Әскери саптық дайындық | туралы қазақша

0
10
Advertisement

Саптық дайындық — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды пәндердің бірі. Ол әскери қызметшілерді саптық бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға бағытталған. Саптық дайындық төмендегі бөліктерден тұрады: қарумен және қарусыз орындалатын жеке және саптық дайындық; бөлімшенің (есеп тобы, экипаждар), взводтардың, ротолардың (батереялар), батальондардың (дивизиондар) және бригадалардың жаяу жөне машинамен қозғалысы кезіндегі саптық реттілігі; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауы, сондай-ақ ұрыс алаңындағы әскери қызметшілердің қозғалыс жасау тәсілдері.

Саптық дайындық сабақ кестесінде қарастырылған уақытта өткізіледі. Ол тактикалық дайындық, атыс дайындығы және дене дайындығы сабақтарында, күн сайын өткізілетін қозғалыстар мен сапқа тұру кезінде жетіле түседі.

Орында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс

Орында тұрғандардағы бұрылыстар: “Оң-ҒА!”, “Жарты айналым оң-ҒА!”, “Сол-ҒА!”, “Жарты айналым сол-ҒА!”, “Артқа Бұрыл!” пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бүрылу, жартылай солға бұрылу — сол қол жаққа қарай сол өкшемен жөне оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу, жартылай оңға бұрылу — оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі қимылда орындалады:

  • бірінші қимыл — дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салып бұрылу;
  • екінші қимыл — қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс адыммен немесе жүгіре отырып жасалады.

Адымдай қозғалыс жасау минутына 110-120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 70-80 см.

Жүгіре отырып қозғалыс жасау минутына 165-180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады. Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; қозғалысы кезіндегі; әскери сәлемдесуді орындау кезінде; командирдің (шені үлкен) бөлімшеге нұсқау беруі кезінде, әскери қызметшінің командирге (шені үлкен) баруы және қайтып оралуы, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық дайындық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саптық адыммен — БАС!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым — БАС!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, салмақты орнықтылығын сақтай отырып оң аяққа салу керек; пәрмен берілгенде қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшы жерден 15-20 см жоғары көтеріліп, алға созылады және табанға нық қойылады (1, а-сурет). Қолдармен иықтан бастап дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — иық буынынын, шегіне жеткенше. Саусақтарды жартылай бүгіп, басты тік ұстап, алдыға қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде командирдің (шені үлкен) нұсқауымен, сондай-ақ «ТІК ЖҮР!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Ал саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «ЕРКІН ЖҮР!» пәрмені бойынша жорықтық адымға ауысады.

Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орныңда адым — БАС!» (қозғалыс кезінде: «Орныңда!») пәрмені бо­йынша жүргізіледі. Шынтақты бүгіп денеден алақан еніндей қашыктықта белдіктің үстінде ұстау. Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жүргізіледі, бұл ретте аяқты жерден 15-20 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қояды. Сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «ТУРА!» пәрмені бойынша оң аяқпен орында тұрып тағы да бір адым жасап, қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастайды. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болады.

Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА!» пәрмені беріледі. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов — ТОҚТА!» Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасау керек және саптық тұрысты қабылдау керек. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «КЕҢ АДЬІМ!», «ҚЫСҚА АДЫМ!», «ЖИІ АДЫМ!», «СИРЕК АДЫМ!», » АДЫМ!», «ТОЛЫҚ АДЫМ!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға басқа жаққа ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков, оңға (солға) екі адым — БАС!» Бұл кезде әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым аттау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) — БАС!» Осы пәрмен бойынша әрбір адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, алға (артқа) екі адым басу керек. Оңға, солға және артқа орын ауыстыру кезінде қолмен қозғалыс жасалмайды.

Қозғалыстағы бұрылыстар

Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар: «Оң-Ға!», «Сол-Ға!», «Артқа бұрыла — БАС!» пәрмендері бойынша орындалады. Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға — сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек.

Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі. Жүгіре отырып қозғалу кезіндегі солға және оңға бұрылу қозғалыстағы адымдай жүру кезіндегідей және орында тұрып бұрылыс жасаудағыдай қадаммен, жүгірумен үйлестіріле орындалады. Жүгіріп келе жатқанда артқа бұрылу бір орында сол қол жаққа қарай төрт есепте жүгірумен үйлестіріле жүргізіледі.

#Әскери #саптық #дайындық

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз