Астатикалық қысым реттегіштің сызбасы | Скачать Материал
Жұмыс түрі:
Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:
Қысымды реттегіш, газ қысымының редукторы — реттеуіш жабдықтың бір түрі, құбырда тұрақты газ қысымын ұстауға арналған, автоматты әрекет ететін автономды құрылғы. Қысымыды реттегенде бастапқы жоғарғы қысымнан соңғы төменгісіне дейін төмендету жүреді. Бұған реттегіштің дроссельдеуші органының ашылу деңгейін автоматты түрде өзгертумен қол жеткізіледі, бұның әсерінен газдың өтетін ағынына гидравликалық қысым автоматты түрде өзгереді.
Ұстайтын қысымына (газқұбырынжа бақылайтын нүктесінің орналасуына) байланысты реттегіштер өзіне дейінгі және өзінен кейінгі деп бөлінеді. ГРБ-те тек өзінен кейінгі реттегіштер қолданылады. Жұмыс істеу принципіне қарай реттегіштер тура ағынды және құрама болып бөлінеді.
Жұмыс істеу принципі
Автоматты қысым реттегіш атқарушы механизмнен және реттеуіш органнан тұрады. Атқарушы механизмнің негізгі бөлігі сезімтал элемент болып табылады, ол задатчиктің сигналы мен реттелетін қысымның ағымдағы мәнін салыстырып отырады. Атқарушы механизм командалық сигналды реттеуіш әрекетке түрлендіреді және жұмыс ортасының энергиясы (бұл реттегіш арқылы өтетін газ энергиясы әлде сыртқы көзден алынатын ортаның энергиясы — электрлік, сығылған ауа, гидравликалық — болуы мүмкін) есебінен реттеуіш органның қолғалмалы бөлігін тиісті деңгейде жылжытады.
Егер реттегіштің сезімтал элементімен туындайтын алмастырымды күш жеткілікті үлкен болса, онда ол өзі реттеуіш органмен басқару функциясын жүзеге асырады. Мұндай реттегіштер тура әрекет ету реттегіштері деп аталады. Оларға серіппелі реттегіштер деп аталатын серіппе түрінде қысым задатчигі бар реттегіштер жатады. Сонымен қатар, шығушы қысым шамасының задатчигі ретінде жұмыс ортасының энергиясы бола алады. Бұл жағдайда басқарушы қысым түрінде атқарушы механизмге командалық сигнал беретін аспап пилот деп аталады, ал реттегіштің өзі — пилоттық.
Жұмыс негізіне алынған реттеу заңынан шыға отырып, қысым реттегіштер астатикалық, статикалық және изодромды болып келеді.
Газ тарату жүйелерінде реттегіштердің алғашқы екі типі кең таралған.
Астатикалық реттегіш
Астатикалық реттегіштерде сезімтал элементке (мембранаға) жүктен 2 түсетін тұрақты күш әсер етеді. Белсенді (қарсы әрекет ететін) күш — бұл мембрана шығушы қысымнан Р2 алатын күш. Желіден 4 газды алуды арттырғанда Р2 қысымы төмендейді, күштер балансы бұзылады, мембрана төмен қарай жылжып, реттеуіш орган ашылады.
Мұндай реттегіштер ауытқудан кейін реттелетін қысымды салмақ шамасына және реттеуіш органның орналасуына тәуелсіз берілген мәнге келтіреді. Жүйенің тепе-теңдігіне реттелетін қысымның берілген мәнінде ғана қол жеткізіледі, мұнда реттеуіш орган кез келген күйде болуы мүмкін. Мұндай реттегіштерді үлкен өздігінен теңестірумен желілерде, мысалы, сыйымдылығы жеткілікті үлкен төмен қысымды газ желілерінде қолданған жөн.
Астатикалық қысым реттегіштің сызбасы: 1 — реттеуіш (дроссельдеуші) орган; 2 — мембраналы-жүкті жетек; 3 — импульсті түтік; 4 — реттеу нысаны — газ желісі
Статикалық реттегіш
Буындардағы люфтер, үйкеліс реттеу тұрақсыз болуына әкелуі мүмкін. Процесті тұрақтандыру үшін реттегішке қатты кері байланысты енгізеді. Мұндай реттегіштер статикалық деп аталады. Статикалық реттеу кезінде реттелетін қысымның тепе-теңдік мәні берілген шамадан өзгеше болады, тек номиналды жүктемеде нақты мән номиналды мәнге тең болады және бірқалыпсыздықпен сипатталады (реттелетін қысым).
Реттегіште жүк серіппемен — тұрақтандырушы құрылғымен алмастырылған. Серіппемен туындайтын күш серіппенің деформациясына пропорционал. Мембрана шеткі жоғарғы орында болған кезде (реттеуіш орган жабық), серіппе ең жоғарғы сығылу дәрежесіне және Р2 — ең жоғарғы мәнге ие болады. Реттеуіш орган толығымен ашық болғанда Р2 мәні ең төменгі мәнге дейін төмендейді. Реттегіштердің статикалық сипаттамасы реттегіштің бірқалыпсыздығы үлкен емес болатындай етіп жазық қылып таңдайды, бұл ретте реттеу процесі өшпелі болып келеді.
Статикалық қысым реттегіштің сызбасы: 1 — реттеуіш (дроссельдеуші) орган; 3 — импульсті түтік; 4 — реттеу нысаны — газ желісі; 5 — мембраналы-жүкті жетек
Изодромды реттегіш
Р2 қысымы реттелетін қысымнан ауытқығанда изодромды реттегіш (серпімді кері байланысты) алдымен реттеуіш органды ауытқу шамасына пропоционал шамасына жылжытады, бірақ егер бұл кезде Р2 қысым берілген мәнгег келмесе, онда реттеуіш орган Р2 қысым берілген мәнге жетпейінше жылжитын болады.
Газ қысымын реттегіштердің жұмысын сипаттау үшін пайдаланылатын терминдер
Статикалық қате — белгіленген режимде реттелетін қысымның берілген мәннен ауытқуы, реттеудің бірқалыпсыздығы деп те аталады;
Динамикалық қате — бір режимнен басқасына ауысу кезіндегі қысымның максимал ауытқуы;
Клапан жүрісі — клапан ершіктен жылжитын қашықтық;
Баптау аралығы — реттегішті баптауға болатын жоғарғы және төменгі қысым шектерінің арасындағы айырма;
Қысымды баптаудың жоғарғы шегі — реттегішті баптауға болатын максимал шығушы қысым;
Реттеу аймағы — максимал шығынның 10% және 90%-нда реттелетін қысымдардың арасындағы айырма;
Сезбеушілік аймағы — реттеуіш органның қозғалыс бағытын өзгерту үшін қажетті реттелетін қысым айырмасы;
Пропорционалдық аймағы — реттеуіш органның (клапанның) номиналды (толық) жүріс мәніне оны жылжыту үшін қажетті реттелетін қысымның өзгеруі;
Шартты өткізгіштік қабілет Kv — клапанның номиналды (толық) жүрісінде және қысым айырмасы 0,1 … жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс