news/1411 — Балаларды Интернет қауіпсізідгінен сақтау туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықтар. Балаларға арналған Ережелер.
http://chitatetocruto.blogspot.com/2010/04/blog-post_4861.html — «Балаларға арналған қауіпсіз Интернет: ересектерге арналған жадынама». Ұсынымдар сарапшылар кеңесімен дайындалған, олардың құрамында » Касперский зертханасы», «Microsoft», «Мектеп директоры» журналы, Интернетті дамыту Қоры, «Рунет ынтымақтастығы» Қоры және т.б. өкілдері бар.
http://school10-yugansk.ru/index.php/bezopasnyj-internet — «Медиақауіпсіздік». Microsoftтан Интернеттегі қауіпсіздік.
Оқушылар үшін медиақауіпсіздік сабағын өткізу ұсынымдары.Интернетте балалар мен жеткіншектердің ойынқұмарлық мәселесін шешу.Интернеттегі қауіпсіздікhttp://www.ifap.ru/library/book099.pdf — «Интернеттегі қауіпсіздіктің ережелері мен қауіп-қатерлері», «Интернет- әдептілік ережелері», «Интернет және балалардың жас ерекшеліктері» . Microsoft корпорациясы.
http://www.opasno.net/rd419.html — компьютерлік қауіпсіздік, интернеттегі қауіпсіздік , nuke attack шабуылдан қорғау, e-mail қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтық, сақталған сұхбат, irc, usenet-ті жасырын пайдалану және т.б. мүмкіндіктер.
http://liceybiblio.amoti.ru/portal_o_bezopasnosti_v_seti_internet — Интернетте жұмыс жасаудың қауіпсіздік, әдептілік, жайлылық проблемаларына арналған портал. Қысқаша – біз Интернет қауіптермен айналысамыз және пайдаланушыларға қатысты қауіптерге тиімді әрекеттермен қарсы тұрамыз.
http://www.youtube.com/watch?v=l5RUBiw-IIY – Интернетте өзіңіз туралы ақпаратты шектен тыс орналастырудан сақтандыратын роликтер.
http://www.microsoft.com/ru-ru/Security/fAmily-SAfety/childsafety-steps.aspx -«Интернетте балаларды қорғайтын демеушілік: Сіз істей алатын 4 іс».http://pwpt.ru/presentation/obzh/bezopasnost_detey_v_internete/ — «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тұсаукесері, мұнда әр жастағы балалар үшін Интернетті қауіпсіз пайдалану туралы кеңестер жинақталған. Жұмыста компьютерге тәуелділіктің белгілері анықтау мен қажет емес контентті сұрыптауға арналған бағдарламалар сипаты. http://power-p.ru/load/informatika/bezopasnost_v_internete/9-1-0-468 — Интернетте зиянкестерден қорғану әдістері туралы тұсаукесер, (Интернеттегі қылмыскерлер, зиянды бағдарламалар, Интернет- алаяқтық, құмар ойындары, онлайн қарақшылық, интернет-күнделіктер, интернет-бұзақылық, күмәнді ақпарат, ұнамсыз мазмұнды құжат).
http://www.uchportal.ru/load/18-1-0-29133 — информатика пәнінен «Интернет жүйесіндегі қауіптер» сабағы (қауіп түрлерімен танысу, жүйелік әдептілікті тәрбиелеу және басқалар)http://www.google.com/intl/ru_ru/goodtoknow/online-safety/ — «Интернеттегі қауіпсіздік» . Google-ден сақтану қауіпсіздігінің 5 кеңесі.
http://softuhitel.com/bezopasnost-v-internete/ — өзіңді және өзің жайлы деректерді Интернетті қосардың алдында қауіпсіздендіру.
«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурсДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2018-03-12 19:08:29«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурс Күнделікті өмірге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – Ғаламтор. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Дегенмен, Ғаламторда көп уақыт отыру т.б. зияны туралы көп балалар біле бермейді. Сол себепті қауіпсіз Ғаламторды пайдалану керектігін ескерте отырып, желі ішінде кездесетін қауіптілік жайында мағлұмат беруді жөн көріп, Мектебіміздің 5 сынып оқушыларының қа…Автор: №7 МГҚауіпсіз интернетДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2018-01-20 17:35:39Қауіпсіз интернет Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындарды атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білеміз. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаманқылық,…Автор: №7 МГ20.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді.Дәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-25 03:20:5020.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді. 20.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді. Мақсаты: оқушылардың ғаламторда ақпаратты қауіпсіз пайдалануы. Автор: №7 МГШығармалар сайысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:21:16Шығармалар сайысы1 мен 5 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сайыс өтті. Оған мектептің 8 бен 11 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты. Автор: №7 МГПлакаттар сайысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:13:49Плакаттар сайысы5 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» плакаттар сайысы өтті. Ол сайысқа 9″а» және 9″в» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында байқау жеңімпаздарының аты-жөндері. Олар: 1-орын иегері – Елеусізбева Н.; 2-орын иегерлері – Мустафина Д. 3-орын иегерлері – Нұрбек Э.Автор: №7 МГ«Интернет желісі: пайдасы мен зияны» дебат ойыныДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:02:38
6 сәуірде мектепте «Интернет желісі: пайдасы мен зияны» дебат ойыны өтті. Сайысқа 4 топ қатысты: «Ата –мекен», «Руханият», «Бәйтерек», «Жас талап». Сайыстың қортындысы бойынша «Бәйтерек» тобы жеңіске жетті.Автор: №7 МГАта-аналар жиналысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-04 05:15:32Ата-аналар жиналысы26.09.2015 ж. Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ол жиналыста директордың АҚТ жөніндегі орынбасары Шегирова Г.Б. «Интернет желісін пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ата-аналар бақылауын енгізу» жайында таныстырды.Автор: №7 МГ«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиынДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-04 05:06:21«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиын4.04.2016 ж. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиын өтті. Ол жиынға агитбригада қатысты.Автор: №7 МГMobile Fence бағдарламасының негізгі функциялары.Дәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 07:03:05Mobile Fence бағдарламасының негізгі функциялары.Автор: №7 МГАта-ана бақылауыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 07:01:17Ата-ана бақылауы«Ата-ана бақылауы» қызметінің көмегімен дербес компьютер, ноутбук, планшет және смартфондар сияқты кез келген құрылғы арқылы Интернет желісіне қауіпсіз қатынауды қамтамасыз етіп, қаламайтын контенттерге шектеу қояға болады. &…Автор: №7 МГБалалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынғанДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 06:59:22Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынғанПорнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг.Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды. Сіздің балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз балаңыздың байланыс жасайт…
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері17 Қыркүйек 2014Tәрбие сағаттары, Баяндамалар 1 пікір 47 рет қаралды
Батыс Қазақстан
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Жетібай селосы
№3 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:Утепова Айгул Таласбаевна
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫBY BILIMGER.KZ13.10.201717510
Садуова Әдемі Сәлімқызы
І. Кіріспе
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін – өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін – өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық – психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір – біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл – күйі тікелей ықпал етеді.
Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата – аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім – тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір қасиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім – тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке – шешенің жеке басты үлгі – өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата – аналардың үлгі – өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс – әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез – құлқына, жүріс – тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс – әрекетіне, басқалармен ара – қатынасына еліктейді. Олай болса, әке – шеше қарым – қатынасы, өзара сыйластығы, бір – бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір – біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі – өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс – әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң – солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата – ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін – бірі толықтырады. Ата – ана тәрбиесі терең ата – аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата – аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні – болашақ ұрпақты жан – жақты дамытып, ой – өрісін өрбітеді.
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата – аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсатта әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата – аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым – қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата – аналардың нені қадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата – аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс – әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға ата – аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, қаржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата – аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша – бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата – аналар және балабақшаның өзара қарым – қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым – қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.
Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы – Ш. Амонашвили «Бала тәрбиесі ата – ана тәрбиесінен басталу керек» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Себебі, оның есептеуі бойынша бастауыш сынып оқушысының барлық өмірінің тек 7% ғана мектептегі тәрбие үлесіне келеді екен. Олай болса, тәрбие ісінде ата – ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Өйткені, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата – анасы. Отбасындағы ата – анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27 – бабында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы» – деп көрсетілген. Демек, баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата – анаға, құрбы – құрдастарына, олардың күнделікті іс – әрекетіне, жүріс – тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т. б. қасиеттеріне байланысты. Жан – Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы,
сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер ұрпаққа аманат. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан ата – ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан – жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.
Ұстаздар мен ата – аналар қарым – қатынасының функциялары
тәрбиелік – дамытушылық;қалыптастырушылық;бақылаушылық;тұрмыстық;хабарламалық;Педагогикалық ұжымның міндеттері:
Ата – аналардың белсенді педагогикалық көзқарасынқалыптастыру;
ата – аналарды педагогикалық білім – білікпенқаруландыру;
ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;Қ. Р. Гуманитарлық академиясының академигі, педагогикалық ғылымының докторы, Қалыбекова Асма Ахметқызы былай деп жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың тәрбиешісі – мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан шығатын маңызды қорытынды: ата – аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде педагогикалық білім – біліктермен қарулануы тиіс» Шыныменен қай маман болмасын өнімнің сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата – ана педагогикалық білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата – анамен жүргізілетін жұмыс формасын дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?
Отбасын зерттеу
Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау
Топтастыру
Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт – бағдарын тану
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау
Ата – анамен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың формасы
Ата – аналарға арналған лекторий
– Таныстырып болған соң үш түс бойынша топқа бөлінеміз «Балаларды тәрбиелеудегі ата ананың рөлі» ата – аналарға арналған ликториямызды бастаймыз.
Үш топқа бөліну.Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр», қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке – жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата – ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып, түсіне орай топқа сары түс – «ӘКЕ», қызыл түс – «АНА», көк түс – «БАЛА» тобына бірігіп отырады.
Баяндама оқылады.Жаттығу. Ата – ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістемер/с Сұрақтар ———————————————————- ия ——- жоқ
Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сарыБаларыммен сирек ойнаймын сары жасылМенің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сарыБасына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін жасыл сарыМен ойлаймын, кез – келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызылАйына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сарыЕгер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сарыБаламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл сары«3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызылБаламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызылБірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сарыКейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызылӘрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сарыМенің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызылБалаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызылБаламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сарыБасқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызылБалам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызылОқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сарыҮйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасылМен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сарыМенімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сарыБаламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары
Қорытынды: әр түстерді жеке – жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.
Жасыл түсті шаршылар:
А) 0 – 5 ұпай аралығында – балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 – 10 ұпай аралығында – балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан – дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 – 15 ұпай аралығында – балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.
Сары түсті шаршылар:
А) 1 – 4 ұпай аралығында – сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 – 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 – 13 ұпай аралығында – сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 – 2 ұпай аралығында – сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне – өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.
Б) 2 – 4 ұпай аралығында – сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез – келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.
В) 4 – 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай – шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара – қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Бала тәрбиесіне байланысты бейне ролик қаралады ол талқыланады.
Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата – ана алдарында жатқан жүректі өзіне біреуін таңдап алады
ә) жүректерге болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі.
Қорытындылау. «Тілек шамы»
Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата – анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру
Педагогикалық білім университеті
Педагогикалық, психологиялық, медициналық, заң туралы
кеңестер беру
Ата – аналарға арналған этикалық кодекс 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық – қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 6. Мектепішілік және сыныптағы ата – аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал – жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата – ана мектепке ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы.
Ата – аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Ата – аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.
– Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы
«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш» пен «кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.
Ой шақыру.
– Міне, ата – аналар сіздер «реніш» пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды топтадыңыздар.
– Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?
– Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзі адамгершілік қасиетке жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек. Олай болса келесі бөлім.
Өзіңді өзің тани біл.– Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар
Мен ___________
Мен____________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы
өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен. Олай болса келесі бөлім:
Оқып, талдап, ғибрат қыл.– Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», – дейді.
– Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.
– Әкесі неге қарапайым талап қойды?
– Ата – анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
– Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
– Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
– Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?
– Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу, оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
Жақсы мен жаман қасиеттер.Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек – кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек – кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез – келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
– Маған қарап тұрған кім?
– Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасиеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)
Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар?Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.
– Олай болса, келесі бөлім:
«Тазарту».Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықта сезінемін. Мен өз қалпындамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».
Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
Қорытынды.Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық. Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Тренинг: «Суретті тауып ал»
Алдын – ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімдеболдыңыз?
Тренинг «Аралда»
Қажетті құралдар: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар
аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте – бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір – бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?Бір – біріңізді қалай түсіндіңіз?Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата – ана мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір –
біріне көңіл бөлу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
– Құрметті ата – аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
– Рахмет, өтінемін, т, б
– Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
– секіріңдер
– оң аяқтарын көтеріңдер
– өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
– өтінемін, бір – біріңді құшақтаңдар.
– оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
«Сиқырлы таяқша» жаттығу.Сиқырлы таяқшаны бір – біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды Жағымсыз
Мейірімділік өтірік айту
Жан ашу өшпенділік
Сыпайылық Кек сақтау
даналық Тіл алмау
– Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын беру. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны
айтайық.
VІ. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
– Құрметті ата – аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен балалар арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған
Ата – аналарға арналған кеңес:
Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз – ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.Тамағын ішпей жатып ұрыс – керіс ұйымдастырмаңыз.
Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;«Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі – ақ айтады;Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 – 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі – сабаққа әзірленудің сәтті кезі.Бір мезгілде барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін – еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.Балаңыздың көңіл – күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.Егер баланы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:«Баланы 5 – ке дейін патшаңдай көтер,
15 – ке дейін құлыңдай жұмса,
15 – тен кейін досыңдай сыйла,» – деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез – құлықтар үнемі есепке алынса;
ата – ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата – ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата – аналар кодексінде: – Ата – ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; – Баланы тәрбиелеу үшін ата – ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру – ақыл айту емес;
– Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
– Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
– Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, – балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: “Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол – жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген”, – парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата – аналарға арналған этикалық кодекс
Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз.Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз.Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық – қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.Мектепішілік және сыныптағы ата – аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал – жабдықтарын уақытылы әперіңіз.Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.Өз еріктерімен әрбір ата – ана мектепке ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:Сынып жетекшісі;Пән мұғалімі (қажет жағдайда);Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;Әлеуметтік педагог;Мектеп басшысы.
Ата – аналарды оқу – тәрбие үрдісіне тарту
Ата – ана жиналысыБіріккен шығармашылық істерОтбасылық байқауларСынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысуЖалпы мектептік дәстүрлі іс – шараларды ұйымдастыруға ата – аналарды қатыстыру Ата – аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыруСынып кеңесі, сыныптағы ата – аналар комитетіМектеп кеңесіҚиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсетуҚоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету) Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керекОтбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәліметОтбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейіОтбасының тәрбиелік мүмкіндіктері
Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
ата – аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;
зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы
зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
психологиялық – педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш – қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық – психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу – сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Жанұя түрлері
Балалары үлгілі жанұя Бала тәрбиесіне ұстаз көмегімен қажет ететін жанұя Ынтамақсыз жанұя Жағымсыз қасиеттері басым жанұя Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя
Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес Жанұядағы ата – аналардың қарым – қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата – ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді. «Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі. Мұндай жағдайда ата – аналар өзара қарым – қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл – күйді өзгертуге белсенді педагогикалы ықпал қажет Сырттай қарағанды қолайлы жанұя қатарында болмағанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс – керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етеді.
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:
– Төрт одақ жұмысын жандандыру;
(отбасы, бала, мұғалім, қоғам)
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу – тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата – аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде – ата – аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата – аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс – шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата – аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
– Ата – аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
– Ата – аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
– Ата – аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата – аналармен сыйластық қарым – қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
– Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата – аналар жиналысының түрлері
Ұйымдастыру
Тақырыптық
Қорытынды
Ұйымдастыру ата – ана жиналысы
Жиналыстың мақсаты: Сынып оқушыларының ата – анасымен
танысу, ата – аналарды өзара таныстыру, ата – аналарды мектептегі
жұмыстарға тарту.
Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:
Ата – аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
Ата – аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжымымен
өткізетін шығармашылық, белсенді іс – әрекеттерінің
жоспарымен таныстыру;
Ата – аналар комитетінің сайлауын өткізу;
Ұйымдастыру ата – аналар жиналысында төмендегі сұрақтарға
жауап алынуы тиіс:
Ата – аналардың аты – жөні, тегі.Туған жылдары, білімі.Мекен – жайы, телефоны.Ата – аналардың мамандығы, кәсібі.Жанұядағы бала саны, жас мөлшерлері. 6. Толық немесе толық емес жанұя.Бала дамуындағы ерекшелік (дәрігерлік есепте, жиі ауырады,созылмалы ауруы бар т. с. с.).
Ұйымдастыру ата – аналар жиналысының үлгісі
Ата – аналар отырған соң алдын – ала дайындалған сауалнамаға
жауап береді.
Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық тәжірибесі жөнінде, сол
сыныптың жетекшісі ретінде оқыту мен тәрбиені
ұйымдастырудағы жоспары туралы айтады.
Оқушылардың ата – анасы өзара танысады.Ата – аналарға ескерткіш кітапшалар таратылады.Бұл кітапшаға ата – аналар тәрбие туралы ұлағатты сөздер, өз
баласының тәрбиесі жөнінде ұсыныс, ой – пікірлерін жазады.
Сынып жетекшісі ата – аналарды оқу – тәрбие жұмысыныңжылдық жоспарымен, мектеп дәстүрлерімен таныстырады.
Сіздерді толғандыратын тәрбиедегі кедергілер
Сыныпта ұйымдастыра аламыз Ата – аналар комитетінің құрамына кіре аламын. Көмек көрсете аламын.
Тәрбие сағаты Үйірме Секция Студия
Ата – аналар төмендегідей кестені толтырады:Ата – аналар комитетін сайлау.
Ата – анамен бірлескен іс – әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға
диагностикасы шығады:
Қарым – қатынас мәдениетін меңгерген;
Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар;
Ата – ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.
Қорытынды
Бала тәрбиесі бүгінгі таңда барша ата – аналар мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, бала жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Сондықтан оның алғашқы тәрбиешісі – ата – анасы. Ендеше ұл – қыз өсіріп отырған әр ата – ана жауапкершілік сезімін жоғалтпауы керек. Баланы әуел бастан – ақ қандай жағдайда болсын шыншыл әрі әділ болуға баулу – басты міндеті.
Қорыта келе, ата – ана мен мектептің бірлескен ортақ мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан – жақты дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын рухы асқақ азамат тәрбиелеу.
«Біздер, қандай ата – ана болсақ та, балаларымыздың әрқайсысы қабілетті, тапқыр, талантты, басқа балалардан кем емес, керісінше, артық болғанын армандаймыз. Алайда, қымбатты әріптестер, біз алдымен бұл жайында емес, біздің балаларымыздың жақсы Адам болғаны туралы армандауымыз керек деп ойлаймын. Оның кісілерге жақсылық жасауы, қоғамға зиянын емес, пайдасын келтіруі жайында. Адам деген биік атақты бүкіл өмір бойғы сын – сынақтардан шаң тигізбей алып өтуін арман етсек деймін…».
Бала – әр шаңырақтың қуанышы болуымен қатар, Отанымыздың болашағы. Отанын сүйгіш азаматтар тәрбиелеуде ата – ана мен мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана сіңірген еңбек өз нәтижесін береді.
Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен жылдардағы заман талабы халық санасына салмақты өзгерістер енгізді. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш құрған, ғылымы мен мәдениеті қатарласа дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс – тәсілдер жинақтала бастады. Себебі ХХІ ғасыр білімді, тәрбиелі халықтың ғасыры болады дей келе, ата – ана, бала, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты зерттеу барысында төмендегі ұсыныстарды ұсынамын:
– сынып жиналысын сайыс, тренинг, пікір талас ретінде жоспарланып өткізу;
– ата – аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру және оны тәрбие жұмысы жоспарына енгізу;
– жылына екі рет өзін – өзі тану сабағымен ұштастыра отырып ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру;
– балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізу;
– балаңызды өзіне – өзі қызмет етуге дайындаңыз;
– жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя білу.
– балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз;
– баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі);
– балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ендеше, ата – аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б. Момышұлы былай деген екен:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке – шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата – ана да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
Осы баяндаманы аяқтай отыра, Ғабиден Мұстафин «Балаға сіңірген ата – ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле – өлгенше суынбайтын махаббат” делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата – аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан – жақты болса ғана жемісті болады.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.
Сіз қандай ата – анасыз?
(өз – өздерін тест арқылы тексеру)
Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.А) Сіз ол балалардың ата – аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
http://www.azbez.com/safety/internet — сайттың мақсаты «Қауіпсіздік әліппесі», Интернетті пайдаланушыларға үш негізгі тіршілік қарекеттер ержесін береді: қауіпсіздікті алдын-ала болжау; мүмкіндігінше олардан аулақ болу; қажет болғанда әрекет ету. Интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін игергеннен кейін, Сіз өзіңіз бен балаларыңызды көптеген виртуалды қатерлерден құтқарасыз.http://strana-sovetov.com/computers/internet/3203-web-security.html — Интернетте жұмыс істеу және көңіл көтеру арқылы біз көптеген сайттарда тіркелеміз. Сіздің логиніңіз бен құпия сөзіңіз, хаттарыңыз басқаларға жария болмауы үшін Интернетте қауіпсіздік сақтаған өте маңызды.
http://www.friendlyrunet.ru/ — «Интернет жүйесін қауіпсіз пайдалану».
Балаларды келеңсіз ақпараттардан сақтау.Балаларды киберқылмыскерлерден қорғау.Балларға Интернетте пайдалы жұмыс істеуді үйрету.http://citforum.ru/internet/securities/index.shtml — Internet/Intranet-тегі қауіпсіздік.
Электронды құжаттардың түпнұсқасын қамтамасыз ету.Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістері.Компьютерлік шабуыл: ол не және одан қорғану.http://www.ug.ru/news/1411 — Балаларды Интернет қауіпсізідгінен сақтау туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықтар. Балаларға арналған Ережелер.
http://chitatetocruto.blogspot.com/2010/04/blog-post_4861.html — «Балаларға арналған қауіпсіз Интернет: ересектерге арналған жадынама». Ұсынымдар сарапшылар кеңесімен дайындалған, олардың құрамында » Касперский зертханасы», «Microsoft», «Мектеп директоры» журналы, Интернетті дамыту Қоры, «Рунет ынтымақтастығы» Қоры және т.б. өкілдері бар.
http://school10-yugansk.ru/index.php/bezopasnyj-internet — «Медиақауіпсіздік». Microsoftтан Интернеттегі қауіпсіздік.
Оқушылар үшін медиақауіпсіздік сабағын өткізу ұсынымдары.Интернетте балалар мен жеткіншектердің ойынқұмарлық мәселесін шешу.Интернеттегі қауіпсіздікhttp://www.ifap.ru/library/book099.pdf — «Интернеттегі қауіпсіздіктің ережелері мен қауіп-қатерлері», «Интернет- әдептілік ережелері», «Интернет және балалардың жас ерекшеліктері» . Microsoft корпорациясы.
http://www.opasno.net/rd419.html — компьютерлік қауіпсіздік, интернеттегі қауіпсіздік , nuke attack шабуылдан қорғау, e-mail қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтық, сақталған сұхбат, irc, usenet-ті жасырын пайдалану және т.б. мүмкіндіктер.
http://liceybiblio.amoti.ru/portal_o_bezopasnosti_v_seti_internet — Интернетте жұмыс жасаудың қауіпсіздік, әдептілік, жайлылық проблемаларына арналған портал. Қысқаша – біз Интернет қауіптермен айналысамыз және пайдаланушыларға қатысты қауіптерге тиімді әрекеттермен қарсы тұрамыз.
http://www.youtube.com/watch?v=l5RUBiw-IIY – Интернетте өзіңіз туралы ақпаратты шектен тыс орналастырудан сақтандыратын роликтер.
http://www.microsoft.com/ru-ru/Security/fAmily-SAfety/childsafety-steps.aspx -«Интернетте балаларды қорғайтын демеушілік: Сіз істей алатын 4 іс».http://pwpt.ru/presentation/obzh/bezopasnost_detey_v_internete/ — «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тұсаукесері, мұнда әр жастағы балалар үшін Интернетті қауіпсіз пайдалану туралы кеңестер жинақталған. Жұмыста компьютерге тәуелділіктің белгілері анықтау мен қажет емес контентті сұрыптауға арналған бағдарламалар сипаты. http://power-p.ru/load/informatika/bezopasnost_v_internete/9-1-0-468 — Интернетте зиянкестерден қорғану әдістері туралы тұсаукесер, (Интернеттегі қылмыскерлер, зиянды бағдарламалар, Интернет- алаяқтық, құмар ойындары, онлайн қарақшылық, интернет-күнделіктер, интернет-бұзақылық, күмәнді ақпарат, ұнамсыз мазмұнды құжат).
http://www.uchportal.ru/load/18-1-0-29133 — информатика пәнінен «Интернет жүйесіндегі қауіптер» сабағы (қауіп түрлерімен танысу, жүйелік әдептілікті тәрбиелеу және басқалар)http://www.google.com/intl/ru_ru/goodtoknow/online-safety/ — «Интернеттегі қауіпсіздік» . Google-ден сақтану қауіпсіздігінің 5 кеңесі.
http://softuhitel.com/bezopasnost-v-internete/ — өзіңді және өзің жайлы деректерді Интернетті қосардың алдында қауіпсіздендіру.
«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурсДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2018-03-12 19:08:29«Қауіпсіз Интернет» фотоконкурс Күнделікті өмірге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – Ғаламтор. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Дегенмен, Ғаламторда көп уақыт отыру т.б. зияны туралы көп балалар біле бермейді. Сол себепті қауіпсіз Ғаламторды пайдалану керектігін ескерте отырып, желі ішінде кездесетін қауіптілік жайында мағлұмат беруді жөн көріп, Мектебіміздің 5 сынып оқушыларының қа…Автор: №7 МГҚауіпсіз интернетДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2018-01-20 17:35:39Қауіпсіз интернет Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындарды атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білеміз. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаманқылық,…Автор: №7 МГ20.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді.Дәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-25 03:20:5020.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді. 20.04.16 жылы күні «Интернет жүйесіне тәуелділіктің алдын алу жұмыстары» атты тақырыбында мектеп-гимназияның психологы Амирбекова К.Ж. 9-11 сыныптармен кездесулер жүргізді. Мақсаты: оқушылардың ғаламторда ақпаратты қауіпсіз пайдалануы. Автор: №7 МГШығармалар сайысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:21:16Шығармалар сайысы1 мен 5 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сайыс өтті. Оған мектептің 8 бен 11 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты. Автор: №7 МГПлакаттар сайысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:13:49Плакаттар сайысы5 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» плакаттар сайысы өтті. Ол сайысқа 9″а» және 9″в» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында байқау жеңімпаздарының аты-жөндері. Олар: 1-орын иегері – Елеусізбева Н.; 2-орын иегерлері – Мустафина Д. 3-орын иегерлері – Нұрбек Э.Автор: №7 МГ«Интернет желісі: пайдасы мен зияны» дебат ойыныДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-06 09:02:38
6 сәуірде мектепте «Интернет желісі: пайдасы мен зияны» дебат ойыны өтті. Сайысқа 4 топ қатысты: «Ата –мекен», «Руханият», «Бәйтерек», «Жас талап». Сайыстың қортындысы бойынша «Бәйтерек» тобы жеңіске жетті.Автор: №7 МГАта-аналар жиналысыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-04 05:15:32Ата-аналар жиналысы26.09.2015 ж. Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ол жиналыста директордың АҚТ жөніндегі орынбасары Шегирова Г.Б. «Интернет желісін пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ата-аналар бақылауын енгізу» жайында таныстырды.Автор: №7 МГ«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиынДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-04 05:06:21«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиын4.04.2016 ж. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен мектепшілік жиын өтті. Ол жиынға агитбригада қатысты.Автор: №7 МГMobile Fence бағдарламасының негізгі функциялары.Дәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 07:03:05Mobile Fence бағдарламасының негізгі функциялары.Автор: №7 МГАта-ана бақылауыДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 07:01:17Ата-ана бақылауы«Ата-ана бақылауы» қызметінің көмегімен дербес компьютер, ноутбук, планшет және смартфондар сияқты кез келген құрылғы арқылы Интернет желісіне қауіпсіз қатынауды қамтамасыз етіп, қаламайтын контенттерге шектеу қояға болады. &…Автор: №7 МГБалалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынғанДәреже: Қауіпсіз ғаламторДата: 2016-04-02 06:59:22Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынғанПорнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг.Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды. Сіздің балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз балаңыздың байланыс жасайт…Автор: №7 МГ
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.