Астың ауыз қуысында қорытылуы слайд,презентация
Астың ауыз қуысында қорытылуы слайд,презентация
Тоқтасынова Жұмагүл
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Класы 8 «Г»
Сабақтың тақырыбы”Астың ауыз қуысында қорытылуы”
Мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылуы процесі осы физиологиялық процестегі ферменттердің рөлі, тістің, тілдің құрылысы мен ас қорытудағы маңызы, жұту әрекетін, сілекей бөлінудің реттелуін түсіндіру.
Міндеттері: 1.Білімділігі: Ауыз қуысында астың қорытудағы ферменттердің рөлін, тістің құрылысы мен тілдің маңызын түсіну, жұту әрекетінің жүзеге асырылуын білу.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау, салыстыра білу, қабілетін дамыту, шығармашылыққа, ізденпаздыққа, ғылыми жұмысқа баулу.
3.Тәрбиелілігі: тиянақты білім алуға, салауатты өмір сүру дағдысына үйрету. Санитарлық-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Әдіс-тәсілдері: өзіндік жұмыс, зертханалық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:”Ас қорыту жүйесі”кестесі, “Ас қорыту мүшелер” кестесі, “Тістің құрылысы, электронды оқулық, электронды тапсырмалар т.б.
1. Лидерлікті білдіреді, бұларға тән ерекшеліктердің бірі – ең негізгі мақсатқа шоғырлану қабілеттілігі. Энергиялы, ұстамсыз, нақты мақсаттар қоятын күшті жеке тұлға. Бір нәрсе істеместен бұрын Мен бұдан қандай пайда көремін, — деп саналы түрде ойланады. Өзімшілдеу.
2. Сіз шаршамайтын еңбекқор адамсыз. Еңбекқорлық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Олар ұқыптылықты жақсы көреді. Идеалы – жоспарланған өмір.
3. Нәзік жан, бұндай типтер әйелдер арасында көп кездеседі. Әртүрлі ықпалға ерекше шалдыққыштық, қорғансыздық, нанғыштық, өз ісіне сенімсіз.