Астана және президент ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

Сабақтың тақырыбы:Астана және Президент
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІГІ:Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы және Астана қаласы туралы мағлұмат беру.
 ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
Сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
ТӘРБИЕЛІК: Ержүректілікке,патриоттық сезімге,Отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық(4слайд)
Біз сіздермен Бумба-юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық.Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен иықтарын түйістіреміз.Белгі беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру қажет. 
Мұғалім сөзі:Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен ел болмас,етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті.Мың өліп,мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.
                                           
Астанаға саяхат картасы(5слайд)
Астана > «Темір жол» вокзалы > Есіл өзенінің жағалауы > «Думан»ойын-сауық орталығы > «Ақ Орда»резиденциясы > Бәйтерек > «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
Сұрақ-жауап(6слайд)
1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?(Қазақстан)
2.Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?(Астана)
3. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан?(Алматы) 
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
(1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін алды)
5. Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
(1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды)
                                            
Мұғалім:Астана Қазақстанның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы.Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрыңғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі,Қазақстанның үкіметі және Парламент көшіп келді.Елімізді басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылды.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз!
1-аялдама:Астана(7слайд)
Тапсырма:Астана туралы не білесіңдер?
Рахия: 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі,қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.Қаланың ортасында 5 жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Астана – болашағы үлкен қала.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым
Арыстан жүрек,айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2-аялдама:Қазақстан Темір Жол вокзалы(8слайд)
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесіңдер?(9слайд)
Аширбекова Аида: Ту-Мемлекеттік рәміздердің бірі.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы-Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.1992 жылдың 4 маусымында ресми түрде қабылданды.
Камила: Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елтірер,
Көркем өнер,кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Абдусамат: Әнұран-Мемлекеттік рәміздердің бірі.Әнұранның авторлары-Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов.2006 жылдың 6 қаңтарында ресми түрде қабылданды.
3-аялдама:Есіл өзенінің жағалауы(12слайд)

4-аялдама: «Думан» ойын-сауық орталығы(15слайд)
Сергіту сәті
                                  
5-аялдама:Қазақстан Республикасының Президент Резиденциясы
Әсем: «Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма:Қазақстан Республикасының Президенті кім?Өмірбаянын айт.

Аяулым:
                            
Адина: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды.Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың,жұрт бопһлып жұмылуымыздың,ілгерілеуіміздің,ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым.Елбасы туған халқын,сайын даласын жанындай сүйетін кісі.Мұнысын сөзімен де,ісімен де,жүрегін жарып шыққан әндерімен де,өлеңдерімен де дәлелдеп келді.
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін,перзенттік тілегін туған жеріне,халқына арнайды.
                         
Темірлан:Тәуелсізбін!Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы-менің арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана
Осы-менің мұратым!
Ахмет Диас:О,Ақ Орда,Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы-менің мақсатым!
Халқым-менің тірегім,
Құрбан жаным,жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы-менің тілегім!
Жан: Ауыр күнді артымызға тастауы-                                                                                                Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.                                                                           Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,                                                                                     Елбасымыз Нұрағаңның бастауы                                                                                              
Нурсат: Туды ұстап тура жолға түсіріп,                                                                                                    Жас Отанның өмірін де түсініп,                                                                                        «Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,                                                                                          Бір керемет жасады-ау кісілік!
6-аялдама:Бәйтерек(18слайд)
Сұрақ-жауап.
1.Астана қай жерде орналасқан?     1.Астана қаласында 100-ден  астам ұлт өкілдері тұрады. 
2.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш қойылған?     2.Астана – болашағы үлкен қала. 
3.Астана қаласында нешеден астам ұлт өкілдері тұрады?     3. Астана Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. 
4.Астана қандай қала?     4.Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты үйлер бой көтерді. 
5.Қай өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты  үйлер бой көтерді?     5. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке  бидің ескерткіші орналасқан. 
Кілті:1-3
2-5
3-1
4-2
5-4
7-аялдама:Бейбітшілік және келісім сарайы(20слайд)
Эссе:Егер мен президент болсам….
Мадияр:Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім,елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!
Шопан Диас:Барша халық таныған,
Біздің үміт,тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұран орындалады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!