Астыққа бай -алтын күз балабақшадағы ашық сабақтар

0

Астыққа бай  — алтын күз

 

Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп,бұл мезгілдің ерекшеліктерін бақылату. Балалардың ойлау қабілетін,тілдерін дамыту.Өздеріне берілген тақпақтарды мәнерлеп айта білуге ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнай білуге дағдыландыру. Мерекелік көңіл  күй сыйлау.Табиғатты аялауға,әсемділікті көре білуге,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

(Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген.Балалар музыка әуенімен залға кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,балалар!
Балалар ,бүгін біздің шағын орталығымызда қандай мереке болып жатыр?
Әсел: Апай, сіз білмедіңіз бе? Бүгін бізде «Астыққа бай-алтын күз» мерекесі.
Жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар, ата-аналар, бүгінгі біздің «Астыққа бай- алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші:  Уа, халайық,халайық
                       Мұнда назар салайық,
                       Алтын күзге арналған,
                       Кешімізді  бастайық!
Елдана:  Тілегім аман болсын ел іргесі,
                 Алтын күз қайта келді берекесі.
                 Молшылықтың жаршысы бола білді,
                 Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді!
Хор:     Жібек, Шыңғысхан, Әсел, Құралай
         Балалардың бақшасында бүгін той,
         Балалардың мерекесі біліп қой.
         Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп,
         Кел қосылып ән шырқайық би билеп.
Жүргізуші: Балалар,біз сендермен жеміс-жидектерді қай мезгілде жинап аламыз?
Балалар:  Күз мезгілінде
Жүргізуші:  Олай болса ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық!
(Музыка қойылады,ортаға күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар,ата-аналар мен қонақтар! Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен,мен сендерге құр қол келген жоқпын,жомарт күз сыйын ала келдім.(Қолындағы ыдыстағы жемістерді жүргізушіге ұсынады).Ал енді мен балалардың білімдерін байқап көргім келеді,ол үшін мен жұмбақ жасырамын сендер шешіп көріңдер.(Сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру)
1.Жиын-терін болатын,
   Қамбаға астық толатын.
   Қызыл қырман ойнайтын,
   Қай мезгіл деп ойлайсың?   (Күз)
2. Жазда тұрып жоғары,
    Күзде жерге қонады.  (Жапырақ)
3. Жерге тырыс-тырыс тамады,
    Сайға қарай ағады.
    Шешуін кім табады?  (Жаңбыр)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар,өте тамаша!
Жүргізуші: Күз ханшайымы,төрлетіңіз! Біздің балалардың сізге арнаған тақпақтарын тамашалаңыз!
Елдана:  Шоғы толған гүлдей жайнап
                 Жарқырады жарқын күз
                 Сайраңдадық  күліп ойнап
                 Келді міне,алтын күз.
                 Дала сары киінді
                 Самал соқты салқындау
                 Қырмандарға үйілді
                 Алтын астық,алтын тау.
Шыңғысхан: Күн шуаққа маужырап,
                         Жатыр енді атырап.
                   Ағаштардан жамырап,           
                   Ұшты кенет жапырақ.
Інжу:       Жел тынымсыз гуілдеп
                  Болып кетті тым бұзық
                  Шуылдайды тал,терек
                  Жапырағын жұлғызып.
Димаш: Қыстың жақын қалғанын
               Жапырақтар білгендей
              Желмен ұшып барады
              Жерге қонып үлгермей.
Ж.Нұралі: Алтын,сары, қызыл,көк
                    Алуан-алуан жапырақ
                    Күзгі бақта күлімдеп
                    Көз тартады атырап.
Жүргізуші: балалардың орындауында ән «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Хор:        1.  Тоңазып,атырап
                      Көп жеміс піседі
                      Сарғайып жапырақ ,
                      Саудырап түседі.
                          Қ-сы.     
                      «Күз жомарт» дейміз, біз
                      Жемісін жейміз біз.
                2.Үстінде егінжәй
                    Салқын жел соғады.
                    Гүл,шөбі белдің, сай
                    Қуарып, солады.
                        Қ-сы:
Жүргізуші:  Күз ханшайымы балалардың өнерін әрі қарай тамашалаңыз.
Жібек:  Жетті желмен алтын күз
               Жемісін жинау салтымыз
               Жиып-теріп болған соң
               Той жасайды салтымыз
                Мол өнімді жинаймыз
                Елдің бәрін сыйлаймыз.
 
Сұлтан: Ерекше күз келді
                Айнала сары ала
                Комбайн жүзеді
                Толқыған далада.

Эсмерай: Құстар қайтты ән салып
                  Бұлт шарлады аспанды
                  Қыс келеді жар салып
                  Күзгі суық басталды.
Күз ханшайымы:  Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
Күз ханшайымы: Өте жақсы,менің сендермен «Түрлі-түсті жапырақтар» ойынын ойнағым келіп тұр. Жерге мен сары және жасыл түсті жапырақтар шаштым.
Енді  Жандәулет сенің тобың жасыл, ал Інжу сенің тобың сары түсті жапырақты бір-бірден алып себетке саламыз.(Әр топта екі баладан шығады,музыка қойылады)
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар ағылшын тілінде де тақпақ айтып береміз дейді.(Хормен ағылшын тілінде тақпақ айтады)

Санжар: Жапырақ ұшты
                Суық та түсті
                Сонда да бізге
                Қызық көп күзде.
Нұржамал: Күзім,Күзім,Күзім,
                      Пісті алма, жүзім
                      Тұрғанда бәрін күз беріп
                      Кел алайық біз теріп.
Ілиас:   Алтын нұрдай тамшылап
              Жапырақтар төгіліп
              Біздің өмір таң шуақ
              Біздің өмір көңілді.
Аңсар: Алма пісіп,алмұрт түсті
              Күзде бақтар жайнайды
              Қимас үнмен сайрайды
Жүргізуші: Балалар,кәне тыңдайықшы біздің топқа біреу келе жатқан секілді.
(көңілді музыка қойылады)
(Осы кезде қонаққа қоян келеді,балалармен амандасады)
Қоян:  Сәлеметсіңдер ме,балалар, сәлеметсің бе күз ханшайымы! (балалар амандасады)
Күз ханшайымы:  Қоян, сен не істеп жүрсің?
Қоян: Сіздердің мерекелеріңізге соға кеткенді жөн көрдім.Балалар,менің сендерге арнап алып келген ойыным бар,ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә.
Қоян: Балаларға  «Сәбіз жинау»  ойынын ойнатады.
Ойынның шарты:  Жерде жатқан жемістердің ішінен, тек қана сәбіздерді жинап салу керек. (Ойынға 3-4 бала шығады, музыка қойылады)
(Ойын аяқталған соң, Қоян алғысын білдіріп,қоштасып көңілді әуенмен шығып кетеді, ойынға қонаққа келген балаларды шығару)
Жүргізуші:    Қоян,сау бол.
Жүргізуші:  Балалардың орындауында «Қуыршақ» биін қарсы алыңыздар.
                       (Медина,Сабира,Нұржамал,Ажар,Айым,Ханшайым,Махаббат)
Жандәулет: Күз айы тамаша
                      Ән айттық жаңаша
                       Би билеп бәріміз,
                       Қуанайық балаша
Сабира: Жемісі мол теретін,
                Күз дос екен бізбенен
                Бәрін тауып беретін,
                 Жомарт екен күз деген.
Құрманәлі: О,алақай тамаша!
                      Шашу шашты жапырақ
                      Бақтың іші алаша
                      Аунар ма еді жатып ап.
Медина: Тазартса бірі дән        Шоферда болмайды
                 Тиейді бірі астық       Тынығу жату да
                 Қырманға осы сән      Тасиды бидай да
                 Күзге бұл жарасты     Қоймаға элеваторға
                 
Жүргізуші: Балалар, сендер қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?
Балалар:  Бидай, күріш, тары, арпа,сұлы (Суреттерін көрсету)
Жүргізуші: Бұлар қайда өседі?
Балалар:  Егін алқабында
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар,біздің жеріміз құнарлы.

 (Осы кезде ертегіні сахналайтын балалар киінуге барады)   Шал-Ж.Нұралі, кемпір- Жібек, қыз- Әсел, ит- Димаш, мысық- С.Нұралі, тышқан- Құрманәлі.

Жүргізуші: Елдананың орындауында «Жау-жау,жаңбыр әнін қабыл алыңыздар.
(3-4 бала зонтиктерін алып шығады,айналып жүреді)
            
Жүргізуші: орыстың халық ертегісі «Шалқан» ертегісін қабыл алыңыздар.
(Үйдің макеті,қасына забор, күрек,су құйғыш, тырнауыш, шалқан, киімдер)
                   Шал-Ж.Нұралі, кемпір- Жібек, қыз- Әсел, ит- Димаш, мысық- С.Нұралі, тышқан- Құрманәлі.
Ертегіні сахналау.
Рөлдерде: Автор,шал,кемпір,қызы,ит,мысық,тышқан.

Ханшайым:                  
Махаббат:
Мархаббат:
Исмат: 
С.Нұралі
Айым:
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Шарара» биін қарсы алыңыздар.
                      Елдана,Жібек,Эсмерай,Медина,Құралай,Әсел,Інжу
Жүргізуші:  Ата-аналарға үйге берілген тапсырма бойынша  «Жемістер мен көкөністерден, әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне айналдыру және ол жайында айтып түсіндіру)

Жүргізуші: Келген қонақтарға сөз беру.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Кз ханшайымы: Балалар,мен күз мезгілінде піскен астық пен жемістердің байлығын ала келдім.Құрметті қонақтар, жемістер мен көкөністерден дәм татуға шақырамыз!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!