Асқазанның зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері слайд,презентация

0

Асқазанның зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері слайд,презентация

 

аспаптық зерттеу

 

Гастроскопия
Морфологиялық зерттеу
Ультрадыбыстық зерртеу
Зертханалық зерттеу
Радиотелеметриялық әдіс
Гастроскопия асқазанның кілегей қабатының жағдайы туралы толық мәлімет береді: оның түсі, бетінің  өзгеруі, гастриттің сипаты, орналасқан жері, эрозивтік және ойық жаралық зақымдануы, өспелердің бар жоғы. Гастроскопия әдісін қолдана отырып емдік шаралар өткізіледі: ойық жараға дәрілер енгізіледі, лазер сәулелер ендіріледі, бөтен заттарды  алып  тастауға болады.
Бұл  әдіс өспелердің  қатерлілігін анықтау үшін қолданылады. Гастроскопиялық биопсия кезінде материал бірнеше жерден қайта қайта алынады. Сонымен қатар гистологиялық зерттеулер де қолданылады.
Асқазан  эхографиясын науқастың әр түрлі қалпында  өткізеді. Бұл зерттеу әдісі патологиялық ошақтардың көлемін, орналасқан жерін, науқас асқазанын сумен  толтырғаннан кейін  оның  тонусын,  толқи жиырылуын, эвакуаторлық  қызметін  анықтауға  мүмкіндік  береді.
Ұшына  радиокапсулалар  бекітілген  арнайы  сүңгі  асқазан  мен 12 елі ішек қуысына енгізіледі де, олардан  келетін  сигналдар  тіркеледі. Асқазанның pH көрсеткішін, қозғалыс қызметін, тонусын  анықтайды.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!