Асқазан-ішек жолдарында аурулары бар науқастарды күту және бақылау слайд,презентация
Асқазан-ішек жолдарында аурулары бар науқастарды күту және бақылау слайд,презентация
Қазіргі кезде әртүрлі асқазан ішек жолдары ауруларымен, яғни асқазанның ойық жарасы, созылмалы гастрит, холецистит, панкреатит және т.б ауруларымен ауыратын науқастар ауруханалардың терапевтік және хирургиялық бөлімшелерінде емделушілердің көп бөлігін құрайды.
Іштегі ауырсыну сезімі- асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болады. Асқазанның
немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп,перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді. Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз иістің пайда болуы, іш қату, іш өту жатады.
Ауыз қуысын көрудің үлкен диагностикалық маңызы бар. Ерін мен бетті ішкі жағынан көру үшін оларды саусақтармен, шпательмен немесе арнайы ілмектермен тартады. Тілді көру үшін сырқаттың аузын ашып, тілін шығаруды ұсыну керек.
Асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ, ауыз арқылы еріксіз сыртқа шығуы.
Құсу кезіндегі сырқаттың күтімі:
1Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу.
2 Аяғының арасына леген немесе шелек қою.
3 Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды қойып басын ұстау.
4 Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту.
5 Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.
Құсқаннан кейін сырқат аузын жылы сумен шайғызып, оның ерні мен езулерін сүрту керек. Ауыз қуысын суға немесе калий перманганатының сұйық ерітіндісіне малынған мақтамен сүрту керек.
Көп мөлшерде ішке дәрілік заттарды қолданып уланғанда, сапасы төмен тамақпен және т.б заттармен уланғанда көрсетілетін көмек.
Қимыл әрекеттердің тәртібі:
1 Қажетті жабдықтарды дайындап алу: зонд, шыны және резеңке түтіктер.
2 Науқасқа алжапқыш кигіз, оны отырғызып, қолын орындықтың арқасына қарай қайырып, осы қалыпта орамалмен бекітіңіз.
3 Науқастың бүйір жағынан тұрыңыз.
4 Ауыз кергішті науқастың азу тістерінің арасына енгізіп, басын артқа шалқайтыныз.
5 Науқастың тілінің түбіне вазелин майы жағылған зондтың ұшын салып, науқасқа жұтуды және мұрнымен дем алуды ұсыныңыз.
6 Зондты қажет деңгейге дейін жеткізгеннен кейін оны енгізуді тоқтатыңыз.
7 Оймышты тізе деңгейінде сәл еңкейтіп, оның ішіне 1 л су құйыңыз.
8 Оймышты жәйлап жоғары көтеріңіз.
9 Оймыш ішіндегіні ыдысқа төгіп тастаңыз.
10 Шайынды су тазарғанша қайталаңыз.
11 Жуып болған соң, оймышты алып, зондты асқазаннан шығарып, олардың ішкі және сыртқы жағын жуыңыз.