Астана қаласындағы ЖЭО-ын салудың техника-экономикалық негіздемесі

0

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмыста Астана қаласындағы ЖЭО-ын салудың
техника-экономикалық негіздемесі қарастырылған. Жоба негізінде қала мен
облыс тұрғындары толықтай электр және жылу энергиясымен қамтамасыз
етіледі. Соның барысында қуаты 380 МВт болатын ЖЭО — ын салу көзделген.
Стансаны салу кезінде 5 дана БКЗ-420-140 қазаны, 2 ПТ-80100-13013 және
2 Т-110120-130 типті шығыр қондырғылары орнатылмақшы.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде ЖЭО-ның шығыр цехындағы
жарықтандыру мен өрт қауіпсіздік мәселелері қарастырылып, ал
экономикалық бөлімде ЖЭО-ның бизнес-жоспары құрылды.

Аннотация

В данной дипломной работе рассматревается тенико-экономическое
обоснование строительства ТЭЦ в городе Астана. На основе проекта
осуществляется полное обеспечения электрической и тепловой энергии
города и области. В следствии этого рассматревается ТЭЦ мощностью
380МВт. При строительстве станции устанавливается котел БКЗ-420-140
пять штук, турбины ПТ-80100-13013 и Т-110120-130 по две штуки.
В разделе безопасности жизнедеятельности рассматревается освещение
турбинного цеха в ТЭЦ и пожарная безопасность, а в экономической части
был сделан бизнес-план ТЭЦ.

Annotation

In given diploma project the feasability study of building is examined WPC

in
Astana. On the basis of project the complete comes true providing of

electric and thermal energy of city and area. In investigation of it WPC is
examined by 380 МW power. At building of the station the caldron of
BCP- 420-140 is set five things, turbines of PT- 80100-13013 and Т- 110120-
130 for two things.
Illumination of turbine workshop in WPC and fire safety are examined in
the division of safety of vital functions, and the business-plan of WPC was done in
economic part.

Мазмұны

Кіріспе

1. Негізгі бөлім
1.1. ЖЭО үшін негізгі қондырғылар түрін таңдау
1.2. ЖЭО-ның жылу сұлбасын құрастырып есептеу
1.3. Түрі ПТ бу шығырлы ЖЭО-ның жылулық сұлба есебі
1.4. Түрі Т бу шығырлы ЖЭО жылулық сұлбасының есебінің мысалы
1.5. ЖЭО-ның бу қазандарының отын шығысының есебі
1.6. Шаң жүйесінің жабдықтарын таңдау және есептеу
1.7. Жылу сұлбасының қосалқы жабдықтарын таңдау
1.8. Негізгі бу және сумен қамтамасыз ететін құбырларын таңдау
1.9. Үріп сорғыш машиналарын таңдау
1.10. Күл ұстағыш және күлдi аластауыш кестесiн және жабдықтарын
таңдау
1.11. Су дайындау жүйенің кестесiн таңдау
2. Экономикалық бөлім
2.1. ЖЭО-ның жылдық энергия жіберуін анықтау
2.2. Отынға жұмсалатын шығынды анықтау
2.3. Отынды қолданудың ПӘЕ-ін есептеу
2.4. Суға жұмсалатын шығындарды есептеу
2.5. Еңбекақы шығындарын есептеу
2.6. Амортизациялық аударылымдарды есептеу
2.7. Шығарындыларға төлемдерді есептеу
2.8. Шығарындыларға төлемдерді есептеу
2.9. Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу
2.10. Энергия жіберудің өзіндік құнын есептеу
2.11. ЖЭО салуды және пайдалануды экономикалық бағалау
3. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бөлімі
3.1. Жасанды жарықтандыруды есептеу
3.2. Шығыр цехындағы өрт қауіпсіздігі
3.3. Қауіпсіздік тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

6

7
7
14
16
27
37
43
45
48
51

54
56
58
58
59
60
60
61
62
63
63
63
64
65
70
70
76
77
79
80

Қaзiргi тaңдa жaлпы Acтaнa қaлacындa eкi ЖЭО-ы бaр eкeнi бeлгiлі.
Соғaн қaрaмacтaн энepгия тaпшылығы бiртiндeп бaйқaлу үстiндe, мұның
сeбeбi хaлық сaнының қaрқынды өсу бapыcы жәнe энeргияны көп тaлaп
eтeтiн тeхнoлoгия мeн тeхникaның дaмуы сeбeпшi. Жoбa кeзiндe сaлyғa
жoспaрлaп oтырғaн ЖЭО-ның ТЭН-ін жaсaдым. Coның нeгiзiнде бизнеc-
жoспaр жacaлып, тoлық жылyлық eсeптey жүргiзiлдi.
Жaлпы aлғанда, жoбaның мaқсaты — Aстанa қaлaсы тұpғындaрын тoлық
жылy жәнe элeктp энeргиясымeн қaмтaмасыз eту. Есeптеу баpысынды ЖЭО-
ның қaжетті қoндырғыларын тиімді жoлмен тaңдау көздeлетін бoлады.
Өмiртіршілiк қaуіпсіздігі бөлімiнде ЖЭО-ның шығыp цeхындағы
жарықтандыруды есептейміз. Және де цехтың өрт қауіпсіздігі жайында сөз
қозғаймыз. Өрттің шығу көздерін анықтап, оның алдын-алу жолдарын
қарастырамыз.
Экономика бөлімінде ЖЭО-на бизнес-жоспар құрылды. Инвестиция
көлемі анықталып, оның өтелу мерзімі белгілі болады.

1. Нeгiзгi бөлiм

1.1 ЖЭО үшiн нeгiзгi қoндыpғылap түpiн тaңдaу

1.1.1. Бeрiлгeн мәлiмeттeр

ЖЭO opнaласaтын aймaқ — Aстaнa қaлacы.
Есeпті мaycым тeмпeрaтyрaлapы:
— жылyлaндырy жoбaсы үшiн, tрн = — 38 оС,
— жылдaғы eң сaлқын aй, tхм = — 16,2 оС,
— жылу бeру уaқытының oртaшaсы, tсрн = — 8,0 оС,
— жaзғы yaқыт, tлетон = 22,0 оС;
Қaрaстыpылaтын тұpғын caны, А = 330 мың aдaм;
Өндiрiстiк бу шығысы, Dп = 330 тсағ;
Өндiрiстiк бу қыcымы, Рп = 1,4 МПа;
Өндiрiстен қaйтып кeлeтiн кoнденсaт кoэффициенті К = 0,8;
Өндірістен қайтып келeтін кoнденсат температурасы, tк = 80 оС;
Ыстық cумен қaмтамасыз eтетін жүйе түpi — жaбық;
Бiр aдaмға жылy мeн жeлдeтyгe жұмсaлaтын жылy, q1 = 1,71
кВтaдaм;
Бiр aдaмға жұмсaлатын ыcтық cy жылyының мөлшeрі, q2 = 0,80
кВтадaм.

1.1.2. Жылу жүктeмелeрiн eсeптey

Өндiрiскe бeрiлетін бy шығыcы Dп = 330 тсағ.
Жылyландыpу мeн жeлдету жүктeмесі:

Qот+в = А·q1 = 330·1,71 = 564,3 МВт;

Ыстық су жүктемесі:

Qгвс = А·q2 = 330·0,80 = 264 МВт;

Жылуландырудың толық жүктемесі:

Q = Qот+в + Qгвс = 564,3 + 264 = 828,3 МВт.

Жылу жүйесіндегі температуралық графигінен мыналар көрсетілген, 1-

сурет:

— тіке магистральдағы судың ең жоғары температурасы, tпм = 150 оС;
— кері магистральдағы судың ең жоғары температурасы, tом = 70 оС;
— жылу желісіндегі судың орташа температурасы, tстс = 115 оС.

1-ші сурет. Жылу желісінің температуралық графигі

1.1.3. ЖЭO-ның жылyлaндыpу қoндырғыcының жылyын eсeбi

ЖЭO-ның жылуландыру

қондырғысының

сұлбасы

2-суретте

көрсетілген.
Жылу желісінің көлемі:

Vтс = (Qотв + Qгвс)·(А1 + А2) = (564,3 + 264)·(8,6 + 26) = 28659,2 м3 ;

мұнда жылу желісінің меншікті көлемі:
— сыртқы желілер, А1 = 8,6 м3МВт;
— ішкі желілер, А2 = 26 м3МВт;

2 Сурет. Жылуландыру қондырғының сұлбасы

ПМ и ОМ — тіке және кері магистральдар; СН1 и СН2 — желі насостары;
ПВК — шыңдық су жылытқыш қазан; СПВ и СПН — астыңғы және үстіңгі су
жылытқыштар; ВД — желі сының вакуум деаэраторы; ППН — қоспалы судың
насосы; ХВО — химиялы су тазарту; К- турбина конденсаторы (су жылытқыш
қубырлармен).

Жылу желісінің су шығынының негізгі мөлшері шарт бойынша жылу
желісінің көлемінен 0,5%-ын құрайды.

Gут = (0,5100)·Vтс = (0,5100)·28659,2 = 143,3 тсағ;

Жылу желісінің су шығынына байланысты жылу шығыны:

Qут = Gут тсСр(tтс — tхв )3600 = 143,3∙4,19∙(115 — 5)3600 = 18,3 МВт.

Су шығынын өтеу үшін сумен келген жылу мөлшері:

Qподп = Gут тсСр(tподп — tхв )3600 = 143,3∙4,19∙(40 — 5)3600 = 5,8 МВт;

мұнда су шығынын өтейтін су температурасы: tподп = 40 оС;
салқын су температурасы: tхв = 5 оС;

Жылуландыру қондырғысының жылулық қуаты:

Qту = Qот+в + Qгвс + Qут тс — Qподп = 564,3 + 264 + 18,3 — 5,8 = 840,8 МВт.

Жылуландыру көрсеткішін ескергендегі жылуландыру қондырғысының
жылу қуаты (αтэц = 0,55):

Qосп = αтэц·Qту = 0,55·840,8 = 462,4 МВт;

Су жылытатын қазандарының қуаты:

Qпвк = Qту — Qсп = 840,8 — 462,4 = 378,4 МВт.

1.1.4. ЖЭО-ның шығыр және бу қазaн қoндырғылaрын тaңдaу

Өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін өтеуге бу шығырлы
қондырғылар таңдаймыз:

№1 ПТ-80100-13013 өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін:
өндірістікбу Dп = 165 тсағ;
жылуландыру жүктемесі Qт1 = 70 МВт;
№2 ПТ-80100-13013 өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін:

өндірістік бу
жылуландыру жүктемесі
№3 Т-110120-130 жылуландыру жүктемесі
№4 Т-110120-130 жылуландыру жүктемесі

Толық жылуландыру жүктемесі:
Dп = 165 тсағ,
Qт2 = 70 МВт;
Qт3 = 180 МВт;
Qт4 = 180 МВт;

Qт = 500 МВт.

Анықталған жылуландыру көрсеткіші:

αтэц = Qт Qту = 500 840,8 = 0,595;

Анықталған шыңдық (су жылытқыш қазандар үшін) жүктемесі:

Qпвк = Qту — Qт = 840,8 — 500 = 340,8 МВт;

Шыңдық су жылытқыш қазандар түрі КВГМ-180

КВГМ-180 (210 МВт)
2 дана

Су жылытқыш казандарының жылу қуаты:
Qпвк = 2·210 = 420 МВт;

Бу шығырларының қыздырылған бу шығысы:

№1
№2
№3
№4

ПТ-80100-13013
ПТ-80100-13013
Т-110120-130
Т-110120-130

Dо1 = 470 тсағ
Dо2 = 470 тсағ
Dо3 = 480 тсағ
Dо4 = 480 тсағ

Шығырлардыңдың толық бу шығысы:

∑Dо = 2∙470 + 2∙480 = 1900 тсағ.

Бу қазандарының толық бу өнімділігі

Dка = (1 + α + β)∙∑Dо = (1 + 0,02 + 0,03)∙1900 = 1995 тсағ.

ЖЭО-да орнатуға БКЗ-420-140 түрінен бес қазан таңдаймыз, яғни
толық бу өнімділігімен:

∑Dка = nка∙Dка = 5∙420 = 2100 тсағ.

1.1.5. Жылу жүктемелерін маусым тарапына есептеу және негізгі
қондырғылардың таңдау түрін анықтау

а) маусымдық шартты температуралары:
— жылуландыру, tрн = — 38 оС,
— жылдағы ең салқын ай, tхм = — 16,2 оС,
— жылуландыру уақытының орташа, tсрн = — 8,0 оС,
— жаз уақытының, tлетон = 22,0 оС,

б) Қысқы ең жоғарғыы режим (I режим):

жылуландыру және желдету:

Qотв1 = Qотв + Qут — Qподп = 564,3 + 18,3 — 5,8 = 576,8 МВт.

Ыстық сумен

Qгвс = 264 МВт,

всего Q1 = Qотв1 + Qгвс = 576,8 + 264 = 840,8 МВт.

в) Есепті-тексеріс режим (II — режим):

Q2 = Qотв2 + Qгвс = 352,3 + 264 = 616,3 МВт,

бұның ішінде ыстық суға:

Qгвс = 264 МВт,

жылуландыру мен желдетуге:

Qотв2 = Qотв1(tвн — tхм )(tвн — tрн ) = 576,8 (18 + 16,2)(18 + 38) = 352,3 МВт.

г) Жылуландырудың орташа режимы (III режим):

Q3 = Qотв3 + Qгвс = 267,8 + 264 = 531,8 МВт,

бұның ішінде ыстық суға:

Qгвс = 264 МВт,

жылуландыру мен желдетуге:

Qотв3 = Qотв1(tвн — tсрн )(tвн — tрн ) = 576,8 (18 + 8,0)(18 + 38) = 267,8 МВт.

д) Жазғы режим (IV режим):

Q4 = Qлетогвс = Qгвс(tгв — tлхв )(tгв — tхв ) = 264 (60 — 15)(60 — 5) = 216 МВт.

Есептелген шамаларды 1-кестеге жазамыз.

1-кесте

Есептеу нәтижесінде табылған мәндер арқылы, таңдап алынған негізгі
қондырғылардың түрі анықталады. Нормаға сәйкесінше, бір бу қазаны тоқтап
қалған кезде, жұмыста қалған қондырғылар II режимының жүктемесін толық
қабылдап беруі қажет. Есеп бойынша

II режим жүктемесі: Q2 = 616,3 МВт.
Жұмыста қалған бу қазандар өнімділігі Dка = 4∙420 = 1680 тсағ,
Турбиналарының бу алымының қуаты:
— өндіріске бу Dп = 330 тч,
— жылуландыру қуаты Qотб = 442,1 МВт.
Шыңдық су жылытқыш қазандар Qпвк = 420 МВт.
Қорытынды: Егер бір қазан тоқтап қалатын жағдай туындаса, ЖЭО-
ның қалған қондырғылары II режим жүктемесін алып кетеді, яғни
қондырғылар дұрыс таңдалған. №
Мөлшерлердің аты
белгісі
өлшем
бірлігі
Режимдары

Мөлшерлердің аты
белгісі
өлшем
бірлігі
I
II
III
IV
1
Өндіріске бу шығысы
Dп
тсағ
330
330
330
330
2
Жылуландыру желдету
Qотв
МВт
576,8
352,3
267,8
0
3
Ыстық су
Qгвс
МВт
264
264
264
216
4
Барлығы бірге:
Qi
МВт
840,8
616,3
531,8
216
5
Су жылытқыштар

МВт
462,4
462,4
462,4
216
6
Су жылытқыш қазандар
Qпвк
МВт
378,4
153,8
69,4
0

1.1.6. ЖЭО-ның техника-экономикалық негіздемесі

ЖЭО салудың екі нұсқасын қарастырамыз:
І нұсқа 2хПТ-80100-13013 және 2хТ-110120-130
ІІ нұсқа 1хР-50-13015 және 3хТ-110120-130

Нұсқаларға қаражат шығындары
І нұсқаға қаражат шығындары

А кестесі

Алғашқы 1хПТ-80100-13013 және 1хЕ-420-140
ЖЭО-ға толық қаражат

КIжэо = Кпт1 + Кка1 + Кпт + Кт + Кпвк = 58000 + 55000 + 29000 + 2х34000 +
4х33000 + 3х4100 = 354300 млн. тенге

ІІ нұсқаға қаражат шығындары

В кестесі

Алғашқы Т-110120-130 және 1хЕ-420-140

ЖЭО-ға толық қаражат

КIжэо = Кт1 + Кка1 + Кт + Кр + Кпвк = 68000 + 55000 + 34000 + 2х34000 +
+4х33000 + 3х4100 = 369300 млн.тенге;

Меншікті қаражат шығыны
І нұсқаға қаражат шығындары

КІуд = КI Nэ = 354300380 = 932000 тенгекВт Қондырғылар
Қаражат шығындары, млн.тенге
Қондырғылар
Алғашқы
Кейінгі
ПТ-80100-13013
58000
29000
Т-110120-130
68000
34000
Е-420-140
55000
33000
КВГМ-100

4100
Қондырғылар
Қаражат шығындары, млн.тенге
Қондырғылар
Алғашқы
Кейінгі
Р-50-13013

15000
Т-110120-130
68000
34000
Е-420-140
55000
33000
КВГМ-100

4100

ІІ нұсқаға қаражат шығындары

КІІуд = КII Nэ = 369300380 = 972000 тенгекВт

Қорытынды:
Техника-экономикалық есептеудің мәліметтері бойынша І нұсқадаға
ЖЭО салуына қаражат шығындары ІІ нұсқаға қарағанда төмен
(КІ = 354300 млн.тенге КІІ = 369300 млн.тенге) және меншікті
қаражат мөлшерлері І нұсқада ІІ нұсқаға қарағанда төмен
(КІуд = 932000 тенгекВт КІІуд = 972000 тенгекВт).
Осы қарстырылған екі нұсқаның І нұсқадаға ЖЭО-ны салуын
таңдалды.

1.2. ЖЭО-ның жылу сұлбасын құрастырып есептеу

1.2.1. ЖЭО-ның жылу сұлбасы

ЖЭО-ның жылу сұлбасын таңдалған қондырғылар

арқылы

құрастырамыз. Жылу сұлбасы барлық бу қазандары бір бу құбырына бу
береді деп саналып құрастырылады. Осы ЖЭО-ның жұмысын,
тұтынушыларды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуін
сенімді етіп жасайды.
ЖЭО-ның жылу сұлбасы 3-суретте көрсетілген.
ЖЭО-ның сыртқы жылу тұтынушыларынан басқа ішкі өзгілік жылу
шығысы да бар. ЖЭО-ның жылу сұлбасының есебі барлық жылу
шығыстарының балансын шығарып анықтауға жасалады.
ЖЭО-ның жылу схемасында 2хПТ-80100-13013 және 2хТ-110120-130
бу шығырлары, 5хЕ-420-140 бу қазандары, 3хКВГМ-100 су қыздырғыш
қазандар орнатылатын болады.

1.2.2. ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының сипаттамалары

Жобаның жылу есебі бойынша төрт бу шығыры және бес бу қазан
орнатылады.
Бу шығырлар: 2 х ПТ-80100-13013;
2 х Т-110120-130;
Бу қазандар: 5 х БКЗ-420-140.
ПТ-80100-13013 бу шығыры, екі цилиндрлы ЦВД мен ЦНД тұрады.
Шығыр регенерация жүйесінде төрт ПНД, деаэратор және үш ПВД.

Шығырдың техникалық сипаттамасы

Электр қуаты, Nэ , МВт:
Керекті бу шығысы, Dо , тсағ:
Қыздырылған бу көрсеткіштері:
Ро , МПа
to , oC
Қоректендіру су температурасы, tпв , оС:

80
480

13
540
230

Т-110120-130 бу шығыры үш цилиндрлы: бір ағынды ЦВД мен ЦСД, екі
ағынды ЦНД. Шығыр регенерация жүйесінде төрт ПНД, деаэратор және үш
ПВД тұрады.

Турбинаның техникалық сипаттамасы

Электр қуаты, Nэ , МВт:
Керекті бу шығысы, Dо , тсағ:
Қыздырылған бу көрсеткіштері:
Ро , МПа
to , oC
Қоректендіру су температурасы, tпв , оС:

100
485

13
540
230

Турбиналарға керекті бу шығысы:

Do = nпт·Dптo + nт·Dтo = 2·480 + 2·485 = 1930 тсағ;

Бу қазан өнімділігі:

Dка = (1 + α + β)∙Do = (1 + 0,03 + 0,02)∙1930 = 2026,5 тсағ;

мұнда α = 0,03 — бу өнімділігіне берілетін қор мөлшері;
β = 0,02 — өзгілік пайдалануға бу шығынының мөлшері.
ЖЭО-дағы орнатылатын бу қазан түрі БКЗ-420-140, табиғи айналымды,
барабанды, Т-ға ұқсас компоновкалы, бір корпусты, бұл жабық ғимаратта
орналасуға арналған. Жағатын отыны — тас көмір, оталдыратын отыны —
мазут. Шлак шығаруы қатты түрде болады.

БКЗ-420-140 бу қазанның техникалық сипаттамасы

Бу өнімділігі, тсағ (кгс):
Қыздырылған бу қысымы, кгссм2 (МПа):
Температура, °С:
қыздырылған бу
қоректендіру су
түтін газ

420 (116,6)
140 (14)

555
230
130

ПӘК (брутто) гарантиямен, %
Қазан өлшемдері, м:
ені колонна ортасымен
тереңдігі колонна ортасымен
биіктігі
Өндіру зауыты:

91,0

11,15
17,44
39,1
Барнауыл қазан зауыты (БКЗ)

1.3. Түрі ПТ бу шығырлы ЖЭО-ның жылулық сұлба есебі

1.3.1. Жылулық есептің шарттары

Шығырлар электірлік графикпен жұмыс атқарады, шықтағыштағы
жылулық құбырлардың беті жұмыс атқармайды.
Шыңдық жылулық жүктеме су қыздырғыш қазандар (ПВК) арқылы
өтеледі.
Шығыр кірісіндегі будың алғашқы көрсеткіштері зауыт мәліметтерінен
алынады.
ПТ-80100-13013 бу шығырының жылулық сұлбасы зауыттық типті
сұлбамен алынады.

1.3.2. ЖЭО блогының есептік сұлбасын құрастыру

Блоктың есептік сұлбасын құрастырған кезде регенеративті су
қыздырғыштар санын және олардың қосылуын ескеру қажет. Сонымен қатар,
блоктың есептік сұлбасында су дайындау сұлбасын, өндірістен қайтарылатын
шық сұлбасын, тұтынушыға жылу жіберу сұлбасын келтіру қажет.
Регенеративті бу алымдарындағы көрсеткіштерді зауыт мәліметтері
арқылы алынады. Өндіріске бу өндіріс бу алымының коллекторынан
алынады, бу қысымы Рпр = 1,27 МПа мөлшерінде болады. Жылуландыруға
және ыстық сумен қамтамасыз етуге жылулық жүктеме ЖЭО-дан ыстық су
ретінде беріледі. Ыстық суды қыздыру үшін ол су қыздырғыштардан және су
қыздырғыш қазандардан өтеді. ПТ-80100-13013 бу шығырлы қондырғыда
ыстық су төменгі, жоғарғы су қыздырғыштарынан және су қыздырғыш қазан
өтіп қызады.
ПТ-80100-13013 бу шығырлы қондырғының есептік сұлбасы 3-
суретте көрсетілген.
Сұлба бойынша қазаннан өндіріліп шыққан бу шығырына жіберіледі,

ал шығырда
жұмыс атқарып
шыққан бу шықтағышқа
жіберіледі.

Шықтағыштан шыққан шық сорғымен төмен қысымды су қыздыр-
ғыштарынан өтіп газсыздандырғышқа түседі. Газсыздандырғышта шықтан
ауа (оттегі) бөлінген соң шық қорек су болып аталады.
Қорек су сорғымен жоғары қысымды су қыздырғыштардан өтіп бу
қазанға жіберіледі. Қазанның тоқталмайтын үрлеу суы екі сатылы
сепараторға жіберіледі. Бу шығырында реттелмейтін бу алымдары және

реттелетін өндіріске бу және жылуландыруға бу алымдары бар.
Жылулық желідегі су шығынын өтеу үшін толықтыратын су вакуумды
газсыздандырғышта дайындық өтеді.

3-сурет. ПТ-80100-13013 бу шығырлы қондырғының есептік сұлбасы

1.3.3.

Жоғарғы және төменгі

жылуландыруға

арналған

бу

алымдарындағы бу қысымын анықтау

ЖЭО-ның жылулық жүктемелері:
Қысымы Рп = 1,275 МПа өндіріске бу алымынан бу шығысы Dп =450
тсағ; өндірістен қайтарылатын температурасы tвк = 80 оС шық мөлшері Dпвозв
= 70%·Dп;
ЖЭО-дан берілетін жылу мөлшерлері:
жылытуға Qот = 1575 ГДжсағ;
ыстық сумен қамдауға Qгвс = 135 ГДжсағ;
толық жылулық жүктеме Qтэц = 1710 ГДжсағ.
Жылуландыру қондырғысының сұлбасы 4-суретте келтірілген.

4-сурет. ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының сұлбасы

ЖЭО-дағы желі судың толық шығысы

Dсвтэц = Qтэц·103С·(tпм — tом) = 1710·1034,19·(150 — 70) = 5100 тсағ;

мұнда судың жылусыйымдылығы С = 4,19 кДж(кг·оС), тік және кері
магистралды құбырлардағы су температурасы tпм tом = 150 70 оС.
Бір ПТ-80100-13013 бу шығырлы қондырғының желі су
қыздырғыштарынан өтетін су шығысы:

Dсвт = Dсвтэц n = 51003 = 1700 тсағ.

мұнда ЖЭО-да орнатылған ПТ-80100-13013 бу шығырлы
қондырғылардың саны n = 3.
ПТ-80100-13013 бу шығырлы қондырғының жылулық бу
алымдарының толық номиналды жүктемесі ΣQтотб = 285 ГДжкг.

Желі су мен будың жылулық балансы арқылы:

ΣQтотб = Dсвт·С·(t2 — tом)

желі су қыздырғышынан шыққан судың температурасын табамыз:

t2 = ΣQтотб Dсвт·С + tом = 285·1031700·4,19 + 70 = 110 оС;

Жоғары және төмен желі су қыздырғыштарындағы қызуының мөлшері
тең алынады, сондықтан төменгі желі су қыздырғыштан шыққан су
температурасының мөлшері келесідей:

t1 = tом + (t2 — tом)2= 70 + (110 — 70)2 = 90 оС;

Қыздыратын будың шығының температурасына дейін желі судың
қызбауын δt = 5 оС тең аламыз.

Жоғарғы және төменгі бу алымдарындағы қанығу температураларының
және қысымының мөлшерлері:

tнво = 110 + 5 = 115 оС,
tнно = 90 + 5 = 95 оС,

Рво = 0,169 МПа
Рно = 0,0845 МПа.

Регенеративті бу алымдарындағы қысымдар мөлшерін зауыттық
мәліметтер арқылы аламыз, 2-кесте.

2-кесте

1.3.4. Тоқталмайтын үрлеу судың сепараторының есебі

Үрлеу су сепараторы екі сатылы алынады, 5-сурет.
1) Үрлеу су сепаратордың 1 сатысының есебі

Жылулық баланс теңдеуі:

Dпр·hпр·ηс1 = Dс1·hс1 + D’пр·h’пр1 ;

Материалды баланс теңдеуі:

D’пр = Dпр — Dс1;

мұнда Dпр — үрлеу су мөлшері, Dпр = р·Dка = 0,01·500 = 5 тсағ;
Dка = 500 тсағ — қазанның бу өнімділігі;
р = 0,01 — үрлеудің бөлшегі; №
1
2
3
Д
4
5
6
7
Рi, МПа
4,4
2,5
1,27
1,270,59
0,39
0,169
0,0845
0,012

5-сурет. Үрлеу су сепараторларының (РНП) қосылу сұлбасы

hпр — үрлеу судың энтальпиясы, дағырадағы (барабандағы) қысым Рб =
15,5 МПа арқылы, су мен будың кестелерінен табылады hпр = 1630 кДжкг;
hс1 — сепаратордың 1 сатысында қысым мөлшері Р = 0,6 МПа тең
кезіндегі қаныққан құрғақ будың энтальпиясының мөлшері hс1 = 2757 кДжкг;
h’пр1 = 670,5 кДжкг — сепаратордың 1 сатысынан шыққан үрлеу судың
энтальпиясы.
Жылулық және материалды баланстар теңдеулерін бірге есептеп
сепаратордың 1 сатысынан шыққан бу мен су мөлшерлерін табамыз:

Dпр·hпр·ηс1 = Dс1·hс1 + Dпр·h’пр1 — Dс1·h’пр1;
Dс1 = Dпр·(hпр·ηс1 — h’пр1)( hс1 — h’пр1) = 5·(1630·0,98 — 670,5)(2757 — 670,5)
= 2,2 тсағ;
D’пр = Dпр — Dс1 = 5 — 2,2 = 2,8 тсағ;

2) Үрлеу су сепаратордың 2 сатысының есебі

Екінші сатының есебі бірінші сатының есебіне ұқсас келеді. Екінші
сатыда пайда болған бу үшінші төмен қысымды су қыздырғышқа (ПНД-3)
жіберіледі.
D’пр·h’пр1·ηс1 = Dс2·hс2 + D»пр·h’пр2 ;
D»пр = D’пр — Dс2;

Жылулық және материалды баланстар теңдеулерін бірге есептеп
сепаратордың 2 сатысынан шыққан бу мен су мөлшерлерін табамыз:

D’пр·h’пр1·ηс1 = Dс2·hс2 + D’пр·h’пр2 — Dс2·h’пр2;
Dс2 = D’пр·(h’пр1·ηс1 — h’пр2)(hс2 — h’пр2) = 2,8·(670,5·0,98 — 483,2)(2699 —
483,2) = 0,22 тсағ;

D»пр = D’пр — Dс2 = 2,8 — 0,22 = 2,58 тсағ;

мұнда екінші сатылы сепаратордағы қысым бойынша су мен будың
энтальпияларының мөлшері:

Рс2 = 0,17 МПа, hс2 = 2699 кДжкг; h’пр2 = 483,2 кДжкг; h’пр1 = 670,5
кДжкг.

1.3.5. Қосылатын су шығысының мөлшері

Химиялық су тазартуға (ХСТ) қажетті алғашқы су шығысы келесі
кейіптемемен табылады:

Dсвтэц = 1,25·Dховтэц + 1,4·Dпктэц ;

мұндағы химиялық су тазартудың өзіндік мұқтаждарына керекті су
мөлшерлері 25% судың кермектігін азайту сұлбасына, 40% химиялық тазарту
цехындағы су қорына.
1) Жылулық желідегі су шығындарын өтеуге керекті су мөлшері Dховтэц
жобалау нормалары арқылы жылулық желідегі су көлемінің 0,25%
шамасында алынады. Норма бойынша [1], жылулық желідегі су көлемі
1 Гкалсағ жылулық жүктемеге 65 м3 мөлшерінде алынады, сондықтан:
Vтс = 65·QтэцC = 65·17104,19 = 26527 м3 ;
Dховтэц = Vтс ·(0,25100) = 26527·(0,25100) = 66,3 тсағ.

2) Бу қазандарының шығындарын өтеуге қажетті су мөлшері Dпктэц ,

Dпктэц = 0,016·Dк·n + 0,3·Dп + n·D»пр = 0,016·500·3 + 0,3·450 + 3·2,58 = 166,7
тсағ;

Химиялық су тазартуға қажетті су мөлшері:

Dсвтэц = 1,25·Dховтэц + 1,4·Dпктэц = 1,25·66,3 + 1,4·166,7 = 316,3 тсағ ;

1.3.6. Алғашқы су қыздырғышының (ПСВ) есебі

Температурасы 5оС, шығысы тсағ алғашқы су ПСВ-дан өтіп
қыздырылады. ПСВ сұлбасы 6-суретте келтірілген.

6-сурет. ПСВ сұлбасы

ПСВ-да қыздырғыш жылуалмастырғыш жұмысын өндірістен келген
шық орындайды, шық мөлшері тсағ, температурасы 80 оС. ХСТ-ға
жіберілетін алғашқы су температурасы 30 оС болу қажет.
ПСВ-ның жылулық есебінің мақсаты жылуын беріп салқындаған
шықтың температурасын табу:

t’вк = tвк — Dсвтэц ·(t’св — tсв)Dвк = 80 — 316,3·(30 — 5)315 = 55 оС.

1.3.7. Қазандарға қосымша су дайындайтын газсыздандырғыштың есебі

Есептің мақсаты — газсыздандырғыштағы қысым мөлшерін табу.
Газсыздандырғыштағы қысым қанығу температурасы арқылы табылады, ал
қанығу температурасы газсыздандырылған судың энтальпиясы арқылы
табылады.

7-сурет. Қазандарға қосымша су дайындайтын газсыздандырғыштың
сұлбасы

ХСТ-дан химиялық тұзсыздандырылып шыққан судың температурасы
tпк = 40 оС.
Газсыздандырғыштың материалдық және жылулық баланстарының
теңдеулері арқылы есептеу өткізіледі:

Dд = Dвк + Dпктэц ; Dд·hд = Dвк·С·t’вк + Dпктэц·С·tпк;

(Dвк + Dпктэц)·hд = Dвк·С·t’вк + Dпк·С·tпк;

hд = [Dвк·С·t’вк + Dпктэц·С·tпк] (Dвк + Dпктэц) =

= [315·4,19·55 + 166,7·4,19·40] (315 + 166,7) = 208,7 кДжкг ;

Су мен будың кестелері арқылы, судың энтальпиясы h’д = 208,7 кДжкг
тең кезде, температура мен қысымды табамыз tд = 49,7 оС, Рд = 0,012 МПа.
Бу шығырлы қондырғылардың түрлері бірдей болғандықтан, жылулық
есеп жалғасы бір қондырғыға өткізіледі.

1.3.8. Бу шығырындағы негізгі кеңею құбылысты hs-диаграммасында
салу

Будың алғашқы сипаттамалары (tо = 540 оС және Ро = 12,75 МПа)
арқылы О нүктесін табамыз, 8-сурет. Осы нүктедегі будың энтальпиясы hо =
3444 кДжкг. Жапқыш және реттегіш клапандарындағы қысылу (кедергіден
өту) құбылысы ескеріліп, қысымы Ро’ = Ро·ηдр = 12,75·0,95 = 12,1 МПа тең, О’
нүктесін табамыз.
Будың шығырдың жоғары қысымды бөлшегіндегі (ЧВД) кеңею
құбылысын саламыз. ЧВД-дан шыққан будың қысымы өндіріске бу
алымындағы қысымға тең Рп = 1,275 МПа. Адиабаталық кеңею құбылыстағы
ЧВД-дан соң будың энтальпиясы h’п = 2836 кДжкг.

ЧВД-дағы толық жылу құлама:

Ночвд = hо — h’п = 3444 — 2836 = 608 кДжкг

ЧВД-дағы пайдалы іске асқан жылу құлама:

Нiчвд = Ночвд·ηоiчвд = 608·0,83 = 504 кДжкг

ЧВД-дан шыққан будың негізгі энтальпиясы:

hп = hо — Нiчвд = 3444 — 504 = 2940 кДжкг.

8-сурет. Будың hs-диаграммасында кеңею құбылысы

Энтальпия hп және Рп қысымының қиылысу нүктесімен ЧВД-дағы
кеңею құбылысы бітеді. Осыған ұқсас етіп орташа және төмен қысымды
бөлшектердегі (ЧСД және ЧНД) будың кеңею құбылысы (ПӘК мөлшерлері
есеріліп) салынады: ηоiчсд = 0,83; ηдрчсд = 0,85; ηоiчнд = 0,65; ηдрчнд = 0,6.
Будың hs-диаграммасынан келесі мәліметтер табылады:
h»т = 2552 кДжкг, (Рт = 0,0845 МПа), hк = 2280 кДжкг, (Рк = 0,0035
МПа).
Бу мен судың барлық көрсеткіштері 3-кестеде келтірілген.

1.3.9. Реттелмейтін регенеративті бу алымдарының көрсеткіштерін
анықтау

Әрбір қыздырғыштарда судың қызуы бірдей деп санап жоғары және
төмен қысымды қыздырғыштар тобындағы судың температурасы табылады:

Δhпвд = (hпв — hпн)nпвд , кДжкг;

Δhпнд = (hв4 — hвк)nпнд , кДжкг;

мұндағы hпв — қазанға жіберілетін (ПВД-1-ден соң) қорек судың
энтальпиясы, қорек су температурасы tпв мен қысымы Рпн арқылы табылады,
зауыт мәліметтерімен tпв = 230 оС, сондықтан hпв = hв1 = 994,1 кДжкг.
Қоректендіру сорғысынан (ПН) шыққан судың энтальпиясы:

hпн = hвд + Δhпн = 667,6 + 22,5 = 690,1 кДжкг;

мұндағы газсыздандырғыштан шыққан қысымы Рд = 0,59 МПа қорек
судың энтальпиясы қанығу температурасы арқылы табылады, hвд = 667,6
кДжкг, ал қорек сорғыда судың энтальпиясының жоғарылау мөлшері Δhпн
сорғының ПӘК-і ηнi = 0,85 мен меншікті көлемін υср = 0,0011 м3кг ескеріп,
судың орташа қысымы Рпнср = (Рпн + Рд)2 = (18 + 0,59)2 = 8,7 МПа-ға тең
кезінде:

Δhпн = υср·(Рпн — Рд)·ηнi = 0,0011·(18 — 0,59)·0,85 = 22,5 кДжкг;

ПВД-да судың қызуы:

Δhпвд = (hпв — hпн)nпвд = (994,1 — 690,1)3 = 101,3 кДжкг;

Қорек судың энтальпиясы:

ПВД-3-тен соң hв3 = hпн + Δhпвд = 690,1 + 101,3 = 791,4 кДжкг;

ПВД-2-ден соң hв2 = hв3 + Δhпвд = 791,4 + 101,3 = 892,7 кДжкг;

ПНД-дан соң негізгі шық температурасы газсыздандырғыштың
тұрақты жұмыс атқаруы үшін қысым Рд = 0,59 МПа кезіндегі қанығу
температурасынан tдн мөлшері Δt = 10 40 оС төмен болуын ескеріп
табамыз. Егер tдн = 158,2 оС, ал Δt = 19,2 оС болса, газсыздандырғыш кірісінде
негізгі шықтың температурасы tв4 = 158,2 — 19,2 = 139 оС. ПНД-4
қыздырғыштан соң шық энтальпиясы hв4 = С· tв4 = 4,19·139 = 582,4 кДжкг.
Су мен бу кестелері арқылы бу алымындағы қысым Р4 = 0,39 МПа,
будың шығының энтальпиясы h’4 = 601 кДжкг.

ПНД-1 қыздырғыш алдындағы шық температурасы шықтағыштан
шыққан қысымы Рк = 0,0035 МПа шықтың қанығу температурасына tкн = 26,7
оС және сальник қыздырғышы мен эжектордың салқындатқышындағы

шықтың қызуы ескеріліп Δtсп+оэ = 3,3 оС келесіге тең болады tвк = tкн + Δtсп+оэ =
26,7 + 3,3 = 30 оС. Осы температура арқылы шық энтальпиясы hвк = 125,7
кДжкг тең.
5 және 6 бу алымдарындағы қысым мөлшері:
Р5 = Рво = 0,170 МПа; Р6 = Рно = 0,0845 МПа кезінде, бу шығы (дренаж)
мен негізгі шықтың энтальпиялары:
h’5 = 483 кДжкг, hв5 = 430,2 кДжкг; h’6 = 398 кДжкг, hв5 = 277,9
кДжкг.
7 бу алымындағы қысым мөлшері Р7 = 0,0136 МПа арқылы бу шығы
(дренаж) мен негізгі шықтың энтальпиялары табылады: h’7 = 218 кДжкг және
hв7 = 201 кДжкг.
Табылған мәліметтерді 3-кестеге толтырамыз.

3-кесте. Бу мен судың көрсеткіштері

1.3.10 Желі су қыздырғыштарының есебі

Желі су қыздырғыштарының сүлбесі 9-суретте келтірілген.
1) Төменгі желі су қыздырғышына бу шығысын анықтау
Жылулық баланс теңдеуі
Dсвт·С·(t1 — tом) = Dтно·(h6 — h’6)·ηпсв ;№
Мәліметтер аты
Белгі
Нүктелер

Мәліметтер аты
Белгі
0
0′
1
2
3
Д
4
5
6
7
К
1
Бу алымдағы
қысым, МПа
Pi
12,75
12,1
4,4
2,5
1,27
0,59
0,39
0,169
0,0845
0,0136
0,0035
2
Бу энтальпиясы,
кДжкг
Hi
3444
3444
3200
3076
2940
2940
2762
2644
2552
2378
2280
3
Дренаж
энтальпиясы,
кДжкг
Hдрi

1115
962
810
667,6
601
483
398
218
112
4
Қыздырғыштан
шыққан су
температурасы,
град
Tвi

230

158,2
139
110
90
48
30
5
Қыздырғыштан
шыққан су
энтальпиясы,
кДжкг
Hвi

994
893
791
690,1
582,4
430,2
277,9
201
125,7

9-сурет. Желі су қыздырғыштарының сұлбасы

Жылулық баланс теңдеуінен төменгі желі су қыздырғышына қажетті бу
шығысы анықталады:

Dтно = Dсвт·С·(t1 — tом)(h6 — h’6)·ηпсв = 1700·4,19·(90 — 70)(2552 — 398)·0,98 =
=67,5 тсағ = 18,75 кгс;

2) Жоғарғы желі су қыздырғышына бу шығысын анықтау

Жылулық баланс теңдеуі

Dсвт·С·(t2 — t1) = Dтво·(h5 — h’5)·ηпсв ;

Жылулық баланс теңдеуінен жоғарғы желі су қыздырғышына қажетті
бу шығысы анықталады

Dтво = Dсвт·С·(t2 — t1)(h5 — h’5)·ηпсв =

= 1700·4,19·(110 — 90)(2644 — 483)·0,98 = 67,3 тсағ = 18,68 кгс;

1.4. Түрі Т бу шығырлы ЖЭО жылулық сұлбасының есебінің мысалы

1.4.1. Т-110120-130 бу шығырының жылулық сұлбасының есебін
өткізу шарттары

Жылулық жүктемелер:

жылумен қамтамасыздандыруға Qот = 690 ГДжсағ;

ыстық сумен қамдауға Qгвс = 40 ГДжсағ;

толық жүктеме суммарная нагрузка QТ-100 = 730 ГДжсағ.

Жылумен қамтамасыз ететін жүйе түрі ашық.

Температуралық график 15070 оС.

Химиялық су тазарту (ХСТ) жүйесіне жіберілетін су шықтағыштағы
арнайы құбырларда t = 30 оС температураға дейін қыздырылады. Алғашқы су
температурасы 5 оС.

1.4.2 Т-110120-130 бу турбинасының техникалық сипаттамалары

Турбинаның номиналды қуаты: 110 МВт.
Жылулық бу алымдарының номиналды жүктемесі: 733 ГДжсағ.
Жылулық бу алымдарының максималды жүктемесі: 770 ГДжсағ.
Турбина кірісіндегі бу сипаттамалары
қысым Ро = 12,75 МПа;
температура tо = 555 оС.

4-кесте. Шығырдың регенеративті бу алымдарының көрсеткіштері

Шығырдың төмен қысымды цилиндрындағы (ЦНД) ішкі келтірілген
ПӘК ηцндоі = 0,70.
Шығырдың шықтағышындағы қысым мөлшері Рк = 5,0 кПа.

1.4.3 Жылулық сұлбасындағы сыртқы элементтерінің есебі

1) Тұзсыздалған судың бір блокқа қажетті мөлшері:

Dблхов = 0,02·Dка + 25 = 0,02·500 + 25 = 35 тсағ;

мұнда бу қазанның өнімділігі Dка = 500 тсағ.

2) Жылулық жүйеге қажетті химиялық тазартылған су шығысы

Dтсхов = 0,0075·Vтс + 1,2·Dгв = 0,0075·10725 + 1,2·174 = 290 тсағ; №
Қыздырғыш
Қысым, Мпа
о
Температура, С
1
2
3
4
5
6
7
ПВД-7
ПВД-6
ПВД-5
Газсыздандырғыш
ПНД-4
ПНД-3
ПНД-2
ПНД-1
3,32
2,28
1,22
0,6
0,5
0,3
0,1
0,038
379
337
266
266
190
145

мұнда жылулық желінің көлемі Vтс = q·Qот = 65·165 = 10725 м3,
жылуландыруға арналған бу алымдарының жүктемесі
Qот = 690 ГДжсағ = 165 Гкалсағ;
жылулық желінің меншікті көлемі q = 65 м3Гкалсағ.

Ыстық сумен қамтамасыздандыруға ыстық су шығысы:

Dгвс = Qгв·103(tгв — tхв)·C = 40·103(60 — 5)·4,19 = 174 тсағ

3) ХСТ-ға алғашқы су шығысы

Dв = 1,25· Dтсхов + 1,4·Dблхов = 1,25·290 + 1,4·35 = 411 тсағ.

4) ХСТ-ға алғашқы суды қыздыруға жылу мөлшері

Qв = Dв·С·(tвых — tвх) = 411·4,19·(30 — 5) = 41 ГДжсағ;

5) Шығырдың шықтағышындағы жылу мөлшері

Диафрагма толық жабық кезінде:

Qквент = 184 — 175 = 9 Гкалсағ = 9·4,19 = 38 ГДжсағ;

Желдету бу ағынымен жылудан бөлек қосымша жылу мөлшері:

Q′к = Qв — Qквент = 41 — 38 = 3 ГДжсағ;

Жылумен және ыстық сумен қамтамасыздандыруға жылуландыру бу
алымынан берілетін жылу мөлшері:

Q′от = Qот — Q′к = 733 — 3 = 730 ГДжсағ;
Желі су шығысы:

Dсв = Q′от·103С·(tпм — tом) + Dтсхов = 730·1034,19·(150 — 70) + 290=
= 2468 тсағ;

6) Үрлеу судың кеңейткішінің (РНП) есебі

Бу қазан дағырасындағы (барабандағы) қысым Рб = 15,5 МПа.

Үрлеу судың мөлшері:

Dпр = р·Dка = 0,01·500 = 5 тсағ;

мұнда р = 0,01 — үрлеудің бөлігі;
Dка = 500 тсағ — бу қазанның өнімділігі.
РНП қосылу сүлбесі 4 — суретте келтірілген.

РНП-1 бөлініп шыққан бу мөлшері:

Dс1 = Кс1·Dпр = 0,44·5 = 2,2 тсағ;

мұнда бөлініп шығу еселеушісі:

Кс1 = (hпр·ηс1 — h’пр1)( hс1 — h’пр1) = (1630·0,98 — 670,5)(2757 — 670,5) =
0,44;

мұнда үрлеу судың энтальпиясы hпр дағырадағы қысым Рб = 15,5 МПа
мөлшерімен су мен бу кестелері арқылы табылады, hпр = 1630 кДжкг.
РНП-1 қысымы Рс1 = 0,6 МПа кезінде, қаныққан құрғақ будың
энтальпиясы hс1 = 2757 кДжкг;
h’пр1 = 670,5 кДжкг — үрлеу судың энтальпиясы;

РНП-1 ПӘК мөлшері ηс1 = 0,98.

РНП-1 ден РНП-2 берілетін су мөлшері

D’пр = Dпр — Dс1 = 5 — 2,2 = 2,8 тсағ;

РНП-2 ден бөлініп шыққан бу мөлшері:

Dс2 = Кс1·D’пр = 0,616·2,8 = 2,2 тсағ;

мұнда бөлініп шығу еселеушісі:

Кс2 = (h’пр1·ηс1 — h’пр2)(hс2 — h’пр2) =(670,5·0,98 — 483,2)(2699 — 483,2)=
0,616;

РНП-2 дегі қысым бойынша су мен будың энтальпиялары:

Рс2 = 0,17 МПа, hс2 = 2699 кДжкг; h’пр2 = 483,2 кДжкг; h’пр1 = 670,5 кДжкг.

РНП-2 ден шығатын су мөлшері:

D»пр = D’пр — Dс2 = 2,8 — 0,22 = 2,58 тсағ.

1.4.4 Шығырдағы кеңею құбылысын hs-диаграммада салу

Шығыр кірісіндегі бу сипаттамалары (Ро = 12,75 МПа, tо = 555 оС)
ескеріліп оның энтальпиясы hо = 3488 кДжкг табылады.
Шығырдың регенеративті бу алымдарының сипаттамалары арқылы:

Р1 = 3,32 МПа, t1 = 379 оС; Р2 = 2,28 МПа, t2 = 337 оС;
Р3 = 1,22 МПа, t3 = 266 оС; Рд = 0,6 МПа, tд = 200 оС;
Р4 = 0,52 МПа, t4 = 160 оС; Р5 = 0,32 МПа, t5 = 130 оС;

hs-диаграммада кеңею құбылыста нүктелер табылып, энтальпиялары
5-кестеге толтырылады.
5 нүктеден адиабата Ка нүктеге (қысымы Рк = 5 кПа) түсіріледі де
энтальпия мөлшері hка = 2140 кДжкг табылады.
Төмен қысымды цилиндрдың ПӘК-ін ηцндоі = 0,70 ескеріп,
шықтағышқа берілген бу энтальпиясының мөлшері табылады:

hк = h5 — (h5 — hка)·ηцндоі = 2730 — (2730 — 2140)·0,7 = 2320 кДжкг.

5 және К нүктелерін қосатын сызықта қиылысатын қысымдар Р6 = 0,10
МПа мен Р7 = 0,038 МПа арқылы 6 және 7 нүктелерде энтальпия мөлшерлері
табылады h6 = 2600 кДжкг және h7 = 2520 кДжкг.

10 сурет. hs-диаграммада шығырдағы кеңею құбылысы

1.4.5 Су мен шықтың сипаттамаларын анықтау

Бу алымдардағы қысым мөлшерлері арқылы қанығу температуралар tн
мен шық (дренаж) энтальпиялары hдр табылады.
Қыздырғыштардан шыққан су температуралары tві судың қызбау
мөлшері Δtн арқылы табылады. Судың қызбау мөлшері ПВД … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz