Астрономия ғылымы нені зерттейді?
Астрономия ғылымы нені зерттейді? Астрономия сөзі көне грекше астрон — жұлдыз және номос — заң деген сөздердің бірігіуінен шыққан. Астрономия ғарыштағы денелерді және денелер жұйелерін зерттейтің ғылым.
Астрономияда жұлдыздар, планеталар, планеталардың серіктері, кометалар, метеориттер зерттеледі. Жұлдыздарды аспанға қарап көре аласыз:
Бұл ғарышта бар сансыз көп жұлдыздар. Тәңертен сізді жылытатын Күн де сондай жұлдыздың бірі.
Жер планетаға жатады, Жердің серігі Ай.
Астрономия ғылымының пайда болуы
Астрономия ғылымы аспандағы жұлдыздар мен планеталардың қозғалыстарын зерттеу нәтижесінде пайда болды. Бұл не үшін қажет болды? Бұндай бақылаулар уақытты білу үшін қажет еді. Қыс қашан басталады? Наурыз мейрамы қашан болады? Егінді қашан жинау керек дегендей сұрақтарға жауап беру үшін уақытты білу қажет еді.
Ал бұған сағат пен ұялы телефондар жоқ заманда аспан денелерінің қозғалысы жауап бере алған.
Пән: Астрономия