Асқорыту жүйесі 2 слайд,презентация

0

Асқорыту жүйесі 2 слайд,презентация

 

Асқорыту жүйесі

 

Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады. Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру — қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі. 
Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты — дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты — эпителий ұлпасынан түзілген.
Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан — еріндер және уртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады.
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).
Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.
Ауыз қуысына 3 жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Ол көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы — ұзына бойы, екінші тобы — көлденең, үшіншісі — тік бағытта жатады. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!